Бөлім Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың ғылыми-зерттеу институты» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз жұмысында Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің бұйрықтары мен нұсқауларын, техникалық реттеу жүйесінің негізгі құжаттарын, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Бөлім міндеттерін жүзеге асыру мақсатында мынадай негізгі қызметтер орындалады:
- өрт қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-техникалық құжаттамаларды әзірлеу;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативті-құқықтық және нормативті-техникалық құжаттар жобаларын әзірлеу, оларды өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органға бекітуге ұсыну;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді, ұлттық стандарттарды және басқа нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу бойынша перспективті жоспарлар құру;
- нормативтік техникалық құжаттардың жобаларын қарастыру және олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы тұжырымдамалар дайындау;
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетімен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен,  өрт қауіпсіздігі саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитетімен (ТК-46), сәулет-құрылыс қызметі саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитетімен (ТК-55), сондай-ақ басқа министрліктермен, ведомстволармен және мүдделі ұйымдармен Бөлім қызметі мәселелері бойынша өзара әрекеттер жасау;
- Бөлімнің негізгі қызметі бойынша ақпараттарды және жариялаулар дайындау.
2001 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласында 98 ұлттық стандарт әзірленіп, қолданысқа енгізілді.
Солардың ішінде төмендегілерге талап қойылатын ұлттық стандарттар:
- өрт сөндіру машиналары - 8,
- өрт сөндіру жабдықтары - 9,
- өрттен құтқару құрылғылары - 6,
- өрт сөндірушілердің жеке қорғану құралдары - 13,
- өрт сөндіру қондырғылары - 21,
- өрт сигналы қондырғылары - 14,
- өрт сөндіргіштер - 2,

- өзге өрт-техникалық өнімдер – 25. 

Сурет Өрт техникасы түрлері бойынша өрт қауіпсізідігі саласындағы ұлттық стандарттар
Бөлім Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың ғылыми-зерттеу институты» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз жұмысында Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің бұйрықтары мен нұсқауларын, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Ұйымдармен мне ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелерінде тәжірибелік әрекет ретінде өрт қауіпсіздігі саласында түрлі шаруашылық жүргізу объектілерінде өндірістің технологиялық процестердің өрт қауіптілігін ғылыми-зерттеулер жүргізеді:
- өрттерді зерттеуді және олардың шығу себептерін талдауды жүзеге асырады;
- өрт қауіпсіздік саласындағы тақырыптарға эмпирикалық жинау мен талдауды жүзеге асырады;
- түрлі шаруашылық жүргізу объектілерінде өндірістің технологиялық процестердің өрт қауіптілігін зерттеу мен олардың азаюна арналған арнайы шешімдерін жүзеге асырады;
- ұйымдастыру-әдістемелік және құқықтық саласында жобаларды әзірлеп, оларды ҚР ІІМ ТЖК қарауына жібереді.
- жарылыс-жарақат-өртқауіпті факторлардың азаюына байланысты түрлі өндіріс объектілерінде арнайы жобаларды дайындауды жүзеге асырады;
- арнайы техникалық шарттарды (жобалау шешімдерді) әзірлеуді жүзеге асырады;
- адамдарды көшіру (эвакуация) туралы арнайы санау дәйекнемелерді жасауды жүзеге асыраду;
- өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес объектілерге зерттеулер жүргізеді;

- өрт таралуы мен өрт қауіпсіздік жарылуының азаюына байланысты  арнайы ғылыми-техникалық қорытындылар мен техникалық шарттарды дайындауды жүзеге асырады.

