Құрылу тарихы

ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы
(Көкшетау қаласы) ММ
Тарихи аңықтама
1996 жылдың 3 қазанына дейін Целиноград облыстың суда құтқару қоғамы қенесі өз қызметін іске асырды: Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 11 шілдедегі № 890 «Суда құтқару қызметінің республикалық орталығын құру туралы қаулысына және ҚР ТЖ бойынша мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 19 тамыздағы № 19, ҚР Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитетінің суда құтқару қызметі республикалық орталығы туралы» сонымен қатар , 1996 жылғы 3 қыркүйектегі № 25 « Облыстық(қалалық) суда құтқару қызметі туралы» қаулыларға сәйкес, Ақмола облысы әжімінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 102 мемлекеттік суда құтқару қызметін облыстық суда құтқару қоғамы құрамынан шығарып,оның базасында облыстық суда құтқару қызметі мемлекеттік мекемесін құру шешімі негізінде «Облыстық суда құтқару қызметі » мемлекеттін мекемесі құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінін 1999 жылғы 8 сәуірдегі № 114 жарлығына сәйкес, Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшірілді. Осыған орай , «Суда құтқару қызметі » мемлекеттік мекемесі де Ақмола облысы Төтенше жағдайлар бойынша басқармасы құрамында болып Астана қаласынан Көкшетауға бірге көшірілді.
2005 жылы « Суда құтқару қызметі» ММ облыстық төтенше жағдайлар басқармасы құрамынан шығып, Ақмола облысының мобилизациялық даярлық және Төтенше жағдайлар бойынша басқармасы құрамына енді. 2005 жылғы 11 ақпандағы Ақмола облысы әкімінің № А-2/44 қаулысымен «Ақмола облысының суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының мобилизациялық даярлық және Төтенше жағдайлар бойынша басқармасының « Суда құтқару қызметі» ММ атауын өзгертті.
ҚР «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттін басқару туралы» Заңына, Ақмола облысы әкімшілігінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы № А -1/5 «ҚР заңнамасына сәйкестіру өткізу мақсатында кейбір мемлекеттін мекемелердің атауын өзгерту туралы» қаулысына сәйкес , Ақмола облысының жұмылдыру даярлығыжәне Төтенше жағдайлар бойынша басқармасының «Суда құтқару қызметі»мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертіледі.ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес, Ақмола облысы жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апатттарды ұйымдастыру бойынша басқармасының «Суда құтқару қызметі » мемлекеттік мекемесі қайта құрылып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар департаментінің «Суда құтқару қызметі » мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертіліп Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымына енді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Суда құтқару қызметі»мемлекеттік мекемесі коммерциялық ұйым емес, заңды тұлға мәртебесі бар, ұйымдастырушылық- құқықтық нұсқадағы мемлекеттік мекеме азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адамдарды суда құтқару мақсатында суда құтқару жұмыстарын өткізуді және ұйымдастыру үшін құрылған.