Принтерге шығару

Қызмет бағыты, міндеттері және функциялары

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэроұтқыр
жедел-құтқару жасағы (Өскемен қаласы)»
мемлекеттік мекемесінің жарғысы
 
1.Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы(Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2.Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
3. Мекеме кәсіби авариялық-құтқару қызмет болып табылады.
4. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агентігінің мемлекетік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 маусымдағы № 1037қаулысына сәйкес құрылды.
5. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Мекеменің атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: Государственное учреждение «Восточный региональный аэромобильный оперативно-спасательный отряд (город Усть-Каменогорск) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Мекеменің орналасқан жері: индексі 070000, Шығыс Қазақстан облысы, Оскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 265/1.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
9. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
10. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде есепшоттары, мемлекеттік тілде атауы бармөрлері мен мөртаңбалары, бекітілген үлгідегі бланкілері болады.
11.Мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағындағы барлық қаржы-қаражатқа жауап береді.
13. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері оларды Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркегеннен күшіне енеді.
3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
14. Мекеме қызметінің мәні төтенше жағдайлардың алдын алу жәнеоларды жою болып табылады.
15. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, соның ішінде аса ауыр және жоғары қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
16. Мекеме мақсатқа жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуір-іздеу жұмыстарын жүргізеді;
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша еліміздің аумағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша еліміздің аумағынан тыс жерлерде төтенше жағдайларды жоюға қатысады.
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасындатабиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюғабағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға маманданудың 3-тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастырады және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) халықты жүзуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
11) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
12) өз құзыреті шегінде:
терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
Терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.
17. Мекемеге осы Жарғыда бекітілген қызметтердің нысанасына және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруғажәне мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
18. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы құжаттарымен анық шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұзып, қызметтер мақсатына қарсы жасаған мәмілесі тиісті сала уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
19. Мекеме басшысының (бұдан әрі – басшы) және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы адамның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, әкімшілік және өзге де жауапкершілік шаралар қолдануға әкеп соқтырады.
4. Мекемені басқару
20. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
21.Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеме атына мүлікті бекітеді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жөніндегі жеке жоспарды бекітуге жібереді;
3) Мекеменің мүлігін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
4) Мекеменің Жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
5) Мекеме басшысының құқығын, міндеттері мен жауапкершілігін, Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
6) Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
6) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Мекеме теңгеріміндегі мүлікті алып тастау және бөлу мәселелерін келіседі.
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленгенөзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Мекеменің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі (бұдан әрі – Министр) бекітеді.
23. Мекеме басшысы:
Мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады.
Комитет төрағасына тура бағынысында болады және Министрге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына тікелей бағынады.
дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамаларымен және осы Жарғымен айқындалған өз құзыретіне сәйкес шешеді.
24. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте:
1) сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
2) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және басқа ұйымдарда Мекеменің мүдделерін қорғайды;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) іссапарлар, тағылымдамалар, еңбек демалыстары (қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс іссапарға шығулары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің келісімі бойынша жүзеге асырылады) жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті нұсқаулар береді;
8) басшының орынбасарларынан басқа Мекеменің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіптеМекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
10) өз орынбасарларының және Мекеменің өзге басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін айқындайды;
11) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
12) Мекеменің аттестаттау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
13) Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың жедел жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және Комитет төрағасына бекітуге бекітуге ұсынады;
14) Комитетке белгіленген нысандарға сәйкес есепті дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Мекеменің құрылымдық бөлімшелердесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
16) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау бойыншаКомитеткеұсыныстар енгізеді;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
18) Мекеменің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
20) Мыналар бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медициналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту;
кәсіби шеберлігін шыңдауға және Мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығару
және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болуын қолдау;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындаужәне үйрету;
жеке оқу-машықтану базасын құру;
Қазақстан Республикасындағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен өзара іс-қимылдарын дамыту.
21) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саладағы уәкілетті органмен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
25. Мекеме жедел басқару құқығындағы оқшау мүлікке ие. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған және жергілікті бюджеттен белгіленген тәртіпте берілген Мекемеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26.Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерін құрайды, оның құны Мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген және республикалық бюджет есебінен сатып алынғанмүлік;
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбағанөзге декөздер есебінен қалыптасады.
27. Мекеме оған бекітілген және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
28 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
29.Мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есеп береді.
30.Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс режимі
31.Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
32. Мекеме Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
33. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және тарату шарттары
34. Мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Құрылу тарихы

Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы Өскемен қ.

icomairomobil
Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы (әрі қарай - ШӨАЖҚЖ) 2000 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1037 Қаулысының және 2002 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Агенттігінің № 12 бұйрығының негізінде құрылды.
2002 жылғы 31 қаңтарда ҚР ТЖА «Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ ретінде әділет органдарында тіркелді. Содан бері бұл күн Жасақ күні болып аталады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылуына байланысты және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 53 Қаулысының негізінде ҚР ТЖА ШӨАЖҚЖ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ қайта аталды.
2014 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелер» № 938 Қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы (Өскемен қаласы)» ММ боп қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 313 Қаулысының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы «Ұйымдастыру-штаттық мәселелер туралы» № 477 бұйрығының негізінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы (Өскемен қаласы)» ММ-не Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Шығыс облысының төтенше жағдайлар департаментінің суда құтқару қызметі (Өскемен қаласы)» ММ-сі қосылды.

Басшылық

LapenlavskiiIV
Лапенлавский Игорь Васильевич
ҚР ІІМ ТЖК «ШӨАЖҚЖ» ММ
Туған күні: 5 қыркүйек 1966 ж.
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.
Білімі: 1987 жылы Уссурийск жоғары әскери автомобильді командалық училищесі, мамандығы командалық тактикалық техника.
Еңбек өтілі:
1983 - 1992 жж. аралығында Қарулы күштерде қызмет ету:
Взвод командирі;
Рота командирі;
Батальон штабының бастығы;
1994 - 2002 жж. аралығында Шығыс Қазақстан жедел-құтқару жасағында жұмыс істеді (ШҚ ЖҚЖ): құтқарушылар бөлімшесінің бастығы; жасақтың байланыс және механикалық қызметтің бастығы; қадр даярлау және жедел жұмыс бойынша жасақ бастығының орынбасары; ЖҚЖ ШҚ бастығы. 2002 жылынан бастап Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының басшысы. 1 сыныпты құтқарушы.
Марапаттар:
II-ші және III-ші дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Кен» әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметіне 75 жыл», «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгілерімен, , азаматтық қорғау халықаралық ұйымының «70 лет Вооружённых Сил СССР», «100 лет профессиональной подготовке пожарных специалистов России», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталды.
 
egorov
Егоров Евгений Викторович
Жасақ басшысының орынбасары - құтқарушы
Туған күні: 2 маусым 1969 ж.
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
1 сыныпты құтқарушы, 1-2 топтық мамандырылған 3 сыныпты сүңгуір
Білімі:
- 1987 жылы Өскемен қаласы СПТУ-18 бітірген, «Бульдозер, скрепер машинисі», мамандығы бойынша, «3 разрядті бульдозер, скрепер машинисі» біліктілігі бар.
- 2008 жылы Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжін бітірген - мамандығы «Техникалық қызмет көрсету, автомобильді көлікті жөндеу және пайдалану», біліктілік «техник-механик».
Қарулы күштерде қызмет ету: 1987-1989 аралығында инженерлік-саперлік батальон.
2007 жылғы 25 қыркүйектен бастап жедел жұмыс бойынша басшысының орынбасары толып табылған.
Марапаттар:
2015 жылғы 25 мамырда жасақ басшысының орынбасары – құтқарушы қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы ТЖК, ШҚО әкімшілігінен, ШҚО ТЖД-нен, жасақ басшылығынан бірнеше рет сыйлық алған. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің Алғыс хатымен, «100 лет профессиональной подготовке пожарных специалистов России» медалімен, III дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін", «Құткару операцияларына белсенді катысқаны үшін» кеуде белгілерімен марапатталды.
 
vraoso_asylov Асылов Серік Мұхаметқалиұлы
Басшысының орынбасары – құтқарушы
Тұған жылы: 1962 ж.т.
Білімі: 1986 жылы ССРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін, 1992 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ Ташкент өрт қауіпсіздігі инженерлерінің факультетін бітірген.
1983 жылы мен 2010 жылы аралығында өртке қарсы қызметінің органдарында әртүрлі лауазымдарында қызмет еткен.
2011 ж. бастап ҚР ІІМ «ШҚО ТЖД Суда құтқару қызметінің (Өскемен қаласы) (әрі қарай – СҚҚ) бас маман (сүңгуір) - құтқарушысы қызметін атқарды. 2015 жылғы 11 шілдеден бастап Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы (әрі қарай – ШӨАЖҚЖ) сүңгу-құтқару қызметінің жетекшісі ретінде жұмыс істеді. 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жасақ басшысының орынбасары – құтқарушы қызметін атқарады.
Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік жүйесінде мінсіз қызмет еткені үшін «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері», III, II, I дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі ушін» медальдарымен мадақталды.

