Өрт сынақ зертханасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз жұмысында Өрт сынақ зертханасы Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің бұйрықтары мен нұсқауларын, техникалық реттеу жүйесінің негізгі құжаттарын, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Өрт сынақ зертханасының негізгі жұмыс бағыты ол құрылыс материалдарының, химиялық және мұнай-химиялық өнімдердің, электртехникалық қондырғылардың өрт қауіптілігін анықтау, және өрт сөндіру техникасын, сигнал беру мен өрт сөндіру жүйесін Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігін зерттеу болып табылады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінде еліміздегі және шетелдердегі соңғы жылдарда болған өрттерді талдау, жобалау барысында және құрылыс жұмыстарында құрылыс материалдары мен құрылымдардың белгілі объективті өрт қауіптілігі және отқа төзімділігі көрсеткіштерін ескеру маңызды екенін көреміз.
Зертхана жыл сайын заттарға, материалдарға және бұйымдарға өрт қауіпсіздігінің 120-дан астам көрсеткіштері бойынша сынақтар жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің басшылығы әдістемелерді жетілдіруге, анықталатын көрсеткіштердің номенклатурасын кеңейтуге, сынақ көлемі мен географиясына байланысты сұрақтарды үнемі бақылап отырады. Өрт сынақ зертханасы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінде аккредитациядан өткен.
Жинақталған ғылыми-әдістемелік потенциал құрылыс құрылымдарының отқа төзімділік шегін анықтауды есептік-аналитикалық әдіспен жүргізуге мүмкіндік береді, бұл әдіс эксперименталды деректердің көрсеткіштерімен салыстырған қанағаттандырарлықтай баламалылықты көрсетеді, екіншіден тапсырыс берушінің қаражатына аса шығын келтірмейді.
Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері мен стандарттары ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарын жүргізуге нормативті-әдістемелік негіз болып табылады. Бұл жұмыс 15 жыл көлемінде жүргізіледі, осы уақыт аралығында 98-нен астам мемлекеттік стандарттар мен 4 техникалық реттемелер әзірленді.
Егер Қазақстандағы өрт ғылымының даму сатысына назар аударсақ, аңғарарлық жайт ол, 1990 жылы қолданылатын құрылыс құрылымдардың өрт төзімділік деңгейін анықтау сұрақтары туралы ғылыми базаны кеңейтуге бағытталған КСРО ІІМ БӨҚҒЗИ Арнайы ғылыми-зерттеу зертханасы құрылған болатын.
Сол кездерде заттардың, материалдардың және дайын өнім бұйымдарын өрт қауіпсіздігіне сертификаттау сынақтарын жүргізудің іргетесы қалана бастады.
Заманауи құрылыс материалдары, әсіресе әрлеу және қаптау материалдары өз кезегінде полимерлік материалдан жасалады және құрамында көп мөлшерде  органикалық заттардың болуымен сипатталады, сондықтан уытты заттар көп, ал бұл осы құрылыс материалдарының өрт қауіптілігінің жоғарылылығымен түсіндіріледі.
2005-2015 жылдар аралығында материалдар мен бұйымдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін анықтауға жүргізілген сынақтар динамикасы келесідей.
 
Есеп беру кезеңі 2007г 2008г 2009г 2010г 2011г 2012г 2013г 2014г 2015г
Барлығы 340 234 360 611 757 810 749 490 451

image001

Сурет - 2005-2015 жылдар аралығында материалдар мен бұйымдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін анықтауға жүргізілген сынақтар динамикасы

Зертханалық зерттеулер қызметінің нәтижелері өртке қарсы қызметкерлерге шаруашылық объектілердегі өрт қауіпсіздігін бақылау кезінде, әсіресе құрылыс аумағында дерек көзі болып қолданылады.
Мұндай тәжірибе Қазақстан аумағында сапасыз және өрт қауіпті өнімді өндіруге және сырттан кірмеуіне тосқауыл болады.
Қазіргі уақытта зертханада 52 дана аттестатталған сынақ қондырғылары бар, бұл материалдардың, дайын өнімдердің, құрылыс материалдары мен құрылымдарының өрт қауіптілігі туралы қажетті көлемде  мәлімет алуға мүмкіндік береді. Өрт-техникалық өнімдері мен құралдарының нормативтік құжаттарға сәйкестігіне сынау жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖАНҒЫШТЫҚ ТОБЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ «ШАХТА ПЕШІ»

