Қызмет бағыты, міндеттері және функциялары

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Астана қаласы)» ММ Қазақстан Республикасының Орталық аумағы мен Астана қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарын орындайды. Астана қаласында төтенше жағдайлар болған кезінде «ОӨАЖҚЖ» ММ Астана қаласы ТЖД, ҚР ІІМ, ҰҚК құрылымдық бөлімшелерімен, жәрдем медициналық көмек қызметімен, лифтерге қызмет көрсету қызметімен және де басқалармен бірлесіп әрекет жасайды. Аумақта төтенше жағдайлар болған кезінде Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖ департаменттерімен өзара іс-қимыл жасайды. 2000 -2011 жылдар аралығында 3707 шығу жасалды, 2485 адам құтқарылды, оның ішінде 593 бала.
2007, 2008 және 2010 жылдары Сырдарья өзені тасу кезінде жасақ құтқарушылары өңтүстік ауданы әріптестеріне тасқынға қарсы іс-шаралар жүргізу бойынша және су басқан аймақтардан халықты эвакуациялауға көмек көрсетті.
2010 жылы 17 наурыздан бастап 24 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайын жоюға қатысты.
2010 жылы 1 маусымда Жангельдин көшесінде тұрғын ұй құлаған кезде бір әйел құтқарылды.
2010 жылы 28 қарашадан бастап 24 сәуірге дейін ОБСЕ қатысушы елдердің Мемлекет басшылары саммитін өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты.
2011 жылы 25 қантар – 6 ақпан аралығында 7-ші Азиадалық ойындар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты.
2011 жылғы көктемде құтқарушылар командасы Батыс Қазақстан облысында өзен тасқыны салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетті, су басқан орындардан эвакуациялау жүргізілді, медициналық көмек көрсетілді.
2011 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласы кірпіш зауыты ауданында ұй қирау кезінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қызметтік иттер көмегімен екі зардап шеккен табылды.
2012 жылы жасақ құтқарушылары 764 шығу жасады, 191 адам құтқарды, оның ішінде 81 бала, 44 адам эвакуацияланды.
2012 жылғы 15 қантарда салынып жатқан «Хазрет Сүлтан» мешіті ғимараты өрттенгенін жоюға қатысты.
2012 жылғы 20 ақпаннан бастап 7 наурызға дейін 10 құтқарушы Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайды жоюға қатысты. «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушылары Төрткөль ауылында Арыс –Түркістан каналы учаскесінде мұзға жарғыш заттарды салу кезінде «Югвзрывпром» қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті, сондай-ақ Оңтүстік ӨАЖҚЖ, РЖҚЖ құтқарушыларымен бірлесіп ОҚО Ордабас ауданы Шаульдер кентінде Арыс өзені арнасы бойынша кептелу құбылысын жойды.
Бұдан басқа ОӨАЖҚЖ құтқарушылары су айдындарында ІҚЖ жүргізуге 10 шығу жасады, онда 10 суға батқан адамдарды тауып алып шықты.
2013 жылы жасақ құтқарушылары 878 шығу жасады, 198 адам құтқарды, оның ішінде 95 бала, 470 адам эвакуацияланды.
2013 жылғы 11-23 сәуір аралығында құтқарушылар тобы Солтүстік Қазақстан облысы, Уалиханов ауданы, Құлыкөль ауылында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты, тамыз айында Қостанай облысы Таранов ауданында газды бөліп тұратын объект суға батқанына тәулік бойы ауылға газды бөліп тұратын торабы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті, сондай-ақ Набережная көшесі ұйлерінің төлесінен жер астынан шыққан суларды сорып алды.
2014 жылы жасақ құтқарушылары 1125 шығу жасады, 241 адам құтқарды, оның ішінде 132 бала, 137 адам эвакуацияланды.
Күрделі ауа райы жағдайында қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін құтқарушылар қарлы боран салдарынан негізгі трасса мен аудан орталығына қатынас болмай қалған өңірлерде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізді. Қыс мерзімі кезінде Ақмола облысының әртүрлі аудандарынан барлығы 82 адам эвакуацияланды, оның ішінде 17 бала.
Су тасқыны кезеңінде Ақмола облысының әртүрлі аудандарынан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Кұлыкөль ауылынан 60 адам эвакуацияланды, оның ішінде 29 бала.
