Тарихи құрылымы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесінің құрылу тарихы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - БӨАЖҚЖ) төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
Жасақ кәсіби авариялық-құтқару қызметі болып табылады.
БӨАЖҚЖ 2000 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 400 Қаулысының негізінде құрылды.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №313 «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы»
Қаулысының негізінде «Батыс өңірлік аэроұшқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесіне қосылу арқылы қайта құрылды.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 060015 индексі, Атырау қаласы, Бірлік поселкісі, Батыс Қазақстан көшесі, 40 «а».