Объектілердің өрт қауіптілігін зерттеу мәселелері бойынша бөлімде мамандары орындаған жобалар мен зерттеулер

  «Метро кэш энд керрри» гипермаркеттері қатарының өртке қарсы қорғанысын жобалауға арнайы техникалық шарттар (жобалық шешімдер) әзірленді
  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Астана қаласындағы Кітапхана қорының өртке қарсы қорғанысын   жобалауға арнайы техникалық шарттар (жобалық шешімдер)
  Алматы қаласында Балуын Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайы объектісінде өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау бойынша зерттеулер және техникалық шешімдерді талдау
image00123578111214_1 Алматы қаласындағы «Ресей» супермаркетіндегі өртті зерттеу. 2010 жылғы 24 мамырда Алматы қаласындағы «Ресей» супермаркетінде өрт болды. Өрт ошағын және жану себептерін анықтау мақсатымен нститут мамандары өртті зерттеуге тартылды.
image00123578111214_6 Халыққа қызмет көрсету, денсалық сақтау, мәдениет ғимараттары, Достық даңғылы мен Жолдасбеков көш., қиылысындағы паркингі бар «Достык Плаза»әкімшілік ғимаратының өртке қарсы қорғанысын жобалауға  жобалық шешімдер.
image00123578111214_1 Астана қаласында Абу-Даби Плаза»  көпфункционалды кешенінің өртке қарсы қорғанысына арнайы техникалық шарттар (жобалық шешімдер) әзірленді
ukpd_shym_tower Шымкент қаласында Қонаев даң. орналасқан "SHYMKENT TOWER" ғимаратына өрттен қорғау нысанды анықтайтын жобалау шешімдер әзірленді.
ukpd_cum_ast  «ЦУМ Астана-Казахстан» көпфункционалды ғимаратына өрттен қорғау нысанды анықтайтын жобалау шешімдер әзірленді.
ukpd_formacev_atyr Атырау қаласында ораналасқан фармацептикалық зауытына, өрттен қорғау нысанды анықтайтын жобалау шешімдер әзірленді.
ukpd_jastar_ast Астана қаласында ораналасқан «Жастар» жастар сарай ғимаратына өрттен қорғау нысанды анықтайтын жобалау шешімдер әзірленді.
ukpd_gazohim_atyr «Полиэтилен өндірісі. Атырау облыстық біріктірілген газды химиялық кешенінің» арнайы техникалық жағдайлары және өрт қауіптілігін бағалау.
2 «ОҚО, Шымкент қ. «Нұрсат» ықшам ауданында паркингі бар 8 мың келушілерге арналған мешіт құрылысы» нысанының өрт қауіптілігін бағалауды және өртке қарсы қорғаныс ерекшелігін қамтитын жобалар шешімі.   
1 Алматы қалалық «Жер асты 4-деңгейлі паркингі бар, көпатқарымдық ауыспалы 14 және 16 қабатты бизнес орталығы» нысанының өрт қауіптілігін бағалауды және өртке қарсы қорғаныс ерекшелігін қамтитын жобалар шешімі
Зертхана Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың ғылыми-зерттеу институты» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
АҚХР зертханасы азаматтық қорғаныс саласындағы бірталай сұрақтарды шешуге, радиациялық және химиялық қорғаныстың арнайы мүлкін әрқашан техникалық дайындықта пайдаға асыру мәселелері бойынша және төтенше жағдайлар аудандарында радиациялық және химиялық барлау жүргізуге арналған.
Азаматтық қорғаныстың химиялық-радиометрлік зерттеулер зертханасы (АҚХРЗ) қызметінің негізгі мәтіндерін жүзеге асыру мақсатында мынадай қызмет түрлерін орындайды:
- өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік, мемлекетаралық, салалық стандарттарды және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;
- Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының жеке және ұжымдық қорғану құралдарына, радиациялық және химиялық барлау,  арнайы өңдеу аспаптарына және басқа да арнайы мүлкіне, соның ішінде меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші объектілерде мерзімді зертханалық сынақтар  және тексерулер жүргізу;
-  бақылау және зертханалық бақылау желісіне кіретін  объектілік  зертханалардың мамандарын айырықша кезеңдегі іс-әрекетін дайындау; 
- төтенше жағдайлар аудандарында радиациялық және химиялық барлау жүргізуге, сынамалар алуға, улағыш заттардың, радиациялық заттардың және әсері күшті улағыш заттардың, зымыран жанармайы компоненттерінің, мөлшері мен сапасын анықтауға, толығымен газсыздандыруды (дезактивизация) анықтауға қатысу, сондай-ақ радиоактивті көздерді уақытша сақтауды ұйымдастыру;
- азаматтық қорғаныстың арнайы мүлкін пайдаға асыру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізу;
