23 CMK 1 2019 жылдың 13 қыркүйегінде Қарағанды қ. № 9 ӨСБ аумағында «Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне» арналған Қарағанды облысы өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің кезекші қарауылдары арасында «Үздік қарауыл» атағына облыстық байқау-конкурсы өткізілді.
Жоғарыда көрсетілген байқаудың мақсаты мен міндеттері: бөлімшелердің кезекші қарауылдары жеке құрамының дайындығын және кәсіби деңгейін арттыру.
23 CMK 2 Гарнизонның өрт сөндіру бөлімдерінде кезекші қарауылдар жеке құрамының өрт сөндіру-құтқару дайындығы бойынша сабақтар өткізу және нормативтерді пысықтау сапасын тексеру.
Конкурсқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және қауіпсіздік техникасын сақтамаған кезде кейбір нормативтерді орындау әр түрлі жарақаттар алумен байланысты болғандықтан, Қазақстан Республикасы ТЖК ІІМ «АМО» ММ Қарағанды облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімі жіберілді. Дәрігері А. Ковриков жарысқа қатысушылар мен төрешілер алқасын жаттығу мұнарасының тікелей жанында орналасқан жедел жәрдем көлігіне жеткізді.
Қатысушы командалар жеке құрамның жоғары дайындығы мен кәсіби деңгейін көрсетті. Зардап шеккендер жоқ.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Қарағанды облысы бойынша филиалы