Құрылу тарихы

Құру тарихы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодароблысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Павлодарқаласы)» мемлекеттік мекемесі төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық. Жасақ кәсіби авариялық-құтқару қызметі болып табылады.«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар коситеті төрағасының 2015 жылғы 16 маусымдағы №156 бұйрығымен қайта құрылды.
Жасақтың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті болып табылады.
Мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодароблысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области (город Павлодар) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 140000, Павлодароблысы, Павлодар қаласы, Никитина көшесі, 106.
Жасақ қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді, Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады, жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады, халықтың арасындатабиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюғабағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді, төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге жасақтың күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды.