2014 жылы өткізілген басты халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат
2014 жылғы 30 қаңтарда ҚР ТЖМ-де Министрлік, ҚР ӨДМ, Су ресурстары комитеті мен «Казгидромет» РМК қызметкерлерінің “NIPPON KOEI CO.” LTD жапон компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті.
Бұған дейін Жапон Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) мен «NIPPON KOEI CO.» LTD арасындағы келісімнің аясында жер сілкінісі, су тасқыны мен сел ағындары зардаптарының алдын алу саласындағы Қазақстанның қазіргі жағдайы, міндеттері мен мұқтаждығы жайлы ақпаратты жинау мен талдау мақсатында топ құрылды. Топ бұл бағытта ақпаратты жинау жұмысын өткен жылдың қазан-қараша айларында Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында өткізген болатын.
 Кездесу атқарылған жұмыс жайлы қорытынды есепті жариялау мен талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

DSC02154 2014 жылғы 6 ақпанда ҚР ТЖМ-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі В. Божконың Аризона штаты Ұлттық гвардиясының арнайы көмекшісі бригадалық генерал Дж. Берк басшылығымен АҚШ делегациясымен кездесуі өтті. Кездесу барысында 2013 жылы американдық тарапымен өткізілген семинарлар нәтижелері талқыланды, ағымдағы жылы екі тарап жоспарлаған іс-шаралар туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар ҚР ТЖМ басшысы американдық тарап қатысуға мүмкіндігі бар Министрлікпен жүзеге асырылатын бірнеше жобалар туралы хабарлады.
Министр американдық тарапты алдағы «Казқұтқару-2014» семинар-жиынына тек байқаушылар ретінде емес, жарысқа қатысу үшін құтқару тобын жіберу арқылы белсенді қатысуға шақырды. Американдық делегацияның басшысы төтенше жағдайларды жою, жоспарлау және ТЖ-ға ден қою кезінде жедел қызметтердің өзара әрекеттесу салаларында тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты. Астанадағы АҚШ Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі елшілік ғимаратында мүмкін өртті жою бойынша жоспарланған оқу-жаттығу туралы хабарлады, оны өткізу кезінде ҚР ТЖМ-нің белсенді қатысуына мүдделілік білдірді. Кездесу нәтижелері бойынша тараптар аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға келісті.
DSC02164 DSC02167
 

DSC02191 2014 жылғы 12 ақпанда ҚР ТЖМ-інде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі В. Божконың жақын арада тағайындалған Қазақстан Республикасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі М. Баракимен кездесуі өтті. DSC02193
Кездесу барысында бірлескен үкіметаралық комиссия шеңберіндегі екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды, ағымдағы жылы екі тарап жоспарлаған іс-шаралар туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар ҚР ТЖМ басшысы ауған тарапының қатысуға мүмкіндігі бар Министрлікпен жүзеге асырылатын бірнеше жобалар туралы хабарлады. Ауған дипломаты біздің мемлекеттеріміздің мүдделі ведомстволары мен бизнес-құрылымдары арасында байланыстарды күшейтуға дайындығын білдірді.
Кездесу нәтижелері бойынша тараптар аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

2014 жылы 19 ақпанда ҚР ТЖМ ғимаратында Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру бойынша БҰҰ басқармасының Орталық Азия мен Кавказда Аумақтық Офисінің Басшысы Марсель Вассен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі А.Қ. Егізбаевпен Ауғанстан бойынша Ыстанбұл үдерісі шеңберіндегі сенім шараларын іске асыру бойынша Жоспар аясындағы жүзеге асырылып жатқан жұмыс мәселесі бойынша, Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары А.С. Советовпен Іздеу және құтқару мәселелері бойынша халықаралық консультативтік тобының стандарттары бойынша ҚР ТЖМ командасының аттестациядан өтуінде ҚР ТЖМ-ға қолдау көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ Халықаралық ынтымақтастық департаменті Көпжақты ынтымақтастық басқармасының басшысы А.М. Жанғожиновпен БҰҰ ГМҮБ тарапынан Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі Орталықты құруда қолдау көрсету мәселесі бойынша кездесулер өткізді.

2014 жылғы 19 ақпанда Ресейдің ТЖМ Азаматтық қорғау Академиясына іс-сапар аясында (Қазақстан, Армения, Қырғыстан, Беларусь және Тәжікстан) Республикаларының Қауіпсіздік ұжымы туралы келісім шарт ұйымының тұрақты кеңесінің өкілдері ресми сапармен келді. Қазақстан Республикасынан ҰҚШҰ өкілетті өкілі Алесин Владимир Иванович болды.
ҰҚШҰ өкілдері Академияның оқу-материалының базасымен танысып Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау Академиясының оқыту процессінің ұйымдастырыумен инфраструктурасын жоғары бағалады.
Академияның оқыту орнында расында да үлкен мәртебелі.  Академияның ғылыми-зерттеу базасында сіңгуір және газ түтінен қорғау кешендері арасында барлық практикалық сабақтар шындыққа жақындастырылған жағдайда өткізіледі. Сіңгуір кешенінде қонақтарға сіңгуір-құтқарушының су астына түсіп ұшақтың өзіндік жазба жәшігін іздеу судың бетіне шығару жұмыстары көрсетілді. Газ түтінінен қорғау бөлмесінде курсантар үйінді астынан зардап шегушіні іздеу және алып шығу жұмыстарын көрсетті. Сонымен қатар өкілдер Академияның қонақ жайлығына назар аударып «Білім» немесе халық арасында «бітірушілер» деп аталып кеткен аллеясын көрді.
Экскурсия соңында өкілетті өкілдер өз мемлекетерінің тыңдаушыларымен кездесті. Конференция залында Алесин Владимир Иванович Қазақстан Республикасының тыңдаушылармен және курсантарымен кездесу өтікізді. Кездесу барсында тыңдаушылар мен курсантар Академия басшылығының профессорлық оқутушы құрамының жалпы оқыту процесс туралы жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ Владимир Иванович ҚҰКҰ-ның кейбір бағытары туралы айтып берді, атап айтқанда: ҚҰКҰ әскери құраушысын дамыту, бейбітшілік орнату куштерін дайындықа келтіру, ұжымдық және әуе күштері ҚҰКҰ арнайы операция куштерін құрау процессі, лаңкестікпен және экстримизімен күресуді үйлестіру, халқаралық наркотрафикке қарсы әрекет ету және ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін жоғарлату туралы.
Кездесу соңында  Владимир Иванович ҚР офицерлер мен курсантарға алғыс айтып отан үшін үлкен жетістіктерге жету туралы ыстық лебізін білдірді.
2014 жылғы 20 ақпанда ҚР ТЖМ-інде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі В. Божконың жақын арада тағайындалған Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі М. Камохарамен кездесуі өтті.
DSC_0525 Кездесуде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы, атап айтқанда, сеймоқауіпті аймақтарды сейсмикалық бақылау жүйелерін нығайту және Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) шеңберінде оқыту семинарларын өткізу мәселелрі бойынша екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары талқыланды. Екі елдің төтенше ведомстволары арасында байланыстар орнатуға мүдделілік білдірілді.
 Кездесу нәтижелері бойынша тараптар аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Павлодар облысының ТЖ департаментіне жұмыс сапармен Алтай Өлкесі бойынша РФ ТЖМ Бас басқармасының делегациясы келді. Жұмыс тобында - Бас басқарма бастығының орынбасары ішкі қызмет полковнигі Петр Тютюнник, «Алтай өлкесі бойынша Ресейдің ТЖМ Дағдарыс жағдайларды басқару орталығы» ФДО бастығы ішкі қызмет полковнигі Александр Распопов және Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Николай Егоров. Делегацияны  ТЖД бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі М.Ж. Айтжанов қабылдады. Аймақтық ТЖ бойынша басшысы ТЖД қызметімен таныстырды, содан кейін бірлесіп әрекет етудің негізгі міндеттері талқыланды. IMG_8614
 
