Өрт сөндіру депосы

2016 ж. Астана қаласында 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы құрылысы аяқталды (ЭКСПО-2017 ауданы).
 
11 Қолда бар штат санын ішкі қайта бөлу есебінен жаңа бөлімшені жасақтау мәселесі шешілді, сондай-ақ Үкімет резервінен бөлінген қаражаттар шеңберінде өрт сөндіру техникасы сатып алынды.
Жүргізілген іс-шаралар кешені тұтастай алғанда қазіргі уақытта
ЭСКПО-2017 объектілерін және елорданың сол жағалауының іргелес аумақтарын өртке қарсы қорғауды жүзеге асыратын жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
 
Қазақстан Республикасы аумағын өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы аумағын өртке қарсы  қорғалуын 422 мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру бөлімшесі жүзеге асырады (бұдан әрі - МӨҚҚ), оның ішінде 26 % немесе 108 бөлімше облыстық орталықтар және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан, 20 % немесе 83 – облыстық маңызы бар қалаларда және 54 % немесе 230 – республиканың ауылды елді мекендерінде орналасқан.  
pozh_depo1_1
2015 жылдың нәтижесі бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің саны 1,1 % немесе 5 объектіге ұлғайды, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 3 жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді, сондай-ақ Алматы қаласында Әуезов және Наурызбай аудандарында 2 өрт сөндіру бекеті құрылды.
image003 image002
image001
Жоғарыда айтылған үш өрт сөндіру депосын салуға республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңге жұмсалды.
image004 image005
Жаңа объектілерді пайдалануға беру көптеген ірі, әлеуметтік объектілерді қамти отырып, 500 мыңнан астам халықты өрттен қорғалуын қамтамасыз етті, сонымен бірге алдыңғы жылдағыдай 447 тұрақты жұмыс орны пайда болды.
pozh_depo1_5
Жалпы 2004 және 2015 жылдар аралығында Үкіметтің қолдауымен жалпы сомасы 11 млрд. 802 млн. 849 мың теңгеге 16 заманауи өрт сөндіру деполары ғимараты салынды, бұл жағдай республиканың ірі қалаларын және елді мекендерін өрттен қорғау қауіпсіздігінің деңгейін көтерді, 2 мың 146 тұрақты жұмыс орны пайда болды.  
 
pozh_depo1_4Жамбыл облысы, Құлан ауылы №10 ӨСБ
(2004 жыл – ЖБ есебінен)
image008 image008
 
Астана қ.  №5 МӨСБ (2005 жыл – ЖБ есебінен)
image009
Астана қ. №3 МӨСБ (2008 жыл – ЖБ есебінен)

image011

image010
 
 №23 МӨСБ Щучинск-Бурабай шипажай орны
(2010 жыл – РБ есебінен)
image013 image014
image014 image015
Алматы облысы Достық к., №20  
(2012 жыл – РБ есебінен)
image019 image020
Атырау облысы Ганюшкино ауылы, №7 ӨСБ 
(2012 жыл – РБ есебінен)
image017 image018
 
Қарағанды облысы Приозерск қаласы №47 ӨСБ
4 шығуға арналған гараж бокстары
(2013 жыл–РБ есебінен)
image021 image022
Гараж боксының құрылысы «Қарағанды облысы, Приозерск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2013 жылдарға арналған кешендік жоспарын» іске асыру шеңберінде орындалды. Өрт сөндіру техникасын сапалы пайдалану және қолдану мақсатында гаражда барлық техникалық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жасалған қарау шұңқыры және жоғары қысым жуу аппараты көзделген. 
 
Астана қаласы №16 МӨСБ (2013 жыл –РБ есебінен)
image023
Алматы қаласы «Карасу» шағын ауданы, №14 МӨСБ
(2013 жыл – РБ есебінен)
image024
Тараз қаласы №15 МӨСБ (2013 жыл – РБ есебінен)
image025
Алматы қаласы Ақбұлақ шағын ауданы №15 МӨСБ
(2014 жыл –РБ есебінен)
image026
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №13 МӨСБ
(2014 жыл –РБ есебінен)
image027
Жалпы, соңғы 12 жыл аралығында қолданылған шаралар арқасында өрт сөндіру деполарын салу қажеттілігі 8,7 % пайызға немесе 184 объектіден 168 объектіге азайды.
pozh_depo1_2
Елдегі орныққан экономикалық жағдайға байланысты Астана қаласында өрт сөндіру депосын аяқтауға бөлінген қаражатты қоспағанда (ЭКСПО шеңберінде), 2016 жылғы бюджет шеңберінде 4 инвестициялық жобаны іске асыруға (4 өрт сөндіру депосының құрылысы) 3 млрд. 498 млн. 882 мың теңге көлеміндегі шығыстар қысқартылды.
Астана қ. Е 357 көшесі (2016 жыл –РБ есебінен)
image029
Болашақта салынуға дайын тұрған 9 жобаны, оның ішінде:
Астана (Хусейн бен Талал көшесі), Павлодар, Атырау, Ақтау қалларында 6 автокөлікке арналған 4 өрт сөндіру депосының жобасын;
Маңғыстау облысының Басқұдық және Бытыр елді мекендерінде, сонымен бірге Жамбыл облысының Сортөбе елді мекенінде 2 автокөлікке арналған 3 өрт сөндіру депосының жобасын;
Ақтөбе облысының Қобда және Эмба қалаларында 4 автокөлікке арналған 2 өрт сөндіру депосының жобасын іске асыру жоспарлануда.
Сонымен бірге 2015 жылы жергілікті бюджет шеңберінде Астана қаласында (Алаш шоссесі) және Орал қаласында 6 автокөлікке арналған тағы екі өрт сөндіру депосының жобасын байланыстыру басталған.