Құрылымы

«ҚР ІІМ ТЖК Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы (Өскемен қ.)» мемлекеттік мекемесі

Жедел құтқару жасағының арнайы техникамен жабдықталуы

Атауы ШӨЖҚЖ
1 2 3
1. Сүңгуірлік жабдықтардың жиынтығы бар УАЗ, Газель негізіндегі автокөлік  (тиісті / бар) 1/1
2. Медициналық жабдықтардың жиынтығы бар УАЗ, Газель негізіндегі автокөлік   (тиісті / бар) 1/1
3. УАЗ, Газель негізіндегі радиациялық, химиялық, биологиялық барлау автокөлігі   (тиісті / бар) 1/1
4. УАЗ, Газель негізіндегі кинологиялық қызмет  автокөлігі   (тиісті / бар) 1/1
5. УАЗ, Газель негізіндегі арнайы радиобайланыс автокөлігі (тиісті / бар) 1/1
6. УАЗ, Газель негізіндегі жедел құтқару автокөлігі  (тиісті / бар) 2/2
7. НИВА  негізіндегі ілеспе автокөлігі (тиісті / бар) 2/2
8. КАМАЗ негізіндегі авариялық-құтқару автокөлігі  (тиісті / бар) 2/2
9. КАМАЗ негізіндегі жедел техникалық автокөлігі  (тиісті / бар) 1/1
10. КАМАЗ негізіндегі жедел қосалқы автокөлік  * (тиісті / бар) 1/1
11. Жүккөтерімдігі 18-25 т кран  (тиісті / бар) 1/-
12. 25 орынға арналған автобус * (тиісті / бар) 1/-
13. Қарда жүргіш  (тиісті / бар) 2/2
14. Әуе жастығы бар кеме  (тиісті / бар) 2/1
15.

Жолтаңдамайтын көлік – батпақта жүргіш

 (тиісті / бар)

2/3
16. Ортаңғы сыныпты шынжыртабанды тасымалдағыш  (тиісті / бар) 3/2
17. Үлкен жүкті автокөліктерге арналған автотіркеме  (тиісті / бар) 2/-
18. Кіші автомашиналар автотіркемесі  (тиісті / бар) 10/-
ЖИЫНЫ: 21

 

Жүзу құралдарымен жабдықталуы

Атауы ШӨАЖҚЖ
1 2 5
1. 6 орынды үрлемелі қайық, (тиісті/бар) 6/3
2. 8 орындық үрлемелі қайық, (тиісті/бар) 3/2
3. 30 орындық үрлемелі қайық, (тиісті/бар) 1/1
4.  "Рафтингілік" катамараны, (тиісті/бар) 2/2
5. Үрлемелі құтқару салы, (тиісті/бар) 5/-
6. Аспалы қайық моторы, (тиісті/бар) 12/4
ЖИЫНЫ: 29/12

 

Құрал-жабдықтармен жабдықталуы

Атауы ШӨАЖҚЖ
1 2 5
1. Тасымалдағыш жылу желдеткіші, электрлік, дана. (тиісті/бар). 1/-
2. Тасымалдағыш жылу желдеткіші, дизельді, дана (тиісті/бар) 1/-
3. Суық уақытта қозғалтқышты іске қосуға арналған электрлік жылытқыш, дана (тиісті/бар) 1/-
4. Аккумуляторды қуаттауға арналған жорықтық қуаттау құралы, дана (тиісті/бар) 1/-
5. Дербес жетектегі компрессор жинақта, (тиісті/бар) 1/-
6. Электростанция 10 кВт өткізгіштермен және жарықтандыру жүйесімен жинақта, дана (тиісті/бар) 2/-
7. Электростанция 5-30 кВт, дана (тиісті/бар) 14/1
8. Электростанция 3-10 кВт, дана. (тиісті/бар) 6/-
9. Электростанция 1-7 кВт, дана (тиісті/бар) 8/7
10. Сорғылық станция дербес жетектегі және дөңгелектік жүрісті, дана  (тиісті/бар) 1/-
11. Құрылыс пистолеті, жинақта  (тиісті/бар) 1/-
12. Жоғарғы қысымды компрессор, жинақта (тиісті/бар) 1/1
13. Баллондарды ауамен толтыруға арналған стационарлы компрессор, дана (тиісті/бар) 1/-
14. Электроперфоратор (бір соққысы  кемінде 18 Дж энергиялы), дана (тиісті/бар). 14/2
15. Электрлік опырғыш  (бір соққысы  кемінде 25 Дж энергиялы), дана   (тиісті/бар) 14/4
16. Бұрыш өңдегіш машинка (қуаттылығы кемінде 2,5 кВт), шт. (тиісті/бар) 14/6
17. Сорғы гидравликалық (2x720 бар), дана (тиісті/бар). 14/3
18. Гидравликалық шлангілі катушка, дана (тиісті/бар). 14/2
19 Гидравликалық пышақты сорғы, шт. (тиісті/бар). 14/1
20 Шынжырлы кеңейткіш (кемінде 14,5 т), дана (тиісті/бар). 8/1
21  Аралас кескіш шынжырлы (кесу күші кемінде 35 т), жинақ (тиісті/бар) 14/2
22 Челюстный резак (усилие резания не менее 40 т), компл. (тиісті/бар) 14/2
23 Гидравликалық цилиндр (күші кемінде 22 т), жинақ (тиісті/бар) 8/2
24 Гидравликалық көтергіштер жинағы , дана (тиісті/бар) 8/1
25 Диск кескіш, дана. (тиісті/бар) 8/2
26 Пневмоникалық жоғарғы қысымды жастықшалар (5 т, 29 т, 67 т) басқару пульті бар, дана (тиісті/бар) 8/3
27 Қысылған ауалы баллон, дана 14/2
28 Баллондарды толтыруға арналған компрессор, жылжымалы (300 атм дейін), дана (тиісті/бар) 8/-
29 Жанармай арасы, дана (тиісті/бар) 14/5
30 Тросты жүкшығыр, дана (тиісті/бар) 14/-
31 Мотоперфоратор,дана (тиісті/бар) 2/-
32 Қосалқы аккумуляторы бар электрлік перфоратор, дана (тиісті/бар) 8/1
33 Шынжырлы кеңейткіш (кеңейту күші 22 т), дана (тиісті/бар) 8/1
34 Гидравликалық цилиндр (кеңейту күші 22 т), дана (тиісті/бар) 8/-
35 Гидравликалық цилиндр (кеңейту күші 10 т), дана (тиісті/бар) 8/3
36 Есіктік гидравликалық домкрат (кеңейту күші 5 т), дана (тиісті/бар) 8/-
37 Есіктік гидравликалық домкрат (кеңейту күші 10 т), дана (тиісті/бар) 8/2
38 Домкрат (10 т), дана (тиісті/бар) 8/-
39 Домкрат (52 т), дана (тиісті/бар) 8/-
40 Механикалық домкрат (25 т), дана (тиісті/бар) 8/-
41 Шағын кескіш (кесу күші 8 т), дана (тиісті/бар) 8/2
42 Шыны кескіш, жинақ  (тиісті/бар) 8/-
43 Сыналар мен біліктер, жинақ (тиісті/бар) 14/2
44 Гидравликалық домкрат тірегі, дана (тиісті/бар) 28/1
45 Ағуды бітеу құралы (вакуумдық сорғы, қысым 8 бар), дана (тиісті/бар) 10/-
46 Герметизациялау жинағы, дана (тиісті/бар) 10/2
47 Ағынды шектегіш құрал жинақта (кемінде 5 түрі), жинақта (тиісті/бар) 8/-
48 Телескопиялық домкрат (50 т), дана (тиісті/бар) 8/-
49 Табандық домкрат (12 т), дана (тиісті/бар) 8/-
50 Электрмен дәнекерлеуші тасымалдағыш агрегат (автокөліктік), дана (тиісті/бар) 4/1
51 Домкрат (100 т/30 см), дана (тиісті/бар) 8/-
52 Домкрат (100 т/15 см), дана (тиісті/бар) 8/-
53 Домкрат (100 т), дана. (тиісті/бар) 8/-
54 Газкескіш тасымалды, дана (тиісті/бар) 8/-
55 Трос пен арматура кескіші, дана (тиісті/бар) 8/3
ЖИЫНЫ: 497/64

