Қызмет бағыты, міндеттері және функциялары

РЖҚЖ басты шарттары іздестіру-құтқару жұмыстарда және құтқару кезінде қиын қол жетімді аудандардан, қиындығы жоғары объектілерде, апаттан және табиғат апаттарынан зардап шеккендерге жедел көмек көрсетуді ұйымдастыру, республика аумағында жедел құтқару жұмыстарын жүргізуде, жасақтың әрдайым дайындықта болуы мен оларды жүзеге асыру болып табылады.
Жасақтың қызмет бағыты:
1) сонымен қатар, сүңгуірлік-құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстар, кейінге қалдырылмайтын жұмыстар мен апаттан-құтқару жұмыстары;
2) Қазақстан Республикасы аумағында және оның аймағындағы ТЖ салдарын жоюға қатысуы;
3) қала тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Соның ішінде – су қоймаларында (орындаушы ұйымдарымен, қызығушылығы бар мекемелермен);
4) қала тұрғындары арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, техногендік және табиғат салдарынан болатын ТЖ алдын алуға бағытталған, соның ішінде – су қоймаларында;
5) техногендік және табиғат салдарынан болатын ТЖ зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
6) техногендік және табиғат салдарынан болатын ТЖ зардап шеккендерге көмек көрсету, қала тұрғындарын жүзуді үйретуге қатысу;
Жасақтың функциялары:
1) қиындылар астында, адам өмірін құтқаруға және көмек көрсетуде, жасақтың жеке құрамын оқытуда және әрдайым систематикалық мамандығын дайындау;
2) іздестіру-құтқару жұмыстары және апаттан-құтқару жұмыстарын жүргізуде қызметкерлердің техника қауіпсіздігін оқытуда;
3) құтқару бөлімшелері құтқаруда қазіргі заманға сай жабдықтар мен құралдарымен жоспарлау мен ұйымдастыру;
4) құтқару жұмыстары кезінде жедел жоспарды құрумен ТЖ типін қолдану.