image002
Бұл қондырғы құрылыс материалдарының жанғыштық тобын жіктеуге арналған. Техникалық реттеуге (ҚР ҚН ж Е 2.02-05-2009) сай материалдарды төрт жанғыштық топқа жіктеу келісілген:
Ж1 (нашар жанатындар)
Ж2 (орташа жанатындар)
Ж3 (қалыпты жанатындар)
Ж4 (қатты жанатындар)

ЕДЕНДЕР МЕН ЖАБЫНДАРДЫҢ СЫРТҚЫ ҚАБАТТАРЫМЕН ЖАЛЫННЫҢ ТАРАЛУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ «ЕДЕН»

image003

Бұл қондырғы едендер мен жабындардың сыртқы қабаттарымен жалынның таралуын эксперименталды анықтауға арналған. Техникалық реттеуге (ҚР ҚН ж Е 2.02-05-2009) сай материалдарды төрт жанғыштық топқа жіктеу келісілген:
ЖТ1 (таратпайтындар)
ЖТ2 (әлсіз тарататындар)
ЖТ3 (орташа тарататындар)
ЖТ4 (қатты тарататындар)

ЗАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТҮТІН ТҮЗУШІЛІК ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ «ТҮТІН»

image004

мақсатында сынау жүргізуге арналған.  Түтіндеу  коэффициенті – еблгілі бір мөлшердегі қатты заттың арнайы сынау жағдайларында жалындап жану немесе жылу-тотығумен бұзылуы (бықсу) кезінде пайда болатын түтіннің оптикалық тығыздығын сипаттайтын көрсеткіш.
Жанғыш құрылыс материалдары түтіндеу деңгейіне қарай 3 топқа жіктеледі:
Т1 (аз түтін түзушілік деңгейі);
Т2 (орташа түтін түзушілік деңгейі);
Т3 (жоғары түтін түзушілік деңгейі).

ЖАЛЫННЫҢ ТАРАЛУ ИНДЕКСІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ «ЖТ ИНДЕКСІ»

image005

Бұл қондырғы жалынның таралу индексін анықтауға арналған, заттардың тұтану және жалынның таралу көрсеткіштерін анықтап, тіркеуге арналған.

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТҰТАНҒЫШТЫҚ ТОБЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ «ҚМТ»

image006

Құрылыс материалдарының тұтанғыштығын, заттар мен материалдардың тұтанғыштық қабілеті сипаттайды, яғни материалдың термиялық ыдырау өтіп жатқан бетіне жақын маңайда пайда болған ұшқыш-жанғыш өнімнің ауадағы оттекпен әрекеттесуі кезінде тұтату көзін жақындатқанда пайда болатын тұрақты жануды анықтайды.
Құрылыс материалдарының тұтанғыштық тобының жіктелуі:
Т1 (Қиын тұтанатындар)
Т2 (Орташа тұтанатындар)
Т3 (Тез тұтанатындар)

image007

«ӨҚ ж АҚ АҒЗИ» АҚ сынақ полигонында ГОСТ 31251 бойынша «Құрылыс құрылымдары. Өрт қауіптілігін анықтау әдістері. Сыртқы жақтағы қабырғалар» қондырғы құрастырылған.
Қондырғы қабырғаларды, жылылау жүйелерін және ғимараттың әрленуін өрт қауіптілігі дәрежесі бойынша жіктеу қызметін атқарады.
Сынау нәтижесінде ғимарат қабырғалары өрт қауіптілігі бойынша К0, К1, К2, К3 кластарына жіктеледі. Зертхананың даму келешегін зертхананы әлемдік деңгейдегі заманауи сынау жабдықтарымен жабдықтау, мамандармен және ғылыми потенциалмен қамтамасыз ету арқылы заттарды, материалдарды және бұйымдарды зерттеу номенклатурасын кеңейтуден көреміз.