Қызмет бағыты, міндеттері мен функциялары

«Қазақстан РеспубликасыныңІшкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ қызмет бағыты, міндеттері мен функциялары
 
1.Мекеме қызметінің функциясы:
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
Мекеме кәсіби авариялық-құтқару қызметін жүзеге асырады.
Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.
Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті болып табылады.
2. Мекеме қызметінің бағыты болып табылады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, соның ішінде аса ауыр және жоғары қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
3. Мекеме қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуір-іздеу жұмыстарын жүргізеді;
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша еліміздің аумағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша еліміздің аумағынан тыс жерлерде төтенше жағдайларды жоюға қатысады.
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасында табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға маманданудың 3-тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастырады және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) қауіпті және шомылу үшін жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде тыйым салынатын және ескертетін белгілер орнатуды жүзеге асырады;
11) халықты жүзуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
12) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;