Бөлім Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың ғылыми-зерттеу институты» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз жұмысында Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің бұйрықтары мен нұсқауларын, техникалық реттеу жүйесінің негізгі құжаттарын, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Бөлім міндеттерін жүзеге асыру мақсатында мынадай негізгі қызметтер орындалады:
- өрт қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-техникалық құжаттамаларды әзірлеу;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативті-құқықтық және нормативті-техникалық құжаттар жобаларын әзірлеу, оларды өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органға бекітуге ұсыну;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді, ұлттық стандарттарды және басқа нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу бойынша перспективті жоспарлар құру;
- нормативтік техникалық құжаттардың жобаларын қарастыру және олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы тұжырымдамалар дайындау;
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетімен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен,  өрт қауіпсіздігі саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитетімен (ТК-46), сәулет-құрылыс қызметі саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитетімен (ТК-55), сондай-ақ басқа министрліктермен, ведомстволармен және мүдделі ұйымдармен Бөлім қызметі мәселелері бойынша өзара әрекеттер жасау;
- Бөлімнің негізгі қызметі бойынша ақпараттарды және жариялаулар дайындау.
2001 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласында 98 ұлттық стандарт әзірленіп, қолданысқа енгізілді.
Солардың ішінде төмендегілерге талап қойылатын ұлттық стандарттар:
- өрт сөндіру машиналары - 8,
- өрт сөндіру жабдықтары - 9,
- өрттен құтқару құрылғылары - 6,
- өрт сөндірушілердің жеке қорғану құралдары - 13,
- өрт сөндіру қондырғылары - 21,
- өрт сигналы қондырғылары - 14,
- өрт сөндіргіштер - 2,

- өзге өрт-техникалық өнімдер – 25. 

Сурет Өрт техникасы түрлері бойынша өрт қауіпсізідігі саласындағы ұлттық стандарттар