Құрылу тарихы

Жасақтың құрылу тарихы және нысанасы:
1993 жылы 19 наурыз Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 222 «Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметінің құрылуы» Қаулысымен суда құтқару қызметі құрылды.
1 тамызда 1994 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мемлкеттік суда құтқару күзеті қызметі 64 штатымен құрылды.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10-наурыз 2009 жылғы № 273 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесіне ауыстырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің жабылып Ішкі істер Министрлігіне қосылуына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 тамыз 2014 жылы № 938қаулысымен «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесіне ауыстырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 313 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» қаулысымен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесі деп аты өзгертілді, бұдан былай «Жасақ».
«Жасақ» қызметінің нысанасы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою болып табылады.
«Жасақ» қызметінің мақсаты авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, Маңғыстау облысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамсыз ету болып табылады.
«Жасақ» мақсаттарға жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады;
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасында табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға мамандану 3-ші тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастыру және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) халықты жүзуге, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
11) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
12) өз құзыреті шегінде: терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына және терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.