Қызмет бағыты, фунциялары және міндеттері

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы (Қарағанды қаласы)» мемлекеттік мекемесінің
жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-кұтқару жасағы (Қарағанды қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтык нысанында кұрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялык емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
3. Мекеме кәсіби авариялық-құтқару қызметі болып табылады.
4. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылгы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-кұткару жасағы (Қарағанды қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Карагандинской области (город Караганда) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 100012, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Жамбыл көшесі, 51 үй.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
9. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме кұрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
10. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде есепшоттары, мемлекеттік тілде атауы бар мөрлері мен мөртабандары, бекітілген үлгідегі бланкі болады.
11. Мекеме басқа заңды тұлганын кұрылтайшысы (катысушысы) бола алмайды.
12. Мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағындағы барлық қаржы- қаражатқа жауап береді
13. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмлелері оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркегеннен күшіне енеді.
3. Мекеменің кызметі мен мақсаты
14. Мекеме қызметінің нысанасы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
13. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) Қарағанды облысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
16. Мекеме мақсаттарға жету үшін қызметтін мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады;
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындагы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасында табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек керсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық- құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс- қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға мамандану 3-ші тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастыру және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) қауіпті және шомылу үшін жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде тыйым салынатын және ескертетін белгілер орнатуды жүзеге асырады;
11) халықты жүзуге, табиғи жэне техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
12) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
13) өз құзыреті шегінде:
терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.
17. Мекемеге осы Жарғыда бекітілген қызметтердің нысанасына және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға және мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
18. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы құжаттарымен анық шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұзып, қызметтер мақсатына қарсы жасаған мәмілесі тиісті сала уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
19. Мекеме басшысының және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы адамның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, әкімшілік және өзге де жауапкершілік шаралар қолдануға әкеп соқтырады.
4. Мекемені басқару
20. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
21. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеме атына мүлікті бекітеді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жөніндегі жеке жоспарды бекітуге жібереді;
3) Мекеменің мүлігін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
4) Мекеменің Жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
5) Мекеме басшысының құқығын, міндеттері мен жауапкершілігін, Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
6) Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Мекеме теңгеріміндегі мүлікті алып тастау және бөлу мәселелерін келіседі.
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Мекеменің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.
23. Мекеме басшысы:
Мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды,
Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына тура бағынысында болады және Комитет терағасына тікелей бағынады.
дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамаларымен және осы Жарғымен айқындалған өз құзіретіне сәйкес шешеді.
24. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазакстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте:
1) сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
2) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және басқа ұйымдарда Мекеменің мүдделерін қорғайды;
3) шарт жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) іссапарлар, тағылымдамалар, еңбек демалыстары (қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс іссапарға шығулары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің келісімі бойынша жүзеге асырылады) жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) өзінің кұзыреті шегінде бұйрыктар шығарады және Мекеме кызметкерлерінің барлығына міндетті нұсқаулар береді;
8) басшының орынбасарларынан баска мекеменің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
10) өз орынбасарларының және Мекеменің өзге басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін айқындайды;
11) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұскаулықтарын бекітеді;
12) Мекеменің аттестаттау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
13) Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығына бекітуге Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың жедел жоспарын бекітуге ұсынады;
14) Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментіне және Комитетке белгіленген нысандарға сәйкес есепті дер кезінде ұсынуды камтамасыз етеді;
15) Мекеменің құрылымдык бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады және сыбайлас жемқорлықка қарсы шаралар қабылдайды;
16) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және авариялық- құтқару және кезек күттірмейтіи жұмыстар кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментіне ұсыныстар енгізеді;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
18) Мекеменің акпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық- құкықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
20) Мыналар бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құгқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медидиналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту;
кәсіби шеберлігін шыңдауға, Мекеменің күштері мен кұралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығаруға және авариялық-құтқару жэне кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болу;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындау және үйрету;
жеке оку-машықтану базасын кұру;
Қазақстан Республикасындағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен өзара іс- қимылдарын дамыту.
21) Қазақстан Республикасы заңнамасымен осы жарғымен және тиісті саладағы уәкілетті органмен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
25. Мекеме жедел басқару құқығындағы оқшау мүлікке ие Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған және жергілікті бюджеттен белгіленген тәртіпте берілген Мекемеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерін құрайды жатады, онын қүны Мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген және республикалық бюджет есебінен сатып алынған мүлік;
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құралады.
27. Мекеме оған бекітілген және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
28 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
29. Мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есеп береді.
30. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте белгіленген орган жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс режимі
31. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
32. Мекеме Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
33. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және жою шарттары
34. Мекемені қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.