26 CMK KAZSPAS 1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонында өткен «Қазқұтқару-2019» халықаралық жиын - семинары аяқталды.
10 күн бойы созылған жарысқа республикамыздың барлық өңірлерінен командалар қатысты.
26 CMK KAZSPAS 2 Апаттар медицинасы жасағының жиын-семинарына қатысу Апаттар медицинасы орталығы медицина қызметкерлерінің медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға даярлығын тексеру болып табылды.
АМО-ның құрылымдары үшін жиын-семинардың басты мақсаты - Апаттар медицинасы жасағының жұмысын жетілдіру, апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің біліктілігін, кәсіби деңгейін, жеделдігін және командалық жұмысын арттыру.
АМО-ның күштерімен КАМАЗ базасындағы операция жасайтын мобильді диагностикалық кешен іске қосылды, онда медициналық көмек алу үшін қаралған адамдарға және жиынның жарыс кезеңдерінде шартты түрде зардап шеккендерге медицналық көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін медициналық бөлімшелері бар. Айта кету керек, мобильдік диагностикалық кешенге зертхана, рентген кабинеті, операциялық және 4 зардап шеккенге арналған қарқынды терапия палатасы кіреді.
Іс-шараларды өткізу кезінде барлығы 144 авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апатар медицинасы орталығы » ММ