Қызмет бағыттары, міндеттері мен функциялар

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы
 
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым, төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Мекеме кәсіби апатты-құтқару қызметі болып табылады.
3.Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарына, актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Төрағасының бұйрықтарына, басқа да нормативті актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
5. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылған.
6. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
7. Мекеменің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
8. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Южно-Казахстанской области (город Шымкент) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
9. Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 160009, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Ж. Алдияров-34А.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
10. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
11. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде есепшоттары, мөрлері мен мемлекеттік мекеменің мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бар Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген мөртабандары болады.
12. Мекеменің құрылымы мен штаттық санының шегін Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Төтенше жағдайлар Комитетінің Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.
13. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды
14. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағында барлық қаржы-қаражаттарға жауап береді.
15. Мемлекеттік мекеменің жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелері (соның ішінде мемлекеттік сатып алулар) Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
16. Мекеменің атқаратын қызметі болып табылатын міндеттерді орындауда басқа кәсіпкерлік субъектілермен келісім-шарттарға отыруға мекемеге тиым салынады.
3.Мекеменің қызметі мен мақсаты
17. Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
18. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін шараларды ұйымдастыру мен жүргізу, дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттардан, заманауи қарулардың қолданылуы кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету болып табылады.
19. Көрсетілген мақсаттарға жету үшін мемлекеттік мекеме қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
бекітілген аумақта авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу. Мемлекеттік мекемені бекітілген аумақ шегінен тыс жерлерде апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жүмыстарды жүргізуге тарту төрағаның шешімі бойынша орындалады;
төтенше жағдайларды жою және зардап шеккендерді құтқару үшін бірінші кезектегі іс-қимылдарды ұйымдастыру мен жүргізу;
дүлей зілзала, авариялар мен апаттардың нәтижесінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, материалдық-техникалық қамсыздандыру шараларын ұйымдастыру және мекеме қызметкерлерінің жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
кәсіби шеберлікті жетілдіру жеке құрамға құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі техника қауіпсіздігіне, зардап шегушінің өмірін құтқару және көмек көрсету бойынша тиімді іс-қимылдарға тұрақты, жүйелі арнайы дайындықтар өткізу және үйрету;
басқару органдарын, Мемлекеттік мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына баруға және шұғыл -құтқару жүмыстарын жүргізуге тұрақты әзірлігін қолдау, жасаққа білікті кадрларды жинақтау;
халықтан және ұйымдардан кез келген туындау қауіпі бар және туындаған төтенше жағдайлар немесе оның фактілер туралы хабарламалар қабылдау;
Өзінің құзыры шегінде қатысады:
-Терроризммен күрес бойынша қалалық шұғыл штаб жұмысына;
-Қалалық Антитерролық комиссия жұмысына;
Төтенше жағдай кезінде халықтың өмірін қорғау, сақтау бойынша тұрғындарға көпшілік ақпарат құралдары арқылы түсіндірме, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу;
20. Мекеменің қызмет көрсету аясына Оңтүстік-Қазақстан облысының аумағы кіреді.
21.Мемлекеттік мекеме осы Жарғыда бекітілген қызметтерге сәйкес келмейтін, қызмет мақсаттарына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
22. Мекеменің, өз қызметтеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына, шектеулі түріндегі және басшылық құжаттарға қайшы келетін, немесе басшының өз жарғылық құзырын бұза отырып жасаған келісімдері, тиісті сала органының немесе мемлекеттік мүлік бойынша органының, немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп табылады.
23. Мекеме басшысының (бұдан әрі – басшы) және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы тұлғаның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді атқаруы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және ол тәртіптік, әкімшілік және де басқа жауапкершілікке тартылады.
 
