2019 жылғы 15 қантарда ІІМ ТЖК-де ІІМ ТЖК Төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М. Күлдіковтін және БҰҰ-ның ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

2019 жылғы 4 ақпанда ІІМ ТЖК-де ІІМ ТЖК Төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М. Күлдіковтін және Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

2019 жылғы 11 ақпанда ІІМ ТЖК-де ІІМ ТЖК төрағасы генерал-майор В. Беккердің және Қазақстан бойынша консулдық бөлімінің үйлестірушісі Эндрю Флашберг бастаған Астанадағы АҚШ Елшілігі консулдық бөлімінің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

2019 жылғы 22 ақпанда ІІМ ТЖК-де ҚР Ішкі істер министрлігі Ю.В. Ильинның және «Frenquentis» компанияның нарықтарын дамыту жөніндегі вице-президентімен Б. Новакпен кездесу өтті. Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.


2019 жылғы 5 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің және Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің статс-хатшысы А.М. Мамбетовтың қатысуымен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық кеңесінің жетінші отырысы өтті.
Алғашқы рет Төтенше және Өкілетті Елші М. Азими басқарған Ауғанстан Ислам Республикасының делегациясы отырысқа қатысты. Ауған тарапы толық құқықты мүше ретінде Орталыққа кіру дайындығын қосымша растады.
Кеңес отырысында Орталықтың 2018 жылғы есебі қаралып, мақұлданды, Орталықтың директоры лауазымына тағайындау үшін кандидатураны келісті. Отырыс шеңберінде Орталықтың халықаралық ұйымдармен азаматтық қорғау саласында бірлескен жобаларын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді.
Кеңес мүшелері Орталық құрамын бұдан әрі көбейту, сондай-ақ зілзалалар қатерін төмендету, төтенше жағдайларға ден қоюға әзірлікті күшейту саласындағы халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іс жүзінде іске асыруда Орталықтың әлеуетін тиімдірек пайдалану бойынша Тараптар күшін жандандыру ұсынылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Орталық кеңесінің шешіміне қол қойылды.

2019 жылғы 28 мамырда ІІМ ТЖК-де ІІМ ТЖК Төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Б. Дұзақбаевтің және Австрия Елшілігінің Сауда бөлімінен өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

2019 жылғы 07 маусымда ІІМ ТЖК-де ІІМ ТЖК Төрағасы генерал-майоры В. Беккердің және Бельгия Корольдігі Елшілігінің Сауда-экономикалық бөлімінен өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

2019 жылғы 14 маусымда Қазақстан бойынша консулдық бөлімінің үйлестірушісі Эндрю Флашберг бастаған Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігі делегациясының Нұр-Сұлтан қ. ТЖД ғимаратында орналасқан Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының Ахуалдық залына баруы ұйымдастырылды. Сапар барысында делегацияға Орталық қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.
28 Meropriyatiya 1 28 Meropriyatiya 1 28 Meropriyatiya 1

2019 жылғы 25 маусымда ІІМ ТЖК-да ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің Төтенше жағдайлар және қорғаныс істері департаментінің директоры, Аризона штатының Ұлттық ұланы бас қолбасшысы генерал-майор М.Т. Макгвайр бастаған АҚШ делегациясымен кездесуі өтті. Кездесу барысында азаматтық қорғау саласындағы әрі қарай ынтымақтастық перспективалары талқыланды
 
 

2019 жылғы 4 шілдеде ІІМ ТЖК-де ҚР ІІМ ТЖК Төрағасы В. Беккердің және БҰҰ-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша дүлей зілзалардың азайту бюрысының өңірлік бөлімшесі басшысының орынбасарымен Абхилаш Панда мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
2019 жылғы 10 шілдеде ҚР ІІМ ТЖК-де Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетінің бастығы Э.Н. Чижиковпен кездесуі өтті. Кездесу барысында азаматтық қорғау саласындағы әрі қарай ынтымақтастық перспективалары талқыланды.