 

БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛУЫ

АТАУЫ ШӨАЖҚЖ
1 2 5
1. Ұтқыр УКВ радиостанция, жинағы (тиісті/бар) 35/17
2. Стационарлы радиостанция КB, жинақ (тиісті/бар) 5/3
3. Қысқа толқынды радиостанцияларға арналған антеналық тюнер, жинақ (тиісті/бар) 6/3
4. Антеналы диполь, жинақ (тиісті/бар) 6/1
5. Мачта 12 метрлік, компл. (тиісті/бар) 6/2
6. Аккумулятор сілтілік, дана (тиісті/бар) 3/-
7. Тасымалдағыш радиостанция УКВ, жинақ (тиісті/бар) 40/31
8. КСВ-метр SX-400 ультра-қысқа толқындар үшін, жинақ (тиісті/бар) 3/-
9. КСВ-метр SX-400 қысқа толқынды жиілік үшін жинақ (тиісті/бар) 3/-
10. Радиостанция бағдарламашысы, жинақ (тиісті/бар) 12/2
11. Мобильді радиостанция, дана (тиісті/бар) 4/-
12. Дыбысзорайтқыш селектор өткізгіш байланысты 15 абонентке арналған, жинақ (тиісті/бар) 5/-
13. Шағын автоматтандырылған телефон байланысы 15 абонент үшін, жинақ (тиісті/бар) 5/1
14. Телефон аппараты нөмір анықтағышпен, дана (тиісті/бар) 8/-
15. Телефон аппараты нөмір анықтағышы жоқ дана (тиісті/бар) 4/1
16. Аумақта команда беруге арналған зорайтқыш, жинақ (тиісті/бар) 20/1
17. Навигациялық құрал, дана (тиісті/бар) 1/3
18. Жерсеріктік терминал, дана. (тиісті/бар) 1/3
19 Жеке авариялық жүйе/радиомаяк, дана (тиісті/бар) 1/-
20 Құтқарушының қозғалу белсенділігін бақылаудың дабылдық құралы, дана (тиісті/бар) 2/-
ЖИЫНЫ: 170/68

Жауапкершілік аймағы

«ШӨАЖҚЖ» ММ-ң жауапкершілік аумағы
№ 2 аумақ
Шығыс Қазақстан облысының аумақтары
Облыстық орталығы – Өскемен қ.
Қалалар:
Семей
Зырян
Риддер
Курчатов
Ауданылар (аудан орталықтары)
Абай ауданы (Караул ауылы)
Аягөз ауданы (Аягөз ауылы)
Бескарагайский ауданы ( Бесқарагай ауылы)
Бородулиха ауданы (Бородулиха с.)
Глубокое ауданы (Глубокое кенті)
Жарма ауданы (Қалбатау ауылы)
Зайсан ауданы (Зайсан қ.)
Зырян ауданы (Зырян қ.)
Катон-Қарагай ауданы (Үлкен Нарым ауылы)
Көкпекті ауданы (Көкпекті ауылы)
Күршім ауданы (Күршім ауылы)
Тарбағатай ауданы (Ақсуат ауылы)
Улан ауданы (Қасым Кайсенов кенті)
Уржар ауданы (Уржар ауылы)
Шемонаиха ауданы (Шемонаиха кенті)

Павлодар облысы
Облыстық орталығы – Павлодар қ.
Қалалар:
Ақсу қ.
Ауданылар (аудан орталықтары)
Ақсу қ. ведомстволық бағынысты аумақтар
Успен ауданы (Успенка с.)
Павлодар ауданы (Павлодар қ.)
Щербақты ауданы (Щербақты ауылы)
Май ауданы (Көктөбе ауылы)
Лебяжий ауданы (Аққу ауылы)

Фотогалерея

vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto20
vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto20
vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto20
vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto20 vraoso_foto20
vraoso_foto20 vraoso_foto20 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01
vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01 vraoso_foto01
 
{morfeo 197}

Байланыс

«ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы
(Өскемен қ.)» мемлекеттік мекемесі
070011
Қазақстан Республикасы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қ.
Тәуелсіздік даң. 265/1
Тел:
Кезекші – (7232) 53-18-00, 53-14-61
Жасақ басшысы – (7232) 53-16-12
Эл. почта:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Tab