4. Мекемені басқару
24. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
25.Комитет Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіптеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітеді;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру бойынша жекелендірілген жоспарды бекітуге жібереді.
Мекеменің мүлігін сақтауды қадағалауды жүзеге асырады;
Мекеменің жарғысын бекітеді, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Мекеменің құрылымын және шекті штаттық санын бекітеді;
Мекеме басшысын лауазымға Оңтүстік-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының ұсынысы бойынша тағайындайды және қызметінен босатады;
жылдық қаржы есебін бекітеді;
Мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органмен мекеме теңгеріміндегі мүліктің алынуы мен бөлінуін келіседі.
Мекеме басшысының қызметінен босатудың негіздерді анықтайды
Қазақстан Республикасы заңнамаларында бекітілген басқа да функцияларды жүзегеасырады;
26. Мекеменің басшысы Мекеменің жұмысын ұйымдастырады әрі басшылық етеді, тікелей Министрге, Министрдің тәлімгер орынбасарына, Комитет төрағасына және Оңтүстік-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына тікелей бағынады және мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкешілікте болады.
27. Мекеменің басшысы дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты сұрақтарды Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Жарғыға сәйкес өз құзіреттілігінің шеңберінде шешеді.
28. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес тәртіпте:
сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және де басқа ұйымдарда өз құзіреті шегінде Мекеменің мүдделерін көрсетеді
келісім-шарттар түзеді;
сенімхаттар береді;
іссапарлар, тағылзымдамалар, еңбек демалыстары, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша Мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Қызметкерлердің Оңтүстік-Қазақстан облысы және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге іссапарлармен шығуы Министрлікпен келісу арқылы жүзеге асырылады;
өзінің құзыреті шегінде Мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
мекеме басшының орынбасары мен қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген заңнамалық тәртіпте Мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
өз орынбасарының және Мекеме бөлімшелерінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін анықтайды;
Мекеме жеке құрамының дайындығын, қайта дайындаудан өтуін және біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді;
арнайы және құтқару техникасының, апатты-құтқару құрал-саймандарының және жабдықтарының, жүзу құралдарының, сүңгуір жабдықтары мен саймандарының, байланыс құралдарының, оргтехникаларының және басқа да мүліктердің техникалық жағдайын қадағалайды және есебін жүргізеді, оларды есептен шығаруға арналған құжаттарды даярлайды;
ғимараттар мен құрылыс нысандарының, бокстардың пайдалануы мен қадағалауды, арнайы және құтқару техникасын, апатты-құтқару құрал-саймандарын және жабдықтарын, жүзу құралдарын, сүңгуір жабдықтары мен саймандарын, байланыс құралдарын, оргтехниканы, басқа да мүліктерді жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
материалды құндылықтардың есебінің дұрыс жүргізілуін және анық есебін білу, сақталу және берілу тәртібін тексеру мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер өткізеді;
Оңтүстік-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі – Департамент) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және апатты-құтқару жұмыстары кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттауға ұсыныс енгізеді;
Мекеменің ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалды-техникалық және қаржылық қызметін қамтамасыз етеді;
Мекеменің аттестациялық комиссиясының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады;
Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға шұғыл қимылдау жоспарларын өңдеп, Департамент басшысына бекітуге ұсынады;
Департаментке уақытылы, бекітілген үлгілерге сәйкес есеп береді;
Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін уақытылы қарастыруды қамтамасыз етеді.
Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережесін, қызметкерлердің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
құрылымдық бөлімшелердегі жемқорлыққа қарсы жүргізілетін іс-әрекеттерге дербес жауапкершілікте болады, өзі басшылық ететін қызметкерлердің жасаған әрбір жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылық әрекеттеріне қарсы шаралар қабылдайды;
Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінде қарастылған және осы Жарғыда көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Төмендегілер бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медициналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту шараларын;
кәсіби шеберлігін шыңдауға, Мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығаруға және апатты-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болуға;
Мекеменің қызметкерлерін Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген тәртіпте және Министр мен Комитет төрағасының тиісті бұйрықтарына сәйкес марапаттауға;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйретуге және дайындауға;
жеке оқу – жаттығу базасын құруға;
Қазақстан Республикасыдағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті апатты-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен бірлесуді дамытуға шаралар қабылдайды.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
 
29. Мекеме жедел басқару құқығындағы мүлікке ие. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен алынған, Мекемеге бекітілген мүлік, республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
30.Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтеріне жатады, оның құны мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген мүлік есебінен құрылады;
Қазақстан Республикасы заңнамалары тиым салмаған басқа дакөздерден;
31.Мекеме оған бекітілген және оған смета арқылы бөлінген қаржыға алып берілген мүлікті дербес оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
32 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
33.Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес есеп береді.
34.Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте Министрлік және Комитет жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс тәртібі
 
35.Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы керек.
 
7. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі
36. Мекеме Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімімен жүзеге асырылады.
37. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және жою шарттары
 
38. Мекемені қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.