Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 58 мекен-жайы бойынша орналасқан Орталық теміржол ауруханасы ТМД теңдесі жоқ заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қолдана отырып көру органдарына операциялар жасайды! Көру мәселелерін бүгіннің өзінде тиімді және ауыртпай шешуге болады.  Қарағанды теміржол ауруханасында мемлекеттік тапсырыс аясында, тәжірибелі травматологтармен жамбастың ұршығына және тізе буынын эндопротездеу бойынша жоғарытехнологиялық операциялар жасалады. Кеңес алу үшін: 8 (7212) 93-35-81, 93-36-37, 93-14-91 телефондары арқылы хабарласа аласыздар.

Қызмет бағыты, міндеттері мен функциялары

«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» ЖШС

sdadwd12388833      «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» ЖШС, «Көліктің медицина қызметі» АҚ, «Орталық жол ауруханасы» АҚ және «Университет клиникасы» АҚ біріктіруді және қайта құруды қарастыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы акционерлік қоғамдардың кейбір мәселелері туралы» № 1642 қаулыcына сәйкес құрылды. sdadwd12388833_16      «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ, «Қазақстан темiржолы»республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның қарауындағы жекелеген ведомство аралық бағыныстағы заңды тұлғалардық айта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегі № 1025 қаулысына сәйкес «Қазақстан темір жолы» РМК ведомстволық темір жол ауруханалары негізінде құрылған «Көліктің медицина қызметі» АҚ-ның мұрагері болып табылады.
     «Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 543 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне «Көліктің медицина қызметі» АҚ, «Орталық жол ауруханасы» АҚ және «Университет клиникасы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (қатысу үлестерін) жүз пайыз иелену және пайдалану құқығы берілді.
sdadwd12388833_1      Қазіргі уақытта госпитальдар құрылымында 16 филиал бар. «АМТГ» АҚ бойынша төсек-орын қуаты 1902 орынды құрайды, оның ішінде күндізгі стационар – 380, тәуілік бойғы стационар – 1522 төсек-орын (хирургиялық – 652, терапиялық - 870). sdadwd12388833_14     
   Әр филиал құрамында аурухана, емхана, фельдшерлік пункттер, медициналық пункттер, сауықтыру пункттері, рейс алдындағы және ауысым алдындағы медициналық тексеру жүргізетін пункттері, қосымша бөлімшелері бар емдеу-диагностикалық кешен болып табылады. Бұл компанияға өз қызметін еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы жағдай акционерлік қоғамды басқа медициналық ұйымдардан ерекшелендіріп тұрады, олардың көбісі бір облыстың немесе аймақтың шегінде жұмыс істейді. Айта кетерлігі кең көлемде қамтылуды сақтандыру компаниялары, корпоративті клиенттер және басқа да медициналық қызметті тұтынушылар қолдана алады.
     Қоғамда 4935 адам жұмыс істейді, 31 мамандық бойынша медициналық қызмет көрсететін 3358 медициналық қызметкер жұмыс істейді, олардың 715 дәрігер, 1953 орта медициналық, 690 кіші медициналық қызметкерлер.
     Қоғамның филиалдары күрделі процедуралар, сонымен қатар абдоминальды хирургия, ринохирургия, гинекология салаларында «қан шығармай» операция жасауға мүмкіндік беретін заманауи емдеу-диагностикалық техникамен жабдықталған. Қазіргі уақытта таяу және алыс шет елдердің озық ғылыми-медициналық орталықтарынан кеңес алуға, семинарлар, конференциялар, медициналық қызметкерлер үшін оқыту курстарын өткізуге мүмкіндік беретін телемедициналық технологиялар енгізілуде. Барлық филиалдарда эндобейнехирургиялық технологиялар енгізілді. Қарағанды филиалында сирек кездесетін буындарды эндопротездеу және торакоабдоминалды операциялар жасалады. Көкшетаудың галотерапия бөлімінде және Павлодар филиалының фитокабинетінде тыныс жолдары жүйесінің ауруларынанан сауығуға және созылмалы аурулардан айығуға жәрдем көрсетіледі. Барлық филиалдарда күнделікті емдеу-диагностикалық тәжірибеге иммуноферментті диагностика (гормональды спектрлі зерттеу, бактериологиялық және басқа зерттеулер), неврология, гинекология, кардиология, хирургия, травматологияда тексеру мен емдеудің жаңа әдістері енгізілуде.
