Құрылу тарихы

Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институтының даму тарихы
Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институтының даму тарихы КСРО ІІМ 15 қазан 1957 жылғы №0580 бұйрығы және КСРО ІІМ әскери өрттен қорғау өрт-сынама станциясы (ӨСС) туралы жарияланған ережелер негізінде құрылған алғашқы Қазақ КСР ІІМ УО өрт-сынама станциясының ұйымдасуымен басталды. Өрт-техникалық станция алғашында қаланың Октябрьский ауданындағы Красногвардейский тракт көшесіндегі Алматы қалалық ДӘӨБ-4 ҚӨН ІІБ мекекмесінде орналастырылды, ал оның бірінші бастығы және ұйымдастырушысы Совет Одағының Батыры подполковник Блинов Павел Федорович болды. Оның басшылығымен алғаш рет ұшақтарда өрттің даму заңдылығын анықтау бойынша заттай өрт сынамалары жүргізілді.
ӨСС ұйымдасу және қалыптасу кезеңінде инженер-капитан Соловьев Владимир Иванович, майор Розин Михаил Давыдович, инженер-майор Киреев В.В. сияқты мамандар және өз ісінің энтузиасттері басқарды.
ist_blinov ist_solovev ist_kireev ist_vasyutinskii
Басшылар станцияны өрт ғылымы мен іс-тәжірибе алдында тұрған ең қиын тапсырмаларды шешуге қабілетті мамандарды оқыту және даярлау жеке құрамымен толықтыруға ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде станцияның зертхана базасы дами бастады, зерттеу құрылғылары өңделді және сатып алынды, жылжымалы өрт зертханасы құрылды. Станция мамандарын даярлаудың жоғарғы деңгейін оларды Қазақ ССР (Алматы облысындағы "Ала-Тау" шұға фирмасындағы, Семей облысындағы элеватордағы және басқа да өрт сияқты) орын алған ірі және күрделі өртті зерттеу және экспертиза жүргізуге қатыстыру қамтамасыз етті. Бұл уақытта зерттеу және сынама нәтижелері бойынша нәтижелерді жалпылауыш ақпараттық жинақтар мен жазбалардың жаппай тираждарын шығаратын станцияның белсенді баспа жұмысы басталды.
Келер жылдарда экономиканың дамуымен елімізде өртті зерттеу және сынақ жүргізу бойынша ғылыми-техникалық базаны әрі қарай дамыту және жетілдіру қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты 1969 жылы өрт-сынама станциясы КСРО ішкі істер министрі ішкі қызмет генерал-полковнигі Щелокова Н.С. бұйрығымен Қазақ ССР ІІМ УПО өрт-техникалық станциясына өзгерді, қызметкерлердің штаттық құрамы да артты.
ist_kasymbekov ist_goncharov ist_volkov ist_smirnov
ПТС қызметкерлерімен әрқашан Қазақ КСР аумағында ірі және сипатты өрттің шығу себебін зерттеумен байланысты мәліметтерді жинақтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл кезеңде еліміздің халық шаруашылығы нысандарында металл және ағаштан жасалған құрылыс конструкцияларының өртке төзімділік шегін жоғарылататын күп болып кебетін бояулар өңделді, полимерлі материалдар мен электр кабельдеріне арналған өрттен қорғайтын жабындар жасау бойынша жұмыстар жүргізілді. Станция мамандары бұл зерттемелерді зерттеу және халық шаруашылығы нысандарына енгізуде өте белсенді қатысады. Бұл кезде ӨСС Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, өнертапқыш, ішкі істер майоры Касымбеков Стахан Калиевич басқарды.
1980 жылы КСРО ішкі істер Министрі бұйрығымен жүргізілген зерттеу және сынама жұмыстарын әрі қарай жетілдіру және жақсарту мақсатында Қазақ КСР ІІМ әскери өрттен қорғау өрт-техникалық станциясы өрт-сынама зертханасына өзгереді, оған жүктелген міндеттер шоғыры да кеңейтіледі: өртке қарсы талап нормалары мен ережелерін негіздеу үшін қажет мәліметтерді жинақтау және қорларды жүйелеу мақсатында өртті зерттеу; өрттің себептерін анықтау; оларды өшіру құралдарын, әдістері мен тәсілдерін жетілдіру; өндірістің технологиялық процестерінде өрт қаупін төмендету бойынша ұсыныстар жасау.
1981-1990ж.ж. кезеңінде (ӨСЗ бастықтары Гончаров С. Л., Волков В.П., Смирнов В. Ю.) зертхананың зерттеу базасы мен ғылыми потенциалының дамуы мен нығаюы жалғасады, салдары ӨСЗ базасында КСРО ІІМ ЖҒЗИӨҚ Арнайы ғылыми-зерттеу зертханасы түріндегі КСРО ІІМ Жалпыодақтық өрттен қорғау ғылыми-зерттеу институты бөлімшесін құру болып табылды, нәтижесінде Қазақстан Республикасы ІІМ өрт қауіпсіздігі Арнайы ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды. Бұл құрылым азиаттық аумақтың климаттық және сейсмикалық ерекшеліктерін есепке алғанда халық шаруашылығы нысандарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидатын әзірлеу қажеттілігіне мәжбүр болды. Құрылыс конструкциялары, электр кабельдері және жылуды оқшаулайтын материал үлгілеріне өрт сынамасын жүргізу үшін 1981 жылы Қазақ ССР ғылым Академиясының ықпалымен өрт сынама полигоны құрылды. Полигон бастығы болып ішкі істер лейтенанты Шамсутдинов М.Г. тағайындалды. Қазақ КСР ғылым Академиясы химия ғылымдары Институтымен жұмыс бастамаларында полигон нысаны құрылысы басталды.