2014 жылғы маусым айында жасақ командасы «Астана Жартасты қала» оқу-жаттығу полигонында БҚШҰ оқу- жаттығуына қатысты. Бұдан басқа, Алматы қаласында КАZEMERKOM командасы жетекшісі қатысуымен OSOCC халықаралық пункті жұмысы және РДС пен OSOCC жұмысын дала жағдайында пысықтау тақырыпта халықаралық курсқа қатысты. 17 қыркүйекте ИНСАРАГ аттестаттауға дайындық шеңберінде «Қалада қиратқыш жер сілкінісі салдарын жою» тақырыпта практикалық оқу-жаттығу өтті.
2014 жылы 10-14 қараша аралығында Қырғыз Республикасы Құтқарушыларды даярлау мемлекеттік орталығы базасында таулы жерлерде адамдарды құтқару бойынша ШЫҰ мамлекет-мүшелері жиын-семинарына қатысты.
Тамызда 10 құтқарушы Қарағанды облысында «Өзара іс-қимыл-2014» бірлескен қауіпсіздік кұштерінің халықаралық оқу-жаттығуына қатысты.
2014 жылғы 11 қыркүйекте жасақ құүтқарушылары Өскемен қаласында «Жер-2014» РКШО қатысты, онда ҚР ТЖК ұшағымен жеке құрам мен жабдықтарды тасымалдау пысықталды. Құтқарушылар оқу-жаттығу кезінде Шығыс жасағы құтқарушыларымен бірлесіп биік ұйлердің жоғарғы этаждарынан зардап шеккендерді эвакуациялау әдістерін көрсетті.
Қыркүйек айында 4 құтқарушы Алматы қ. Тау мектебін оқып өтті, олар альпинистік 3 разрядқа ие болды.
2015 жылы жасақ құтқарушылары 980 шығу жасады, 180 адам құтқарды, оның ішінде 76 бала, 146 адам эвакуацияланды.
Құтқарушылар 2015 жылғы қаңтар айынан наурыз айына дейін күрделі ауа райы жағдайында қарлы боран салдарынан негізгі трасса мен аудан орталығына қатынас болмай қалған Ақмола облысының әртүрлі аудандарыда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Су тасқыны кезінде жасақтың жеке құрамы талай рет Қарағанды, Ақмола облыстарына барды, онда су басуға ұшырағыш өңірлерге мониторинг жасады, сондай-ақ су тасқыны іс-шараларына Ақмола облысының Талапкер, Қосшы, Малиновка, Оразақ кенттеріне барды.
Су басу қауіпті кезеңі бойы жол таңдамай жүретін «Нива-Марш» және «Треколмен» Аршалы ауданында, Батабай к., Волгодоновкада, Вячеслав су қоймасында, Целиноград ауданы Қосшы, Қоянды, Романовка кенттерінде тұрақты түрде мониторинг жүргізілді.
Астана қаласы су айдындарында өткен шомылу мезгілі мерзімінде:
42 адам , оның ішінде 17 бала зардап шекті;
14 адам , оның ішінде 2 бала суға батып кетті;
28 адам , оның ішінде 19 бала құтқарылды.
Жасақ құтқарушылары мамандығын арттыру мақсатында барлық оқу-жаттығуларға, жиын – семинарларға қатысады. Жыл сайын жасақ командасы іздестіру-құтқару құрылымдарының құтқару көпсайысы бойынша «Қазқұтқару» жиын – семинарына, «Қыс» командалық- штабтық оқу-жаттығуына және «Нептун» сүңгуір жұмыстары бойынша жарыстарға, «Тау- тайга өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстары» жиын –семинарына қатысады.
Ағымды жылда 13 адам және 5 брл. техника санында жасақ командасы құтқару бөлімшелерінің «Қазқұтқару» халықаралық жарыстарына қатысты, онда жасақ 3 жүлделі орынға ие болды және БҚШҰ мен ШЫҰ мемлекет-мүшелері Жедел ден қою бірлескен күштері құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуына қатысты.
Суда құтқару қызметі жасаққа қосылған кезден бастап жаңа жұмыс кестесі жасалды. Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №235 бұйрығымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламасына сәйкес құтқарушылар қайта даярлықтан өтті.
Қазіргі таңда жасақтың жеке құрамы және техника қыс мерзімінде пайдалануға дайын.