riosndnnddn_3     2011 жылы Қоғамның бас филиалы – «Астана қаласының Орталық жол ауруханасы» жаңа медициналық қондырғылардың толық кешенімен және озық медициналық технологиялармен жабдықталды, олар мыналар: құрсақ қуысындағы ағзаларға жоспарлы және шұғыл эндоскопиялық операциялар жасауға арналаған шағынинвазивті хирургиялық араласулар үшін қажет бейнеэндоскопиялық кешен жиынтығы (лапароскопиялық хирургияға қажетті құрал-жабдықтар). Кешен заманауи әдістемелік деңгейде эндоскопиялық операциялар жасауға және жаңа хирургиялық операциялар мен қажетті құралдарды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл қондырғыны тәжірибеде қолданушағынинвазивті хирургиядажоғары сапаға қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде пациенттерді операциядан кейінгі кезеңдесауықтыру мерзімін азайтады. riosndnnddn Шағынинвазивті хирургиялық араласулар үшін қажет Richard Wolf GmbH бейнеэндоскопиялық кешен жиынтығы (нейрохирургиялық тұғыр)әр түрлі жоспарлы және шұғыл эндоскопиялық нейрохирургиялық операциялар жасауғаарналған. Көрсету сапасы жоғары заманауи экранмен, жаңа үлгідегі бейнекамерамен, заманауи бейнежазу құралымен жабдықталған, операцияны архивациялау мүмкінідігі бар.
     Операциялық эндоскопиялық құрал-жабдықтарды ұқыпты әдіспен өңдеу және дезинфекциялауға арналған эндоскоптарды автоматты түрде жуғыш, бұл осы құралдардың қызмет ету мерзімін ұзартады. Құрал-жабдықтарды қолмен жуу және өңдеуді талап етпейтін заманауи автоматты жуу құралы болып табылады. riosndnnddn_2      Sonoca 400+MBC601 Soeringультрадыбысты диссектор және жоғары жиіліктегі хирургиялық аппарат (мультихирургиялық блок)тіндерді молекулярлы деңгейде ультрадыбыспен кесіп пациенттерге қан шығармай және аз жарақаттандыратынкосметикалық әсері жоғары операциялар жасауға, операцияның жаңа көлемін енгізуге мүмкіндік береді. Аргонды-плазмалық коагуляцияны қолдану ойық жаралы гастродуоденалды қан кететін науқастарды емдеу нәтижесін жақсартуға мүмкіндік береді. Өзінің қаупісіздігі және тиімділігі жағынан теңдесі жоқ құрал болып есептеледі. Профессор А.С. Хохлованың (Санкт-Петербург) қатысуымен өткізілген мастер-класс барысында осы аппараттың мүмкінідіктері шексіз екендігіне көз жеткіздік. Операциядан кейін жарақат тез жазылады, сәйкесінше пациентті сауықтыру мерзімі де қысқарады. riosndnnddn_4      Қазіргі заманғы офтольмологияда озық бағыт болып есептелетін көз жанарын лазермен коррекциялауғақажет эксимер лазерлі MEL 80 Carl Zeissаппараты. Қазақстанда осыған ұқсас екі аппарат бар, бірақ біздегі модель ТМД елдерінің басқа клиникаларында бар модельдерден деңгейі жоғары. Сонымен қатар оған қосымшаAtlas кератотопографының жәнеҚазақстанда жалғызEvoution Moria 3 микрокератомының жаңа моделі қосымша алынды. Бұл аппаратпен жасалған операция жоғарытехнолгиялы және пациент үшін жайлы болып табылады, өйткені қысқа мерзім ішінде көзілдіріксіз және көру линзаларынсыз қысқа мерзімде көздің жітілігін қалпына келтіреді.
riosndnnddn_1      Evoution Moria 3 микрокератомының көмегі арқылықарашықтың бетіндегі жұқа қабыршақтың кесілген жері түзу қалыптасады, бұл операциядан кейінгі кезеңде өтемаңызды, өйткені қарашықтың бетіндегі жұқа қабыршақтың жарасы тез жазылады, ол қалыпты өмірге ерте оралуға мүмкіндік береді.
     Carl Zeiss (CRS MASTER+WASCA Analizer) кератотопографыжанардың жітілігіне эксимерлазерлі коррекция жасамай тұрып тексеру жүргізуге арналған. Ол көздің оптикалық сипаттамасын толық талдауға мүмкіндік береді. Аберрометрия және топография сияқты диагностикалау әдістерінің үйлесімділігі индивидуализацияланған абляция үшін маңызды тетіктердің назардан тыс қалмауына толық сенімді болуға мүмкіндік береді. sdadwd12388833_3      VISALIS 100 Carl Zeissфакоэмульсифакторы катарактыны шағын тілік (2.0-3.5 мм) арқылы жарақатқа шов салмай ақ экстракциялауға мүмкіндік береді. Хрусталиктің ядросы ультрадыбыстың қуатының көмегімен бұзылады. Осы қондырғыны қолдану офтальмологтарға бұлыңғыр хрусталикті алып тастап Еуропа стандарттарына сай интраокулярлы линзаларды импалнтация жасауға мүмкіндік береді.