Содан кейін қонақтар үшін Департаменттің ғимараты бойынша экскурсия жүргізілді. Фойеде өрт ісіне арналған суреттердің экспозициясын қарады. Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің жұмыс орнында көп уақытқа дейін болды. Бұл жерде ішкі қызмет полковнигі Александр Распопов кезекші диспетчерлермен кеңесті, коңыраулар қалай жүргізілетінін қарады және өзі бір шақыруды қабылдады, өз бөлімшесінің жұмысы туралы баяндады.
Жабдықталған ахуал залын қарап, Қазақстан Республикасы ТЖМ министрлігінің бөлімшелерімен бейнеконференция жүргізілетінін байқады. РФ ТЖМ-де бұл залдар дағдарыс орталықтары деп аталады екен. Осыдан кейін телекоммуникациялық жүйелер және байланыс бөлімінің бастығы Сергей Кривошеевтың алып жүруімен ресейлік әріптестер командалы-штабтық машинаның жұмысымен танысты, осы жерде Алтай Өлкесімен қысқа толқынды радиоторап арқылы өзара байланысты орнатты. Аралаудың келесі бағыты өрт-техникалық орталық жаққа қарады. Игорь Лопатиннің «Конно-бочечный ход» атты сәулет композициясы қонақтарды таң қалдырды, бұл композицияда XX ғасырдың басындағы жағдай, өрт сөндірушілердің отпен күресудің бірінші қадамдар анық көрсетілген. Қонақтар көптеген экспонаттар мұражайлық байлықты білдіретінін, ал кейбіреулерін алғашқы рет көргенін айтты.  Қалыптасқан дәстүр бойынша ескі өрт қоңырауды соғып, құрметті қонақтар журналында жылы тілектерін қалдырды.
Кәсіби дайындық мектебінің ұжымы және қонақтардың кездесуі өзара пайдалы және қызықты болды.  Ресейлік мамандар оқу класстарын және оқуға келетіндер үшін ресімделген стенділерді қарады, осы саладағы тәжірибелерімен бөлісті. Спорт залында үстел теннисі бойынша бір партия ойнады. № 34 өрт сөндіру бөлімінің алдында орналасқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мемориалдық стеласына гүл шоғын қойды.
Келесі күні РФ ТЖМ делегациясы Естай атындағы Мәдениет сарайының алдындағы алаңда жүргізілген авариялық-құтқару техникасы мен құтқару жабдықтарының көрмесіне қатысты. Осы күні ТЖ басқармасы АҚ және ТЖ мамандары және Павлодар қаласы  кәсіпорындарының басшыларымен оқу-әдістемелік жиындар жүргізді. Сапардың соңғы нүктесі әуежайға барумен қойылды, онда қонақтарға ҚР ТЖ министрлігімен Павлодар облысына құтқару операцияларын, сондай-ақ облыстың алыс орналасқан елді мекендер мен аудандарынан ауыр науқастарды шұғыл жағдайларда жеткізу үшін табыс етілген «Еврокоптер145» тікұшағын көрсетті.
2014 жылғы 25 ақпан күні Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтында ҚРБҰҰДЖ «Тәуекелдерді бағалау, зілзала апаттарының алдын алу және әрекет ету бойынша ұлттық әлеуетті күшейту»және «Қазақстан Республикасында ауа-райының тәуекелін басқару» жобаларының қатысуымен  дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді Институт бастығы т.ғ.д. өртке қарсы қызмет полковнигі С.Д.Шәріпханов ашты, БҰҰДЖжобаларынан «Қазақстан Республикасында ауа-райының тәуекелін басқару» жобасының менеджері Е.Е.Жұмабаев құттықтау сөзімен шықты. IMG_2450
«Тәуекелдерді бағалау, зілзала апаттарының алдын алу және әрекет ету бойынша ұлттық әлеуетті күшейту» жобасының техникалық кеңесшісі Е.Т.Түлекбаев дөңгелек үстел қатысушыларын халықаралық тәжірибені пайдалану негізінде Ұлттық жағдайлы талдауды жүзеге асыру барысымен таныстырып өтті.
Жоба менеджеріБ.К.Баймұхамбетовреспубликалық және жергілікті деңгейде табиғи зілзалаларға әрекет ету бойынша Қазақстан Республикасының дайындық жоспарын жаңарту жобасын әзірлеу барысы туралы айтты.
«Тәуекелдерді бағалау, зілзала апаттарының алдын алу және әрекет ету бойынша ұлттық әлеуетті күшейту» жобасының менеджері дөңгелек үстел қатысушыларын өзінің жобасы бойынша әдістемелік материалдармен таныстырып, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін беруді сұрады.
Қазақстан Республикасында БҰҰДЖ жобасымен бірлесіп халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізу мәселесі бойынша Институт бастығының ғылыми жұмысы бойынша орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі К.Ж.Раимбеков шықты.
Дөңгелек үстел аяқталған соң сәйкесінше ұсыныстар қабылданды.
2014 жылғы 6 наурызда Тараз қаласы Талас өзенінде «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы аралығында шекаралас жатқан Талас өзенінде «Көктемгі кезеңдегі су басудың қолайсыз салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою барысындағы кезек күттірмейтін және өзге де құтқару жұмыстарын жүргізу мен дайындық» тақырыбында бірлескен командалық-штабтық жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-әрекеттер, сондай-ақ көктем кезеңіндегі трансшекаралық төтенше жағдайлардың ықтимал салдарын жою кезінде ававриялық-құтқару және басқа кезеккүттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша күштер мен құралдар бірлескен үйлестірілген іс-әрекеттері жөніндегі өкілетті басқару органдарының практикалық дағдыларын жетілдіру мәселелері пысықталды.
Талас өзені Қырғызстан тауларынан бастау алады. Ол қарлы-мұздықтар қоры қосылатын өзендерге жатады. Оның ұзындығы 440 шақырым, су жинау көлемі 8900 шаршы шақырым. Мұнда су тасу наурыз-сәуір айларында басталады. Осының нәтижесінде су тасу кезінде өзен жағалауы жырылып, судың шектен шығып жайылуынан тұрғын үйлерді, Жамбыл, Байзақ, Талас, Сарысу аудандарын, Тараз қаласы ішіндегі коммуникацияларды су басу ықтималдығы артады.
Жалпы оқу-жаттығу төмендегіше сипатта өрбігендігін айт кеткен жөн. Қардың күрт еріп, тауда жаңбырдың мол жаууынан Киров су қоймасындағы су ұлғайып, арнасынан асу қаупі туындайды. Су қоймасы бөгетінің қирауын болдырмау мақсатында Талас өзеніне су жіберу әдісі жүзеге асырылады. Осыған байланысты Қазпосёлок елді-мекенінің жағалауға жақын біраз бөлігін су басып, адамдардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төнеді.
Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Талас өзеніннің жағалауына жақын үйлерде тұратын тұрғындарынан жағаны қатты су шайып кеткендігі жөнінде, осылайша тұрғынүйлерді су басқандығы, тіпті суға кеткен адамдардың да қарасы бар екендігі, сондай-ақ, орын алған жол-көлік оқиғаларынан зардап шегушілердің де аз еместігі туралы бірнеше қоңырау түседі.
   Жасалған меморандумға сәйкес Қырғыз Республикасы ТЖМ Талас облысы Басқармасы күштерімен құралдары ТЖ жоюға бірлескен әрекеті жасалып, Киров су қоймасынан су жіберуді реттеу бойынша өзара әрекеттестік жүзеге асырылды.
Талас өзенінің жағасында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізу барысында Қырғыз Республикасы ТЖМ Талас облысы Басқармасы, облыстық ІІД, «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығы күштері мен құралдарының ТЖМ аумақтық органдары күштері мен құралдарының, Жамбыл облысы ТЖ және АҚ құрылымдары, авариялық-құтқару қызметтерінің өзара әрекеттестік іс-қимылдары орындалды.
Бөлімшелердің іс-әрекеттерінің орындалуы келесі жаттығу орындарында жүргізілді:
- № 1 жаттығу орны  «ТЖ орнында облыстық ТЖ жаттығу шұғыл штабының жұмысын ұйымдастыру және орналастыру»;
- № 2 жаттығу орны «эвакуациялық іс-шараларды жасау, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу»;
- № 3 жаттығу орны «авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу»;
- № 4 жаттығу орны «Зардап шеккен азаматтар үшін тамақтандыру пункттерін орналастыру»;
АҚ және ТЖ басқармасы инженерлік қызмет күші мен Жамбыл облыстық «Селденқорғау», апаттық құтқару бөлімшелерінің қолдауымен жырылған аумақтағы жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілсе, сол кезеңде өрт сөндіруші-құтқарушылар арнайы сорғылармен су басқан аулалардағы суды сыртқа сорып шығарумен айналысады.   Құтқару қызметі, тәртіп сақтау қызметі және медициналық қызметпен қауіпсіз орынға көшіру, тиісті жәрдем көрсетілу жұмыстары жүргізіледі. Ал  Жамбыл облысы ТЖД «Шұғыл-құтқару жасағы» ММ құтқарушыларының «ТРЭКОЛ» заманауи техникасының көмегімен су басқан аймақта қалып қойған адамдарды қауіпсіз орынға алып шығады, жылыну пункттері мен ас-ауқат  ұйымдастырылып, психологиялық тұрғыдан зардап шеккендерге арнайы психолог мамандармен көмек көрсетіледі. Ал өз кезегінде оқиға орына шұғыл жеткен «Суда құтқару қызметі» ММ сүңгуір-құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналысады.
Жалпы бүгінгі өткізілген оқу-жаттығу соңында Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары Данилов Бағдат Жұмаұлы арнайы-тактикалық оқу-жаттығудың өз деңгейінде табысты өткізілгендігін, барлық қатысқан ведомстволар қойылған тапсырманы үлгерімді орындағандығын және айтарлықтай жоғары, өзара әрекеттестік шараларын үйлесімді көрсеткендігін, осылайша екі елге ортақ Талас өзенінің арнасында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел әрекет етуге бөлімшелердің дайын екендіктерін тілге тиек етті.    
2014 жылғы 4-6 наурыз аралығында Токио қаласында Зілзалалардың каупін азайту жөніндегі Азиялық конференция өтті, оған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петров пен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы А.Т. Тұяқбаева қатысты.
Конференцияның мақсаты – Азиядағы зілзалалардың каупін азайту саласындағы қазіргі жетістіктерді талқылау және 2014 жылғы маусымда Бангкокте (Тайланд) өтетін VI Азиялық министрлік зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі конференция, сонымен қатар 2015 жылы наурызда Сендайда (Жапония) өтетін ІІІ Халықаралық зілзалалардың қаупін азайту бойынша конференцияны өткізуге дайындық.
Конференцияға 27 елден, 4 халықаралық ұйымнан және де Жапония үкіметтік емес ұйымдарынан, оқу орындарынан және жеке секторынан  120-дан астам өкіл қатысты.
Тәжірибе алмасу аясында ҚР ТЖ вице-министрі В.В. Петров Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қаупін азайту бойынша орталықты таныстырды. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның бастамасын қолдап, бұл орталықты құру Орта Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға қосымша үлес қосатынын атап өтті.
Конференцияның соңғы күні Токионың зілзалалардың алдын алу саябағына экскурсия ұйымдастырылды. Аталмыш саябақ Токионың астаналық аймағындағы төтенше жағдайлардың алдын алудың орталық жедел базасы болып табылады, онда төтенше жағдайлар туындаған кезде локальды төтенше жағдайларды басқару штабы, ақпарат жинау мен шараларды үйлестіру мекемесін, Апаттар медицинасы орталығы мен мемлекеттік материалдық резервтер қоймасын қоса алғандағы авариялық-құтқару объектілер орналастырылды. Күнделікті өмірде  саябақта «Зілзала жағдайында 72 сағат ішінде қалай аман қалуға болады» атты тақырыпта  халыққа арналған тренингтер мен ынталандыру ойындары өтеді.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Н.А.Мадьяровтың төрағалығымен Корей елінің KOICA және Жапон елінің JICA халықаралық ынтымақтастығы жөніндегі агенттіктерінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге департаменттің бөлім бастықтары мен Жапон елінің халықаралық ынтымақтастық қызметі директоры көмекшісінің орынбасары және даму бағдарламасының тобы қатысты.
Кездесу барысында екі күндік семинардың өтуіне қатысты мәселелер талқыланды. Корей агенттігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің төрт қызметкеріне 2014 жылғы тамызда Корей елінде өтетін оқуға қатысуға ұсыныс жасады.
Кездесу соңында тараптар естелік сыйлықтармен алмасты.

