Анықтама
2015 жылғы 29 қазанда №375-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі бекітілді (2016 жылғы 1 қаңтардан күшіне енгізілді). Аталған Кодекспен 2011 жылғы 6 қаңтардағы ҚР «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңы күшін жойды.
Осыған байланысты ҚР ІІМ 2015 жылғы 19 маусымдағы №550 және ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 30 маусымдағы № 470  «Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесі өлшемдері және тексеру парақтарының үлгісін бекіту туралы» бұйрықтары күшін жойды.
Қазіргі таңда Кәсіпкерлік кодексін іске асыру барысында  ҚР ІІМ 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1060 және ҚР ҰЭМ 2016 жылғы 12 қаңтардағы «Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі саласындағы  тәуекел дәрежесі өлшемдері және тексеру парақтарының үлгісін бекіту туралы» бұйрықтары жасалып, бекітіліп, ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік бекітуге жолданды.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде азаматтық қорғаныс саласындағы іріктемелі тексерістер 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығында жүргізілмейді.
Қазіргі таңда Кәсіпкерлік кодексіне қандайда бір заң жобалары шеңберіндегі өзгерістер Парламант Сенатында қарастырылмайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1060 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 бірлескен бұйрығы "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы"