Кәсіпорын туралы

ОРТАЛЫҚ ТАРИХЫ
1959 жылы қарашада жергілікті әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ЖӘШҚҚ) курстарының құрылуын, орналастырылуын және басшылығын жүргізуді олардың ең бірінші басшысы полковник Жуанғаров Анияр Сарманұлы қолына алды.
1961 жылдың 15 шілдесінде ЖӘШҚҚ жүйесінің орнына барлық жерде Азаматтық қорғаныс (АҚ) штабтарының жүйесі енгізілді, ал сол жылдың желтоқсан айында АҚ Республикалық курстары болып қайта құрылды. Ол кезеңдегі басшылық құрамды оқытудың бағдарламасы, қалыптасқан халықаралық жағдайдың талаптарына сай, АҚ басшыларын, АҚ штаб бастықтарын, АҚ ұйымдастыру бойынша басқа да басқарушы құрам тұлғаларын, министрліктерді, облыс, аудан, қала ведомстваларын қалыптасқан халықаралық жағдайлардың талаптарына сәйкес, іс - әрекетке қайта дайындауға бейімделген болатын.
Бұл кезеңде курстарда АҚ жөніндегі тәжірибелі мамандар- полковниктер – Грайпель Борис Семенович, Луки Игорь Леонидович және Мешко Анатолий Константинович басшылық етті. Оқытушы офицерлер құрамы және курстардың барлық қызметкерлерімен оқудың материалдық базасы құрылды және жетілдірілді, қолданыстағы диарамаларды өз қолдарымен жасады, әзірленіп, Әдістемелік кеңесте талқылағаннан кейін оқытудың жаңа тақырыптары енгізілді, оқу сыныптары дайындалды.
1988 – 1994 жылдар аралығында курстарды полковник Абдуллаев Ахат Ахтямович басқарды. 1997 жылы АҚ Республикалық курстары дайындау және оқыту Республикалық орталығы болып қайта құрылды және осы Орталықты 1994 жыл мен 1998 жыл аралығында полковник Халықов Сансызбай Халықұлы басқарды.
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 Қаулысымен Дайындау және оқыту Республикалық орталығы негізінде «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында басшы құрамның біліктілігін арттырудың Республикалық курстары» РМҚК құрылды.АҚ және ТЖ Республикалық курсын 1998 жылдан күні бүгінге дейін Евгений Николаевич Мельников басқарып келеді. Осы кезден бастап Республикалық курстар дербес болып қалыптасты – өзіне жүктелген міндеттер негізінде заңды тұлға болып саналады – бұл мамандарды, мемлекеттік органдарды және мекемелерді төтенше жағдайлар шарттарындағы әрекеттерге дайындау. Бұл Қазақстанның егеменді, жас, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу жылдары еді. Өзекті де артықшылық мәселелері мемлекеттің тіршілік қызметі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дүлей зілзаладан, авариядан және апаттардан халықты, аумақты, шаруашылықпен айналысатын объектілерді қорғау болды. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, азматтық қорғаныс және басқа нормативтік-құқықтық актілер саласында жаңа заңдар қабылданды. Осы салада жаңа құқықтық, қоғамдық қатынастар туындады.
Бұл жағдайларда республикалық біліктілікті арттыру курстарында тыңдаушыларды дайындаудың оқу бағдарламасын қайта қарау, оқу, материалдық базаларды, оқудың техникалық құралдарын қазіргі заманғы талаптарға сай қайта қарау, бүкіл оқу процесін қайта құру қажет болды.
Оқу бағдарламасы бойынша: табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша тақырыптарды кеңінен зерттей бастады. Оқу үрдісіне топтық, тәжірибелік сабақтар енгізілді. Оқудың интерактиві әдістері енгізіле бастады, мұнда тыңдаушылар өздері оқыған тақырыптарды таңдауға белсене ат салысады, мысалдарды және іс жүзінде қолданатын тапсырмаларды шешеді.
Алдымен барлық сабақ бір топта және орыс тілінде жүргізілді. Курс басшыларының алдына: осы сабақтардың барлығын қатар топтарда қазақ тілінде жүргізу міндеті тұрды. Бұл міндеттерді шешу үшін Қазақстанның әр түрлі ЖОО-нан жас, қабілетті, қазақ тілін жетік меңгерген оқытушылар іріктеліп алынды. Олар тәжірибелі оқытушыларға бекітілді, үйретілді, оқылатын әр түрлі тақырыптар бойынша мақсатты түрде дайындалды. Қазіргі кезде қатар топтарда барлық тақырып бойынша сабақ қазақ тілінде жүргізіледі.