2014 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінде Дүниежүзілік банк кездесу өтті. Кездесуде Дүниежүзілік банктің өткізетін жүйелі ықпал ету талдауында қолдану мүмкіндігі үшін  мемлекеттік өрт бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидалары баяндалды. Талдаудың мақсаты бизнес үшін мақсаттарға қолжеткізуде  болжамды,  арзан, тиімді әрі сыбайлас жемқорлықтан еркін мемлекеттік реттеу жүйесін құру болып табылады.
Кездесудің қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банктің өкілдері көрсетілген қолдау үшін алғыс айтып, бизнеске қысымды азайту бойынша Министрліктің атқарып отырған жұмысына жалпы жақсы көңіл аударды.
 

2014 жылғы 17 наурызда ШҚО ТЖД-ға Ресей ТЖМ Алтай өлкесі бойынша ММ ресейлік делегациясы жұмыс сапарымен келді. Ресейлік тарапының өкілдері: Ресей ТЖМ Алтай өлкесі бойынша ММ бастығының орынбасары, «Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ ММ ДЖОБ» ФҚМ бастығы, ішкі қызметтің полковнигі Петр Тютюник,  ішкі қызметтің полковнигі  Александр Распопов және Азаматтық қорғау басқармасы ТЖ күштерді қолдану мен аймақтық өзара әрекеттесу бөлімінің бастығы ішкі қызметтің подполковнигі Виталий Чернявский. IMG_5936
Ресейлік әріптестер үшін тәжірбиемен алмасу ШҚО ТЖД аймағына Ресей ТЖМ өкілдерінің келуімен бірден басталды. Делегацияны маңызды әртүрлі жоспарлы арнайы техника мен құрал жабдықтар арсеналы оқып үйрену және көру үшін күтіп тұрды. Ресейліктер өрт сөндіру, медициналық, құтқару және сүңгуірлік құрал-жабдықтармен танысты. Олар КАМАЗ базасындағы төтенше жағдайлар қалыптасқан қол жетпес аймақтардан ақпаратты беру және хабарлауға мүмкіндік беретін машина, жылжымалы байланыс торабына сүйсіне таңғалды. Сонымен қатар ресейлік әріптестер спорттық манежде, біріңғай диспеткерлік қызметте болды.
Дағдарыс орталығында Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ өкілдерін ШҚО ТЖД бастығы Руслан Нұрбатчанов қарсы алды. Департамент басшысы шығыс өңірі, құрылымдық бөлімшелер жайлы әңгімеледі. Өз кезегінде ресей жағы Алтай Өлкесінің ТЖ қызметі жайлы ақпараттық роликті көрсетті.
Шекаралық ТЖ жою мен алдын алу саласындағы өзара әрекеттесуді дамыту, тату көршілік арақатынасты нығайту мақсатында ШҚО ТЖД басшылығы мен Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ ММ өкілдері қызметтік кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды. Оның ішінде екі жақ үшін де маңызды құжаттарды түзету және қол қою болды. Нақты айтқанда шекаралық аймақтардағы мүмкін болатын ТЖ жайлы мәліметтердің орталықтанған жалпы базасы. Әрбір жақ тез әрекеттесу және  жедел ынтымақтастық үшін еркін мүмкіндік алулары үшін қажет.  Осымен қатар ШҚО ТЖД басшылығы ресейлік әріптестермен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың шығуы мен қаупі төнген жағдайдағы өзара әрекеттесуінің ары қарайғы жоспарын талқылады және жазбаша растады. Екі жақ дөңгелек үстел отырысында төтенше жағдайларды жоюдағы көмек көрсету кезіндегі өзара әрекеттесу жайлы Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшелері-мемлекеттер үкіметтері арасындағы Келісімді жүзеге асыру шеңберіндегі 2014-2015 жылдардағы бірлескен жоспарды бекітті. ШҚО Бесқарағай ауданы аумағында 2014 жылғы мамыр айында өткізуге жоспарланған бірлескен орман оқу-жаттығуларын өткізу жоспарын талқылады.
Жұмыс сапары 17-20 наурыз аралығында өтеді. Осы мерзім аралығында ресейліктер бірқатар аудандық ведомствоға қарасты бөлімшелерде де болуды жоспарлап отыр.  
DSC_0008 2014 жылғы 14-18 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық бойынша неміс қоғамының қолдауымен ГФР ІІМ Техникалық көмек көрсету қызметі және Бонн қаласы өртке қарсы қызметінің қызметкерлерімен «Төтенше жағдайларда қорғау мен өртке қарсы қауіпсіздік» тақырыбына семинар өткізілді.
Семинарға Төтенше жағдайларды жою, Өртке қарсы қызмет комитеті, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, Көкшетау техникалық институтының оқытушылары мен курсанттары қатысты.
Қонақтар мен семинарға қатысушыларға кіріспе сөзімен ҚР ТЖ вице-министрі В.В. Петров сөз сөйледі. Оқу барысында неміс қызметтерінің өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою неміс жүйесін таныстырды, әсіресе ерікті қызмет ету институтына көңіл бөлінді.
15 наурызда неміс делегациясы өрт сөндіру бөлімдері мен «ОӨАЖҚЖ» барып қайтты, бұл бөлімшелердің өте жақсы ұйымдастырылуы мен жабдықтауын ерекше айта кетті.
Қорытындысында делегаттар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі  В.К. Божкомен кездесті, онда екіжақты ынтымақтастық жайлы мәселелер талқыланды. 
Хиого Іс-әрекеттер бағдарламасы - 2015 аясындағы Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің дүлей зілзалалар қатерін азайту жөніндегі өңірлік консультация
_MG_7448 2014 жылғы 1-2 сәуір аралығында Алматы қаласында Хиого Іс-әрекеттер бағдарламасы - 2015 аясындағы Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің дүлей зілзалалар қатерін азайту жөніндегі өңірлік консультациясы өтті, оған Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаментінің директоры С.Ғаббасов бастаған ҚР ТЖМ қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – 2015 жылғы 14-18 наурызда Сендайда (Жапония) өтетін ІІІ Халықаралық Зілзалалардың қаупін азайту бойынша конференциясында қабылдануға жоспарланып отырған Хиого Іс-әрекеттер бағдарламасы – 2015 қарастырылатын өңірдің негізгі басымдықтарын анықтау. Бүкіл дүниежүзінде бұндай 6 өңірлік консультация өткізуге жоспарланған, оның ішінде бұл кездесу алғашқы болды.
Бұл іс-шараға Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ елдерінің, БҰҰ агенттіктерінің және басқа да халықаралық ұйымдардың 160-тан астам өкілдері, оның ішінде БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия бойынша БҰҰ Өңірлік орталығының басшысы Мирослав Енча мен БҰҰ Дүлей зілзалалардың қаупін азайту халықаралық стратегиясы Өңірлік үйлестіру департаментінің басшысы Нил Макфарлэйн қатысты.
Екікүндік консультациялардың қорытындысы бойынша ІІІ Халықаралық Зілзалалардың қаупін азайту бойынша конференциясының Ұйымдастыру комитетіне жолданатын екінші Хиого Іс-әрекеттер бағдарламасына қосуға ұсыныстар мен жақтардың міндеттемелері жасап шығарылды.
  
