Құрылу тарихы

«Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (Тараз қаласы) Жедел-құтқару жасағы»Мемлекеттік мекемесі
Құру тарихы
Жасақ 25.01.2005ж. №53 «Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір сұрақтары»ҚР Үкіметінің Қаулысының негізінде 2005 жылы «ҚР ТЖМ Тараз қаласының Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі құрылған.
Жасақтың жеке құрамы «Жамбыл облысы Әкімінің құтқару қызметі» МҚКМ кәсіби құрамын тарту есебінде құрылған.
2009 жылдың сәуір айында 10.03.2009ж. № 273 «Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір сұрақтары» ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес мекеме «ҚР ТЖМ Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып атын өзгертті.
№875 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту туралы » ҚР Елбасының жарлығына, 2014 жылдың 15 тамызындағы №933 «Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының ведомстволары туралы» және 2014 жылдың 10 қыркүйегіндегі №973 «2008 жылдың 15 сәуіріндегі №339 «Министрліктер мен басқа орталық атқару органдарының, олардың аумақтық органдары мен оларға бағынысты мемлекеттік мекемелерін есепке ала отырып, штаттық санының шегін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысына өзгертулер енгізу туралы» және ҚР Ішкі Істер министрлігінің №737 «Ұйымдастыру –штаттық сұрақтары туралы» бұйрығына сәйкес мекеме «ҚР ІІМ ТТЖК Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (Тараз қаласы) Жедел-құтқару жасағы»Мемлекеттік мекемесі болып атын өзгертті.
ЖҚЖ штаттық саны – 78 адам, оның ішінде 74 құтқарушы. Жауапкершілік аймағы 144мың кв.км – Жамбыл облысының аумағы.
Жамбыл қаласында туып-өскен, жасақ құрылуының бастауында құтқарушылар жасағының басшысы болып, құтқарушылардың, бөлімшелер мен жасақ қызметінің қалыптасуы мен дайындығында тікелей қатысып, мекемені басқарып отырған – Салагаев Юрий Константинович.
Жасақ құтқарушылары құрылған күннен бастап, сауатты қойылған жұмыстарының арқасында бірнеше рет және табыспен қала мен табиғи ортаның түрлі жағдайларында құтқару жұмыстарын орындады, осыған мысал.
25. 04. 2015ж. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің кейбір мәселелері» №313 Қазақстан Республикасы Үкімет Қаулысын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Жамбыл облысы (Тараз қаласы) Суда – құтқару қызметі» , «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Жамбыл облысы Жедел – құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесіне қосылды.
  • Жамбыл облысында 02-15.02.2005ж. аралығында ТЖ кезінде 70-тен астам зардап шегушілер көшіріліп, жолдар тазартылып, азық-түлікті жеткізіп және қамтамасыз етіп, жылулық пунктары ұйымдастырылып, толықмасштабты авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді;
  • Іздестіру –құтқару операциясы кезінде 23-24.07.2005ж. аралығында Жамбыл облысының Меркі тауларының 3 мың метрден астам биіктікте апатты жағдайға ұшыраған 11турист құтқарылды;
  • 23.12.2007ж. – 02.01.2008ж. аралығында Жамбыл облысының Жуалы ауданының «Шақпак-Ата» және «Күйік» асуларында ТЖ кезінде 400-ден астам зардап шегушілер көшіріліп, 279 бірлік техникасы босатылып,оның ішінде 132 жеңіл, 61 бірлік автобустар, 86 бірлік жүк көліктері, жылулық пунктары ұйымдастырылып,азық-түлік жеткізіліп, жол қызметімен әрекеттесіп жолдар тазартылып, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіп, толықмасштабты авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді;
  • 2008 жылдың наурыз айында Жамбыл облысы Жуалы ауданында тасқын судың салдарынан болған ТЖ зардаптарын жлюға Жамбыл облысы ТЖД бірлесіп, зардап шеккен халықты уақытша орналастыру үшін палаталық лагерлер қойылып, кәріз жұмыстарын жүргізуге көмектесті.
  • Жамбыл облысы Жамбыл аумағының таулы аймағында 11-13.07.08ж. өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірлесіп, жасақ құтқарушылары табиғи өртті сөндіругге қатысты;
  • 2010ж. Шығыс Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға;
  • 2011ж. Батыс Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға;
  • 2012ж. Оңтүстік Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға;
  • 2013ж. Шығыс Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға;
  • 2014ж. Солтүстік Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға; 2014ж. Солтүстік Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға;
  • 2015 жылдың сәуірінде Қарағанды облысындағы табиғи жағдайдағы ТЖ салдырын жою.
  • 2015 жылдағы желтоқсан айындағы қатты жел соғуы мен қар басу салдарынан пайда болған және күртік қарға байланысты Жамбыл облысы Жуалы ауданында авариялық - құтқару жұмыстарын жүргізурге қатысу.
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынның қауіп төніп тұрған жағдайына байланысты авариялық - құтқару жұмыстарына қатысу.
Барлық жүргізілген іс-шараларда ҚР заңнамасы мен ҚР ІІМ ТЖК нормативті талаптарын, басшылықтың сауатты қойылған жүйесінің арқасында жұмыстарды жүргізу, бөлімшелер мен жасақ қызметтерінің өзара әрекеттесумен қамтамасыз етілген.
Жасақтың құрылған күнінен бастап, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіптік , ерлік , адамдарды құтқаруда өміріне қауіппен жасақтың 4 құтқарушысы Үкімет марапаттарына ұсынылды.