 

ist_pilipenko ist_struchkov ist_tlesov ist_danaev
Зертхана қызметінің маңызды кезеңі 1990-1997жж. болды (басшылар Пилипенко Анатолий Иванович, Стручков Валерий Васильевич). КСРО ІІМ 25 желтоқсан 1990 жылғы № 484 бұйрығына сәйкес азиаттық аумақта климаттық және сейсмикалық ерекшеліктерін есепке алғанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптерін әзірлеу, қолданыстағы конструкциялардың өртке төзімділігін бағалау сұрақтарын шешу бойынша ғылыми базаны кеңейту мақсатында КСРО ІІМ ЖҒЗИӨҚ Арнайы ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды. Сол кезде «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздік ережесі. 08-97 ҚР ӨҚЕ негізгі талаптары», «Қазақстан Республикасы нан пісіру макарон өнеркәсібінде астықты сақтау және қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздік ережесі» және басқа да маңызды нормативті құжаттар жасалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 сәуір 1999 жылғы № 482 «төтенше жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасы агенттігіне қарасты жеек ұйымдар туралы» Қаулысына сәйкес «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды. Орталық штатын елу адамнан астам және оның ішінде өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандар, химиктер құрады.
ist_ermuhambetov ist_nakisbekov ist_montaev ist_zapopadko
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 қаңтар 2005 жылғы № 53 «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігінің кейбір мәселелері» Қаулысымен Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасы Агенттігі «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» РМК болып қайта құрылды.
Бұл кезде Ғылыми-зерттеу орталығы базасында заттар, материалдар мен дайын өнім бұйымдарын өрт қауіпсіздігіне сертификатты сынама жүргізе бастауға мүмкіндік беретін зертханалық база дамыды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы территориясында радиациялы жағдайды бақылау және құрылыс бойынша іздестіру-жоба жұмыстарын жүргізуде орталық қызметін кеңейту мүмкін болды.
ҚР Үкіметінің 23 тамыз 2011 жылғы № 941 Қаулысымен «ӨҚ және АҚ АҒЗО» РМК, Қазақстан Республикасы ТЖМ «өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» Акционерлік қоғамына өзгертілді.
Мемлекеттік тапсырыстарға сәйкес Орталық мамандарымен өрт қауіпсіздігі саласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарын жасау басталды. Қалыпты шығармашылық жұмыстар біздің қызметімізде маңызды бөлім болып табылды. 2000-2015 жылдар аралығында өрт қауіпсіздігі саласында Қазақстан Республикасының 98-нен астам ұлттық стандарттары мен төрт техникалық регламент жасалды және Қазақстан Республикасы индустрия және сауда Министрлігі техникалық реттеу және метрология Комитетімен бекітілді.
Институт қызметінің басым бағыты болып табылады: өндіріс технологиялық процестерінің өрт қаупін зерттеу және оның азаюы бойынша іс-шаралар жүргізу, зат, материал және бұйымдардың өртке қауіпті көрсеткіштерін зерттеу, өрттен қорғайтын жабындардың өртке төзімділігін зерттеу, өрт сөндіргіш құрамдар мен оларды жіберетін құралдарды зерттеу, мұнайқұйғыштардағы өрт кезінде зерттеу жүргізу және жылу қуатын тарату заңдылығын орнату, нақты өрт жағдайында құрылыс конструкцияларын жүргізу заңдылығын зерттеу және есептеу әдістерін жасау, автомобиль көліктерінің өртке қаупін зерттеу.
2010 және 2011 жылдары Ғылыми орталықпен, ҚР ТЖМ өрке қарсы қызмет Комитетімен, Атырау және Маңғыстау ТЖ Департаменттерімен бірге алғаш рет жалынды көмірсутектің жалын алауынан түсетін жылу ағымдарын анықтау бойынша ірі ауқымды өрт сынамасы жүргізілді. Осындай іс-шаралардың күрделілігі мен ауқымдылығын қоса алғанда, сонымен қатар нақты өртке жуық жағдайда кешенді өрт-тактикалық оқыту жүргізілді.
2011 жылы Ғылыми орталықпен алғаш рет «ТЖ алдын алу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде зерттеулер басталды. 2011-2015 жылдар аралығында «Қазақстан республикасы мұнай-газ саласындағы объекттерде өрт қауіпін бағалау және басқару бойынша зерттеу жүргізу», «Қазақстан Республикасы өрт қауіпсіздігін ғылыми-техникалық жобалау жүйесін әзірлеу және зерттеу жүргізу», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің ғылыми-негізделген нормативтік сандарын әзірлеу» ҒЗЖ тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.

ist_djumagaliev

Редакциялық-баспа қызметі белсенді жүргізілді. 2008-2015 жылдар аралығында техногенді және табиғи сипатты ТЖ алдын алу және жою аясында 85-тен астам ғылыми еңбек дайындалды және жарияланды.
2015 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды даму бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» сынақ базасын жабдықтау» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.