Зертхана Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың ғылыми-зерттеу институты» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
АҚХР зертханасы азаматтық қорғаныс саласындағы бірталай сұрақтарды шешуге, радиациялық және химиялық қорғаныстың арнайы мүлкін әрқашан техникалық дайындықта пайдаға асыру мәселелері бойынша және төтенше жағдайлар аудандарында радиациялық және химиялық барлау жүргізуге арналған.
Азаматтық қорғаныстың химиялық-радиометрлік зерттеулер зертханасы (АҚХРЗ) қызметінің негізгі мәтіндерін жүзеге асыру мақсатында мынадай қызмет түрлерін орындайды:
- өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік, мемлекетаралық, салалық стандарттарды және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;
- Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының жеке және ұжымдық қорғану құралдарына, радиациялық және химиялық барлау,  арнайы өңдеу аспаптарына және басқа да арнайы мүлкіне, соның ішінде меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші объектілерде мерзімді зертханалық сынақтар  және тексерулер жүргізу;
-  бақылау және зертханалық бақылау желісіне кіретін  объектілік  зертханалардың мамандарын айырықша кезеңдегі іс-әрекетін дайындау; 
- төтенше жағдайлар аудандарында радиациялық және химиялық барлау жүргізуге, сынамалар алуға, улағыш заттардың, радиациялық заттардың және әсері күшті улағыш заттардың, зымыран жанармайы компоненттерінің, мөлшері мен сапасын анықтауға, толығымен газсыздандыруды (дезактивизация) анықтауға қатысу, сондай-ақ радиоактивті көздерді уақытша сақтауды ұйымдастыру;
- азаматтық қорғаныстың арнайы мүлкін пайдаға асыру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізу;
- азаматтық қорғаныстың арнайы мүлкін пйдаға асыру жұмыстарын жүргізу;
- республикада өндірілетін және Қазақстан рыногына сырттан әкелінетін азаматтық қорғаныс бұйымдары мен өнімдерінің тәжірибелік және сериялық үлгілеріне сертификаттық және өзге де сынақтар жүргізу;
- зерттеулер жүргізу, қазіргі заманғы өрт техникасы мен өрт сөндіру жабдығының және жеке қорғану құралдардың үлгілерін әзірлеу және енгізу;
- өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың химиялық және радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша жобаларды сараптау және ақпараттық, ақпараттық-талдау және кеңес беру-әдістемелік қызметтерін  жүзеге асыру;
- барлық меншік түріндегі объектілердің жұмысшылары мен қызметшілерін  өрт, радиациялық және радиациялық қауіпсіздік шараларына оқытып-үйретуді жүргізу;
- азаматтық қорғаныстың химик-барлаушыларын және химик-мөлшерлеушілерін дайындау, азаматтық қорғаныстың арнайы мүлкін сақтайтын қойсмалардың мамандарын оқыту;
- белгіленген тәртіпте отандық және шетелдік ғылыми мекемелермен, сынақ ұйымдарымен және орталықтарымен, өндірісті компаниялармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың мәселелерінде өзара байланыстарды жүзеге асыру.