Принтерге шығару
Детский смех, радостные улыбки ветеранов, спортивный накал борьбы и безудержное веселье коллектива «Научно-исследовательского института пожарной безопасности и гражданской обороны» МЧС РК — таким запомнится этот майский солнечный день 6 мая, проведенный на полигоне АО «НИИ ПБ и ГО», в преддверии Дня победы и Дня защитника отечества.
Президент института Джумагалиев Р.М. поздравил всех собравшихся с 69-летием Победы в Великой Отечественной войне.

Культурно-спортивные мероприятия АО «Научно-исследовательский институт пожарной безопасности и гражданской обороны», посвящённые Дню Победы и Дню защитника отечества

Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнінің қарсаңында «ӨҚжАҚ ҒЗИ» АҚ сынақ полигонында өткен шуақты 6 мамыр күні балалардың шаттығымен, ардагерлердің қуанышты күлкісімен, ҚР ТЖМ «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің спорт ойындарындағы тартысы және кемерінен асқан қуанышты көңіл күйімен есте қалды.
Институт президенті Р.М. Жұмағалиев жиналғандарды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдымен құттықтап сөз сөйледі. Соңғы жылдары тарихымызда болып жатқан өзгерістерге қарамастан, Жеңіс күні жыл сайын биік рухпен атап өтіліп келеді. Бұл күн - бәріміз үшін халық көрген қасіретті, елі үшін жанын пида еткен ерлерді еске түсіретін, сонымен қатар Жеңіс қуанышын мерекелейтін күн. Жаңғырығы осы күнге дейін жетіп отырған Жеңіс мерекесі ұрпақтан ұрпаққа өтетін жарқын мереке болып қала береді.
Ардагерлер, Институт қызметкерлері, жас ұрпақ зұлмат соғыста қаза тапқандарға бір минут үнсіздікпен тағзым етті.
nii01

Салтанатты сап

Институт ардагерлерінің ұйымды дамытуға қосқан үлесі және жас мамандарды тәрбиелеуге сіңірген еңбегі алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен аталды.

nii02 nii03

Мереке қонақтары далалық асхананың дәстүрлі «солдат кашасынан» дәм татты.

nii04

Институт қызметкерлері мен ардагерлер «Аталар мен әкелер әнін айтамыз» музыкалық бағдарламасы бойынша караокеге құлшыныспен қатысты.

nii05 nii07

Майскими короткими ночами
Отгремев закончились бои.
Где же вы теперь
Друзья однополчане,
Боевые спутники мои….

Мерекеге қатысқандардың барлығы – Институт қызметкерлері, ардагерлер, балалар Ұлы Отан соғысы жалғасқан 1418 күнді метрге айналдырып, «Жеңіс маршымен» 1418 метрді жастар жүгіріп, ардагерлер жүріп өтті. Жүгіріп өткендердің алды болып жас жеткіншек Елдана келді.

nii07

Жастар алға!

Жіптен секіріп жүгіру, теннис шарын ракеткада секірте отырып жүгіру, допты секіртіп жүгіру қызықты да белсенді өткен эстафета болды.

nii08 nii09 nii10
Балалық шақты еске ал да, жеңіске ұмтыл!
Әр ұрпақ мәселені өзінше шешкенімен, мақсаттары бір!
Жас ұрпақ үшін Жеңіс күніне арналған «Әлем бала көзімен» тақырыбында сурет салудан жарыс ұйымдастырылды.
Әрбір конкурс кішігірім естелік сыйлықтар берумен аяқталып отырды. Ал ең соңында жиналғандар тосынсыйға қуанған балалардың шаттығына куә болды.
Міне, волейболға да кезек жетті! Бір рет болса да волейбол ойнамаған адам, сірә, жоқ шығар. Волейболдан командалық жарыс мерекелік шараның соңы болды.
Волейболды ойнаса, бойы биік, қолдары қайратты, жылдам да епті жастар ойнасын!
Патриоттық-спорттық мерекелік шаралар негізгі мақсатынан өзге тағы бір міндетті – ұжымды жалпы мақсат үшін күресуге жұмылдыру міндетін де тамаша атқарды.
nii10 nii11 nii13