- азаматтық қорғаныстың арнайы мүлкін пйдаға асыру жұмыстарын жүргізу;
- республикада өндірілетін және Қазақстан рыногына сырттан әкелінетін азаматтық қорғаныс бұйымдары мен өнімдерінің тәжірибелік және сериялық үлгілеріне сертификаттық және өзге де сынақтар жүргізу;
- зерттеулер жүргізу, қазіргі заманғы өрт техникасы мен өрт сөндіру жабдығының және жеке қорғану құралдардың үлгілерін әзірлеу және енгізу;
- өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың химиялық және радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша жобаларды сараптау және ақпараттық, ақпараттық-талдау және кеңес беру-әдістемелік қызметтерін  жүзеге асыру;
- барлық меншік түріндегі объектілердің жұмысшылары мен қызметшілерін  өрт, радиациялық және радиациялық қауіпсіздік шараларына оқытып-үйретуді жүргізу;
- азаматтық қорғаныстың химик-барлаушыларын және химик-мөлшерлеушілерін дайындау, азаматтық қорғаныстың арнайы мүлкін сақтайтын қойсмалардың мамандарын оқыту;
- белгіленген тәртіпте отандық және шетелдік ғылыми мекемелермен, сынақ ұйымдарымен және орталықтарымен, өндірісті компаниялармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың мәселелерінде өзара байланыстарды жүзеге асыру.
Өрт сынақ зертханасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз жұмысында Өрт сынақ зертханасы Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің бұйрықтары мен нұсқауларын, техникалық реттеу жүйесінің негізгі құжаттарын, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Өрт сынақ зертханасының негізгі жұмыс бағыты ол құрылыс материалдарының, химиялық және мұнай-химиялық өнімдердің, электртехникалық қондырғылардың өрт қауіптілігін анықтау, және өрт сөндіру техникасын, сигнал беру мен өрт сөндіру жүйесін Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігін зерттеу болып табылады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінде еліміздегі және шетелдердегі соңғы жылдарда болған өрттерді талдау, жобалау барысында және құрылыс жұмыстарында құрылыс материалдары мен құрылымдардың белгілі объективті өрт қауіптілігі және отқа төзімділігі көрсеткіштерін ескеру маңызды екенін көреміз.
Зертхана жыл сайын заттарға, материалдарға және бұйымдарға өрт қауіпсіздігінің 120-дан астам көрсеткіштері бойынша сынақтар жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің басшылығы әдістемелерді жетілдіруге, анықталатын көрсеткіштердің номенклатурасын кеңейтуге, сынақ көлемі мен географиясына байланысты сұрақтарды үнемі бақылап отырады. Өрт сынақ зертханасы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінде аккредитациядан өткен.
Жинақталған ғылыми-әдістемелік потенциал құрылыс құрылымдарының отқа төзімділік шегін анықтауды есептік-аналитикалық әдіспен жүргізуге мүмкіндік береді, бұл әдіс эксперименталды деректердің көрсеткіштерімен салыстырған қанағаттандырарлықтай баламалылықты көрсетеді, екіншіден тапсырыс берушінің қаражатына аса шығын келтірмейді.
Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері мен стандарттары ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарын жүргізуге нормативті-әдістемелік негіз болып табылады. Бұл жұмыс 15 жыл көлемінде жүргізіледі, осы уақыт аралығында 98-нен астам мемлекеттік стандарттар мен 4 техникалық реттемелер әзірленді.
Егер Қазақстандағы өрт ғылымының даму сатысына назар аударсақ, аңғарарлық жайт ол, 1990 жылы қолданылатын құрылыс құрылымдардың өрт төзімділік деңгейін анықтау сұрақтары туралы ғылыми базаны кеңейтуге бағытталған КСРО ІІМ БӨҚҒЗИ Арнайы ғылыми-зерттеу зертханасы құрылған болатын.
Сол кездерде заттардың, материалдардың және дайын өнім бұйымдарын өрт қауіпсіздігіне сертификаттау сынақтарын жүргізудің іргетесы қалана бастады.
Заманауи құрылыс материалдары, әсіресе әрлеу және қаптау материалдары өз кезегінде полимерлік материалдан жасалады және құрамында көп мөлшерде  органикалық заттардың болуымен сипатталады, сондықтан уытты заттар көп, ал бұл осы құрылыс материалдарының өрт қауіптілігінің жоғарылылығымен түсіндіріледі.
2005-2015 жылдар аралығында материалдар мен бұйымдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін анықтауға жүргізілген сынақтар динамикасы келесідей.
 
