Қызмет бағыты, міндеттері және функциялары

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің «Шығыс өңірлік аэроұтқыр
жедел-құтқару жасағы(Өскемен қаласы)»
мемлекеттік мекемесінің жарғысы
Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
 
Мекеме қызметінің мәні төтенше жағдайлардың алдын алу жәнеоларды жою болып табылады.
1. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, соның ішінде аса ауыр және жоғары қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
2. Мекеме мақсатқа жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуір-іздеу жұмыстарын жүргізеді;
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша еліміздің аумағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша еліміздің аумағынан тыс жерлерде төтенше жағдайларды жоюға қатысады.
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасындатабиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюғабағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға маманданудың 3-тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастырады және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) халықты жүзуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
11) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
12) өз құзыреті шегінде:терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
Терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.