     Frastema Visus 2 P офтальмологтың жұмыс орыны. Бұл кешен офтальмологиялық паталогиясы бар пациенттерді алғаш тексеруге арналған. Бүгінгі күні бұл Еуропа клиникаларында қолданылып жүрген заманауи офтолмологиялық диагностикалық қондырғы. Бұл қондырғыны қолдану көру ағзасының нақты параметрлерін алуға мүмкіндік береді.
sdadwd12388833_13      Жалпы хирургия және урогинекологияға арналған аксессуарлары бар мамандандырылған хирургиялық Merivaara Corp Practico операциялық үстелі, жалпы хирургия және травматологияға арналған аксессуарлары бар мамандандырылған хирургиялық Merivaara Corp 1650 модельді операциялық үстелі, офтальмохирургия және нейрохирургияға арналған аксессуарлары бар мамандандырылған хирургиялық Merivaara Corp Practico операциялық үстелі - жалпы хирургиялық, урогинекологиялық, травматологиялық, нейрохирургиялық және офтальмохирургиялық әмбебап операциялық үстелдері.
     2009 жылы Қостанай филиалының клиникалық-диагностикалық орталығының жаңа корпусы іске қосылды, Семей филиалында төсек орын көбейтілді, Алматы қаласындағы филиал базасында, құрамында бала бақша, емхана және емдеу-сауықтыру орталығы бар Балалар денсаулығы орталығын құру жобасы жүзеге асырыла бастады. Қоғам филиалдарының хирургиялық және емханалық корпустары жөндеуден өтті, медициналық құралдар мен медициналық жиһаздар сатып алынды, қолда бар құралдарға жөндеу жүргізілді, медициналық қызметкерлердің біліктіліктері жоғарылатылды. sdadwd12388833_17      Қоғам құрамында 2009 жылдан бастап Алматы қаласындағы оқу-клиникалық орталығы жұмыс істейді,оның міндеттеріне төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысатын барлық қызметтердің медициналық және медициналық емес қызметкерлерін тәжірибелік машықтандыру және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін үйрету кіреді.
sdadwd12388833_9      Бұндай Орталық құру қажеттілігі төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсетпеу немесе уақытылы көрсетпеу нәтижесінде өлім санының көбеюінен туындаған болатын.
   Орталықта оқыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: заманауи оқыту материалдарымен, жүрек-өкпе реанимациясы, судан құтқару, әр түрлі дәрежедегі жарақаттар мен қан кетудегі көмекке машықтандыруға арналған  әмбебап манекендермен жабдықталған сыныптармен, кең жолақты интернетпен бар. Интерактивті оқытуға арналған мультимедиялық құралдармен жабдықталған конференц-зал бар. Тәжірибелік машықтану Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сәйкес муляждарда, тренажерларда және күрт төмен жағдайдың электронды симуляторларымен жүргізіледі.
     Орталық ашылған сәттен «Төтенше жағдайлар мен апаттардағы медицина» мамандығы бойынша дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ұйымдастырылды. Орталықта дайындықтан өткен тұлғалар курсты аяқтаған соң парамедиктің куәлігін алады. sdadwd12388833_8      Соңғы жылдары біздер орталық аппарат пен филиалдарда компанияны басқару мен менеджменттің құрылымын оңтайландыру жөнінде жұмыстар жүргіздік. Қолданыстағы телекоммуникациялық мүмкіндіктердің барлығы тиімді қолданылуда. Апта сайын бейнеконференц байланысы бойынша селекторлық жиналыстар жүргізіледі, бас кеңсе мен филиалдар арасында электронды құжаттар айналымы жүйесі жұмыс істейді, филиалдар мен олардың көрсететін қызметтері туралы ақпараттар орналастырылған веб-портал қызмет етеді, сондай ақ қалаған сұрақтарын қойып қажетті ақпараттар алуға мүмкіндік беретін тікелей байланыс айдары жұмыс істейді.