   DSC_0001 2014 жылғы 1-4 сәуір аралығында Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары И Пэйджоиан бастаған Қытай Халық Республикасы Азаматтық әкімшілік министрлігі делегациясының Астанаға сапары болы.
    DSC_0009 Сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді талқылау және келісу, әрі ү.ж. мамырда «Қазқұтқару-2014» халықаралық семинар-жиынға Қазақстанға ҚХР Азаматтық әкімшілік вице-министрі Цзян Ли ханымның жоспарлаған сапарын талқылау.
    Өткізілген кездесулердің қорытындылары бойынша тараптар Келісім мәтінін пысықтап, өз елдерінде ішкі мемлекеттік келісу процедураларын жеделдету бойынша шаралар қолдануға келісті. Цзян Ли ханымның Қазақстанға келу күндері мен бағдарлама жобасы келісілді.
     Қорытындысында делегаттар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божкомен кездесті.
DSC_0011 DSC_0022
 

    DSC_0036 2014 жылғы 10 сәуірде ҚР ТЖ Министрі В.К. Божконың Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Шаукат Али Мукадаммен кездесуі өтті, онда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мукадам мырза Пәкістан Қазақстанның бастамаларын қолдайтынын хабарлады, оның ішінде ҚР ДСҰ кіру, EXPO 2017 өткізу, 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ҚР кандидатурасын ілгерілету. Сондай-ақ, жақтар Ауғанстан бойынша Стамбул процессі аясындағы бірлескен жұмыс жайлы пікірлермен алмасты.
    Мукадам мырза Пәкістан ТЖ басқару бойынша ұлттық агенттік төрағасының Бірлескен іс-шаралар жоспары үшін тәжірибе алмасу және өңірлік апаттар мен қауіптер бойынша деректер қоймасын құру халықаралық конференциясына қатысуға шақыруын берді. Сонымен бірге, ол Пәкістанның ТЖ басқару бойынша ұлттық агенттігіне келіп кетуге шақырды.
 
