Қызмет бағыты, міндеттері мен функциялары

«Селденқорғау құрылыс» РМҚК қызметі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Селденқорғау құрылыс» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы № 1538 «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың жекелеген мәселелері» қаулысына сәйкес құрылды.
Кәсіпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі болып табылады.Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік меншік құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті орындайды.Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті болып табылады. Кәсіпорын өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Жарғыны басшылыққа алады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты су тасқыны, көшкін, жер сілкінісі, басқа да дүлей зілзалалардан төтенше жағдайлар кезінде арнайы жұмыстарды орындау. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) құрылыс және сел тоқтатып, көшкіннен қорғайтын, жаға беріктейтін және басқа да ғимараттарды жөндеуге байланысты маманданған құрылыс монтаждау жұмыстарын атқару;
2) сел мен көшкінге қауіпті учаскелерде көшеттер отырғызу және орман ағаштарын ұстау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
3) міндетті тапсырмаларды орындау мақсатында арнайы белгіленген учаскелерге ағаш-бұта тұқымдары мен гүл өсімдіктерін өсіру:
4) Кәсіпорынның негізгі міндетін жүзеге асыруға қажетті автокөлікті, өз меншігіндегі техникалық парктің жол-құрылыс машиналарын уақытында сапалы жөндеуді орындайтын гараж-техникалық қызметті ұйымдастыру;
5) апатты жағдайларды болдырмау мақсатында құрылыс-жөндеу жұмыстары мен пайдалану шараларын жүзеге асыру;
6) төтенше техногендік сипаттағы объектілерге қызмет көрсетуге арналған өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, автомобиль жолдарының және жол тораптарының басқа объектілерінің құрылысы бойынша жұмыстарды өндіру;