sdadwd12388833_10      «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның барлық филиалдары аймақтық денсаулық сақтау жүйелеріне кірігіп кетті десе де болады. Бұған біздің филиалдардың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен аккредиттелуі дәлел бола алады. Бұл акционерлік қоғамға өз кезегінде Қазақстан Республикасының аймағына 2010 жылғы қаңтарда енгізілген Денсаулық сақтаудың ұлттық бірыңғай жүйесі шеңберінде медициналық жәрдемнің кепілді көлемі бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Осыған орай тұрғындар тұрғылықты жеріне қарамастан, медициналық ұйым мен дәрігерді еркін таңдау құқығын қолдана отырып медициналық жәрдемнің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін біздің қызметімізге қол жеткізеді. sdadwd12388833_11      Белгілі болғандай біздің мамандар темір жолдағы ТЖ жоюды медицинамен қамтамасыз етуге табысты қол жеткізуде. Бұл үшін жеке медициналық құрылымдар жасақталған және олар өздерін жақсы жағынан танытып үлгерді. Еске алар болсақ 1986 жылғы Алматы-2 стансасында болған газ толы цистернаның жарылуы, 1987 жылғы Түлкібас стансасындағы жолаушылар пойызының жолдан шығып кетуі, 2001 жылғы Ақсу стансасында болған жолаушылар пойызының маневрлік тепловозбен соғылуы, 2007 жылғы Ағадыр стансасында орын алған жолаушылар пойызының қар тазалаушы пойызбен соғылуы.
sdadwd12388833_12      «Нұр Отан» Халықтық – демократиялық партиясының бастамасымен ҚР ТЖМ«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп емдеу-диагностикалық пойыздарын құру жобасын іске асырды. Жобаны жүзеге асыру 2010 жылы «Денсаулық» емдеу-диагностикалық пойызын іске қосудан бастау алды.
     2011 жылдың басында «Жәрдем» екінші медициналық пойызы өз жұмысын бастады.
   2011 жылғы қыркүйек айында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында берген тапсырманы орындауда және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Саламатты Қазақстан» үшінші медициналық пойызы жолға шықты. sdadwd12388833_4 Жобаның негізгі мақсаты мен міндеттері:еліміздің шалғай аймақтарының тұрғындарына медициналық жәрдемді қол жетерліктей ету және ірі көлемдегі төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ 2009 жылдан бастап 1998 жылы құрылған ТМД мемлекеттер достастығы темір жол әкімшіліктері Басшыларының бастамасы бойынша, тәуелсіз мемлекеттер достастығы темір жол әкімшіліктерінің өзара әрекет ету жөніндегі Комиссиясының тұрақты мүшесі болып табылады.
sdadwd12388833_2      2010 жылғы қыркүйекте Ақмола облысының Бурабай кентіндетемір жол әкімшіліктерінің денсаулық сақтау саласындағы өзара әрекеттесу жөніндегі Комиссиясының 29 отырысы өтті. Комиссияның отырысына Қазақстан Республикасының, Әзірбайжан Республикасының, Ресей Федерациясының, Украина Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Беларусия Республикасының, Тәжікстан Республикасының теміржол көлігінде денсаулық сақтауды басқару органдарының басшылары қатысты. sdadwd12388833_7      Комиссияның отырысындаҚР ТЖМ «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ темір жол көліктері қызметкерлерін медицинамен қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне, кедендік одақ жағдайында темір жол көліктері нысандарын санитарлық-індеттік қадағалаумен қамтамасыз етуге, Достастыққа мүше мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерінің Достастыққа мүше мемлекеттердің темір жолдағы төтенше жағдайларды ескертту және медициналық-санитарлық зардаптарын жоюдағы әрекеттестік регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты мәселелер қарастырылды.
     Соңында Достастыққа мүше мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерінің өкілдері- Комиссия мүшелерімен Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылды.
     Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ-мен бірлесіп Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерінің денсаулық сақтау саласындағы өзара әрекеттесу жөніндегі Комиссиясының 29 отырысы шеңберіндетактикалық-арнайы оқу жаттығуларын өткізді.
     Оқу жаттығулары барысында«Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚжәне ҚР ТЖМ кәсіби авариядан-құтқару қызметтері мен құрылымдары техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда әрекет етуде жоғары кәсіби дайындықтарын көрсете білді, штаттан тыс жағдайларда әрекеттерін келістіру және ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсетті. Оқу-жаттығуларының өткізілуі және оның нәтижелері ТМД елдерінен оқу-жаттығуларына қатысып бақылаушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.Біздің тағы бір ерекшелігіміз. Госпитальдардың кадрлық құрамы негізінде қазіргі уақытта түз госпитальдары құрамында төтенше жағдайлар аумағында жұмыс істейтін медициналық құрылымдар құрылуда. Олар ТЖ болған жағдайда медициналық тұғырнама болып табылады. Мамандар ТЖМ – «Казәуеқұтқару» РМК-ның құтқару бөлімшелерімен, аймақтық аэромобильді құтқару отрядымен бірге әрекет етеді.
     Осылай қалыптастырылған «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның медициналық ұйымдар жүйесі ТМД елдері аумағында теңдесі жоқ болып есептеледі, өйткені бұл ұйымдар тұрғындарға күнделікті медициналық қызмет көрсететін азаматтық клиникалар жүйесі ретінде және төтенше жағдайларда апаттар медицинасының госпитальдары ретінде тиімді қызмет көрсетеді.