Есеп беру кезеңі 2007г 2008г 2009г 2010г 2011г 2012г 2013г 2014г 2015г
Барлығы 340 234 360 611 757 810 749 490 451

image001

Сурет - 2005-2015 жылдар аралығында материалдар мен бұйымдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін анықтауға жүргізілген сынақтар динамикасы

Зертханалық зерттеулер қызметінің нәтижелері өртке қарсы қызметкерлерге шаруашылық объектілердегі өрт қауіпсіздігін бақылау кезінде, әсіресе құрылыс аумағында дерек көзі болып қолданылады.
Мұндай тәжірибе Қазақстан аумағында сапасыз және өрт қауіпті өнімді өндіруге және сырттан кірмеуіне тосқауыл болады.
Қазіргі уақытта зертханада 52 дана аттестатталған сынақ қондырғылары бар, бұл материалдардың, дайын өнімдердің, құрылыс материалдары мен құрылымдарының өрт қауіптілігі туралы қажетті көлемде  мәлімет алуға мүмкіндік береді. Өрт-техникалық өнімдері мен құралдарының нормативтік құжаттарға сәйкестігіне сынау жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖАНҒЫШТЫҚ ТОБЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ «ШАХТА ПЕШІ»

image002
Бұл қондырғы құрылыс материалдарының жанғыштық тобын жіктеуге арналған. Техникалық реттеуге (ҚР ҚН ж Е 2.02-05-2009) сай материалдарды төрт жанғыштық топқа жіктеу келісілген:
Ж1 (нашар жанатындар)
Ж2 (орташа жанатындар)
Ж3 (қалыпты жанатындар)
Ж4 (қатты жанатындар)

ЕДЕНДЕР МЕН ЖАБЫНДАРДЫҢ СЫРТҚЫ ҚАБАТТАРЫМЕН ЖАЛЫННЫҢ ТАРАЛУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ «ЕДЕН»

image003

Бұл қондырғы едендер мен жабындардың сыртқы қабаттарымен жалынның таралуын эксперименталды анықтауға арналған. Техникалық реттеуге (ҚР ҚН ж Е 2.02-05-2009) сай материалдарды төрт жанғыштық топқа жіктеу келісілген:
ЖТ1 (таратпайтындар)
ЖТ2 (әлсіз тарататындар)
ЖТ3 (орташа тарататындар)
ЖТ4 (қатты тарататындар)

ЗАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТҮТІН ТҮЗУШІЛІК ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ «ТҮТІН»

image004

мақсатында сынау жүргізуге арналған.  Түтіндеу  коэффициенті – еблгілі бір мөлшердегі қатты заттың арнайы сынау жағдайларында жалындап жану немесе жылу-тотығумен бұзылуы (бықсу) кезінде пайда болатын түтіннің оптикалық тығыздығын сипаттайтын көрсеткіш.
Жанғыш құрылыс материалдары түтіндеу деңгейіне қарай 3 топқа жіктеледі:
Т1 (аз түтін түзушілік деңгейі);
Т2 (орташа түтін түзушілік деңгейі);
Т3 (жоғары түтін түзушілік деңгейі).

ЖАЛЫННЫҢ ТАРАЛУ ИНДЕКСІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ «ЖТ ИНДЕКСІ»

image005

Бұл қондырғы жалынның таралу индексін анықтауға арналған, заттардың тұтану және жалынның таралу көрсеткіштерін анықтап, тіркеуге арналған.

