29 CMK DTP 1 Осы демалыс күндері Павлодар-Қызылорда автожолында бірнеше резонанстық жол-көлік оқиғалары болды.
07 қыркүйек 13 сағат 47 минутта Сольветка кентінің маңында екі жеңіл автокөлігінің бетпе-бет қақтығысы болды. Салдарынан зардап шеккен үш ересек адам әртүрлі деңгейдегі дене жарақатымен стационарға жатқызылды.
08 қыркүйек 11 сағат 26 минутта Төртқұдық кентінің маңында басқа көлік құралынан озып өту кезінде бір жол талғамайтын көлік үлкен жылдамдықпен қарсы бағыттағы жолаққа шығып, басқа жол талғамайтын көлікпен бетпе-бет соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза тапты, ал зардап шеккен 2 адам әртүрлі деңгейдегі дене жарақатымен стационарға жатқызылды.
08 қыркүйек 22 сағат 08 минутта Ақжол кентінің маңында жеңіл және жүк автокөлігі бетпе-бет қақтығысып, салдарынан екі зардап шегуші адам ауыр дене жарақатымен жан сақтау бөлімшелеріне жатқызылды.
Барлық үш шақыртуға «Қалқаман» ТМҚП жедел ден қою бригадасы қызмет көрсетті. Бригаданың құтқарушылары майысып қалған автокөліктен зардап шеккендерді шығарып алу үшін апаттық-құтқару жабдықтарын қолданды.
Қорытындысында барлық жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң қадағалау қажеттігі туралы еске салып кеткіміз келеді. ЖКО болған жағдайда апаттық-құтқару және жедел медициналық көмек көрсету үшін «112» тегін телефон нөмірі бойынша Біртұтас кезекші-диспетчерлік қызметке хабарлау қажет. Жолдарда сақ және ұқыпты болыңыздар, өз өміріңіз бен жолаушылардың өміріне қауіп төндірмеңіздер.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы
орталығы» ММ Павлодар облысы бойынша
филиалының басшысының м.а. –дәрігер
И.Колесниченко