Қызметтердің бағыттары, міндеттері, функциялары

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Солтүстік Қазақстаноблысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Петропавлқаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме)төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
1. Мекеме қызметінің нысанасы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
2. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамсыз ету болып табылады.
3. Мекеме мақсаттарға жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады;
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасында табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға мамандану 3-ші тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастыру және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) халықты жүзуге, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
11) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
12) өз құзыреті шегінде:
терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.
3. Мекемеге мекеме Жарғысында бекітілген қызметтердің нысанасына және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға және мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
4. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы құжаттарымен анық шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұзып, қызметтер мақсатына қарсы жасаған мәмілесі тиісті сала уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
5. Мекеме басшысының және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы адамның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, әкімшілік және өзге де жауапкершілік шаралар қолдануға әкеп соқтырады.