kreshenie 1 Православтық Шіркеудің «Крещение Господне» мейрамын өткізуіне байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ аймақтық филиалдарының шұғыл әрекет ету бригадаларымен адамдар көп шоғырланған суға шомылу жерлерінде 2017 жылдың 18 қаңтар күні тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Еліміздің барлық аймақтарында палаткалы лагерлер құрылды, Апаттар медицинасы орталығының 63 қызметкері мен 21 техникасы жұмылдырылды.
Қызмет атқарған бір күннің ішінде республика бойынша барлығы 16 адамға медициналық көмек көрсетілді.
 

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