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТҰТАНҒЫШТЫҚ ТОБЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ «ҚМТ»

image006

Құрылыс материалдарының тұтанғыштығын, заттар мен материалдардың тұтанғыштық қабілеті сипаттайды, яғни материалдың термиялық ыдырау өтіп жатқан бетіне жақын маңайда пайда болған ұшқыш-жанғыш өнімнің ауадағы оттекпен әрекеттесуі кезінде тұтату көзін жақындатқанда пайда болатын тұрақты жануды анықтайды.
Құрылыс материалдарының тұтанғыштық тобының жіктелуі:
Т1 (Қиын тұтанатындар)
Т2 (Орташа тұтанатындар)
Т3 (Тез тұтанатындар)

image007

«ӨҚ ж АҚ АҒЗИ» АҚ сынақ полигонында ГОСТ 31251 бойынша «Құрылыс құрылымдары. Өрт қауіптілігін анықтау әдістері. Сыртқы жақтағы қабырғалар» қондырғы құрастырылған.
Қондырғы қабырғаларды, жылылау жүйелерін және ғимараттың әрленуін өрт қауіптілігі дәрежесі бойынша жіктеу қызметін атқарады.
Сынау нәтижесінде ғимарат қабырғалары өрт қауіптілігі бойынша К0, К1, К2, К3 кластарына жіктеледі. Зертхананың даму келешегін зертхананы әлемдік деңгейдегі заманауи сынау жабдықтарымен жабдықтау, мамандармен және ғылыми потенциалмен қамтамасыз ету арқылы заттарды, материалдарды және бұйымдарды зерттеу номенклатурасын кеңейтуден көреміз.
nauryz142 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы  қазақ, орыс, украин, ұйғыр ұлтының  өкілдері еңбек етіп жатқан үлкен ұжым. Осы ұжымда Наурыз мейрамына орай өткізілген шара-  «Тайқазан» деген атпен ұжымдағы ұлт өкілдерінің тағамдары мен салт-дәстүрлерін көрсеткен, айтулы да есте қаларлық шара болды. Қонақжай қазақ халқының  сыйлы  қонақтарын қарсы алу, шығарып салу, сәлемдесу мәдениеті,  келіннің үлкенге деген құрмет сәлемі, үлкендердің келінге берген батасы, «қуыс үйден құры шықпа» деген салтпен сыйлықтар беріп шығарып салу,  киім үлгілері көрсетілді. Дастарханға наурыз көже, ет, қазы, құрт-ірімшік, қымыз, шұбат, жент және т.б. қазақтың ұлттық тағамының түрлері қойылып, дайындап әкелген қызметкерлер, олардың қалай дайындалатынын әңгімелеп берді. Қазақтың халық әні шырқалып, күмбірлетіп күй шертілді. «Қазақ ауылынан» шыққан қонақтар «орыс деревнясына» беттеді.   
Қонақтарды нан-тұзбен қарсы алған, ұлттық киімдерін киінген орыс ағайындар да халықтың салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық тағамдарынан дәм таттырды, биі мен частушкаларын тамашалатты.
Одан кейін қонақтар «ұйғырлардың қышлағына» қонаққа аттанды. Тойға келгендерді билеп қарсы алатын дәстүрден басталған мейман күту, дастарханнан ұлттық тағамдардан дәм татумен аяқталды.
Соңында  әр ұлттың тағамдары бір дастарханға қойылып, ұлт өкілдері бір дастархан басына жиналды. Ән айтылып домбыра шертілді, мондолин, дутар ойналды. Шара  мақсатына жетті - елдегі ұлт өкілдерінің бір отбасының мүшесіндей  тату-тәтті өмір сүріп отырғанын, дәмі ортақ, ән-жыры ортақ, мейрамы ортақ екенін көрсетті.  
Қонақтардың ролін атқарған әділ қазылар алқасы әр топтың дайындығына баға беріп, сыйлықтар тапсырды.
nauryz143 nauryz141