2014 жылғы 1-4 сәуір аралығында Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары И Пэйджоиан бастаған Қытай Халық Республикасы Азаматтық әкімшілік министрлігі делегациясының Астанаға сапары болы. kitaic1
Сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді талқылау және келісу, әрі ү.ж. мамырда «Қазқұтқару-2014» халықаралық семинар-жиынға Қазақстанға ҚХР Азаматтық әкімшілік вице-министрі Цзян Ли ханымның жоспарлаған сапарын талқылау.
Өткізілген кездесулердің қорытындылары бойынша тараптар Келісім мәтінін пысықтап, өз елдерінде ішкі мемлекеттік келісу процедураларын жеделдету бойынша шаралар қолдануға келісті. Цзян Ли ханымның Қазақстанға келу күндері мен бағдарлама жобасы келісілді.
Қорытындысында делегаттар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божкомен кездесті.
 
pakest1 2014 жылғы 10 сәуірде ҚР ТЖ Министрі В.К. Божконың Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Шаукат Али Мукадаммен кездесуі өтті, онда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мукадам мырза Пәкістан Қазақстанның бастамаларын қолдайтынын хабарлады, оның ішінде ҚР ДСҰ кіру, EXPO 2017 өткізу, 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ҚР кандидатурасын ілгерілету. Сондай-ақ, жақтар Ауғанстан бойынша Стамбул процессі аясындағы бірлескен жұмыс жайлы пікірлермен алмасты.
Мукадам мырза Пәкістан ТЖ басқару бойынша ұлттық агенттік төрағасының Бірлескен іс-шаралар жоспары үшін тәжірибе алмасу және өңірлік апаттар мен қауіптер бойынша деректер қоймасын құру халықаралық конференциясына қатысуға шақыруын берді. Сонымен бірге, ол Пәкістанның ТЖ басқару бойынша ұлттық агенттігіне келіп кетуге шақырды.
SOTRUD1 Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Бас Ассамблеясының 21-сессиясы
2014 жылдың 24-25 сәуірінде Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас Ассамблеясының 21-сессиясы өтті, оған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петров пен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы Э.Қ. Төребекова қатысты.
ХАҚҰ-ның жоғары органы ретінде Бас Ассамблея басты оқиға болып табылады, онда ақырғы сессиядан кейінгі кезеңде (Женева, 2012 жыл) ұйымның жетістіктері туралы ақппарат беріледі, Бас Ассамблеяның төрағасы мен төрағасының орынбасары, Атқарушы кеңес мүшелері сайланып, бақылаушы-мемлекеттер мәртебесі қарастырылады, сондай-ақ мүше-мемлекеттерде жүзеге асырылатын жобалар туралы ақпарат ұсынылады.
Сессияға 40 мүше – мемлекеттерден, 6 байкаушы-елдерден, 6 үлестес мүшелерінен 150-ден астам өкіл қатысты.
Аталған отырыстың барысында төрт жылғы мандатқа (2015-2018 жж.) ХАҚҰ Бас хатшысы ретінде бірауздан Владимир Кувшинов сайланды.
Сонымен қатар, ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 21-ші Сессиясы күн тәртібінің маңызды мәселелерінің бірі ХАҚҰ Атқарушы Кеңесі құрамының құрылуы болды.
Сессия барысында Қазақстан Республикасы ХАҚҰ Атқарушы Кеңесінің құрамына кірді.
Атқарушы Кеңес шеңберінде бірлескен жұмыс Қазақстан Республикасына мүше-мемлекеттермен әрекеттесудің жаңа сапалы деңгейіне  шығуға мүмкіндік беріп, және де азаматтық қорғаныс саласында өзара тиімді ынтымақтастықты бұдан былайғы дамуы үшін негізі болады.
Халықаралық ынтымақтастық департаменті
image001 1. 2014 жылғы 13 мамырда ҚР ТЖ Министрі В.К. Божконың Орталық Азиядағы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Өңірлік өкілі Б. Дойльмен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – ізеттілік кездесу мен ынтымақтастық үшін келешекті бағыттарды жандандыру.
2. 2014 жылғы 15 мамырда ТЖ алдын алу департаментінің директоры Е.Қ. Төлеужановтың бастамалығымен ҚР ТЖМ өкілдерінің Дүниежүзілік банктың Еуропа мен Орталық Азиядағы дүлей зілзалалардың қаупін басқару бойынша өңірлік үйлестірушімен кездесуі өтті. Мақсаты - дүлей зілзалалардың қаупін басқару саласында ынтымақтастықтың келешегін талқылау.
3. Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы С.Ғ. Әубәкіров бастаған ҚР ТЖМ делегациясы 2014 жылғы 20-23 мамыр аралығында Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы) 7-ші «Кешенді қауіпсіздік 2014» халықаралық көрмесіне қатысты. Мақсаты – төтенше жағдайларды жоюға арналған іздеу-құтқару құралдары мен техниканың соңғы жаңа өнімдерімен таныстыру, және де ресейлік әзірленімдерді көрсету мен ресейлік жағдайларда жаңа шетелдік жетістіктерді енгізу.
image0034. 2014 жылғы 24-28 мамыр аралығында Қазақстан Республикасына Бас хатшы В. Кувшинов бастаған Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымы делегациясының іссапары өтті. Мақсаты – «Қазқұтқару - 2014» халықаралық жиын-семинардың ашылу ресми рәсіміне қатысу мен «Жартасты қала - Астана» оқу-жаттығу полигонымен танысу.
5. 2014 жылғы 23 маусымда ҚР ТЖМ-нде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божконың Әзербайжан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі К. Гейдаровпен кездесуі өтті.
Жақтар біздің министрліктер арасындағы өзара әрекеттесудің жоғары деңгейін атап өтті және ынтымақтастықтың келешектегі бағыттарын талқылады. Келесі жылы біріккен қазақстандық-әзербайжандық оқу-жаттығуларды өткізу және ведомстволық оқу орындары арасында тәжірибемен алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

