nauryz142 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы  қазақ, орыс, украин, ұйғыр ұлтының  өкілдері еңбек етіп жатқан үлкен ұжым. Осы ұжымда Наурыз мейрамына орай өткізілген шара-  «Тайқазан» деген атпен ұжымдағы ұлт өкілдерінің тағамдары мен салт-дәстүрлерін көрсеткен, айтулы да есте қаларлық шара болды. Қонақжай қазақ халқының  сыйлы  қонақтарын қарсы алу, шығарып салу, сәлемдесу мәдениеті,  келіннің үлкенге деген құрмет сәлемі, үлкендердің келінге берген батасы, «қуыс үйден құры шықпа» деген салтпен сыйлықтар беріп шығарып салу,  киім үлгілері көрсетілді. Дастарханға наурыз көже, ет, қазы, құрт-ірімшік, қымыз, шұбат, жент және т.б. қазақтың ұлттық тағамының түрлері қойылып, дайындап әкелген қызметкерлер, олардың қалай дайындалатынын әңгімелеп берді. Қазақтың халық әні шырқалып, күмбірлетіп күй шертілді. «Қазақ ауылынан» шыққан қонақтар «орыс деревнясына» беттеді.   
Қонақтарды нан-тұзбен қарсы алған, ұлттық киімдерін киінген орыс ағайындар да халықтың салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық тағамдарынан дәм таттырды, биі мен частушкаларын тамашалатты.
Одан кейін қонақтар «ұйғырлардың қышлағына» қонаққа аттанды. Тойға келгендерді билеп қарсы алатын дәстүрден басталған мейман күту, дастарханнан ұлттық тағамдардан дәм татумен аяқталды.
Соңында  әр ұлттың тағамдары бір дастарханға қойылып, ұлт өкілдері бір дастархан басына жиналды. Ән айтылып домбыра шертілді, мондолин, дутар ойналды. Шара  мақсатына жетті - елдегі ұлт өкілдерінің бір отбасының мүшесіндей  тату-тәтті өмір сүріп отырғанын, дәмі ортақ, ән-жыры ортақ, мейрамы ортақ екенін көрсетті.  
Қонақтардың ролін атқарған әділ қазылар алқасы әр топтың дайындығына баға беріп, сыйлықтар тапсырды.
nauryz143 nauryz141