0101013 2014 жылғы 28 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Келісімге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божко мен Қытай Халық Республикасы Азаматтық әкімшілік вице-министрі Ли Цзян қол қойды.

image001 2014 жылғы 25-30 мамырда ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы А. Сәдудің Норвегияға сапары болды. Осло қ. Норвегияның Төтенше дайындау жүйесін дамыту бойынша агенттіктің директорымен, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жоспарлау бойынша директораттың басшысымен кездесулер өтті. Сапар барысында қазақстандық өкілдер жекеше тамақ үлесін өндіру мен қолдану норвегиялық тәжірибесімен танысты.

DSC_07172_1 Орманды дала өрттері орын алған жағдайда шұғыл әрекет ету мақсатында 2014 жылғы 6 маусымда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафоновка селосында «Атырау облысы Құрманғазы ауданы трансшекаралық аумағында орманды дала өрттерін сөндіру» тақырыбында өрт - тактикалық оқу-жаттығу өтті. Аталған оқу-жаттығуды өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасы Атырау облысы ТЖМ жүйесі мен Ресей Федерациясы Астрахань облысы ТЖМ жүйесінің бірлескен түрде орманды дала өрттерін жою, олардың өрт қауіпті жазғы мезгілде трансшекаралық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша мүмкіндіктерін келісу және жетілдіру болды.
Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің шекарасына шектес өрт сөндіру бөлімдері құтқарушылары трансшекаралық аумақта орын алған орманды дала өрттерін жою бойынша бірлескен іс-әрекеттері пысықтады. DSC_07172
Оқу-жаттығудың тактикалық мәні бойынша құрғақ найзағайлы разряд себебінен Құрманғазы ауданы орман шаруашылығының №5 және №6 кварталындағы ашық орманды дала аумағында өрт орын алады. Өрттің орманның төменгі жағынан басталып, жоғарғы жағына таралу қаупі бар. Оңтүстіктенұйтқыған желдің жылдамдығы секундына 12,5 метр. Өрт Ресей Федерациясы Астрахань облысының орман шаруашылығы аумағына шектес емес, №7 және №8 кварталға таралу мүмкін.
Жаттығуды өткізу кезінде трансшекаралық сипаттағы ТЖ жою үшін Ресей аумағына Қазақстан Республикасы ТЖМ бөлімшелерінің күштер мен құралдарының қарапайым өту жолдары көрсетілді.
Бұл оқу-жаттығудың ерекшелігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омаров Болатбек Бөлемісұлы, өз сөзінде Қазақстан мен Ресей ТЖМ бірлескен іс-әрекетінің үйлесімділігін және олардың әрқайсысының өздерінің міндеттерін тиісті деңгейде орындағандығында екендігін ерекше атап өтті. 
«Бұл оқу-жаттығуды өткізудің мақсаты - өрт қауіпті кезеңге күштер мен құралдардың дайындығын тексеру ғана емес, өрт сөндіру тактикасы мен техникасы бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ, орман өрттерін жою кезіндегі түрлі органдардың өзара іс-әрекетін пысықтау. Әр құрылымның жауапкершілігін және аталған шараны өткізуге нақты орын анықтау қажет болды. Ресей Федерациясы ТЖМ Астрахан облысы Жедел Бас басқарма жетекшесі, ішкі істер майоры Сергей АлексадровичСоболев сөзінде, бұндай шаралар біздерге өзара тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берді және де алдағы уақытта өз қызметімізді бұдан әрі жетілдіру үшін бұндай жаттығулардың тағы да өтетіндігіне сенімді екендігін айтып өтті.
Трансшекаралық табиғи өртті жою үшін  іс-әрекетті практикалық пысықтауға барлығы қазақстандық тараптан 29 бірлік техника мен 85 адам, Ресей ТЖМ ММ тарапынан 2 бірлік техника мен 10 адам және жергілікті өртке қарсы құралымдар жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға қорытынды жасау кезінде Ресей және Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің жоғары ұйымдастырушылығы мен жұмыстарының жөнге салынғандығы атап өтілді.

IMG_8005 2014 жылғы 10-12 маусым аралығында ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы базасында Халықаралық консультативтік топ далалық үйлестіру орталығының БҰҰ (ИНСАРАГ) іздестіру және құтқару мәселелері жөніндегі жұмысы бойынша семинары өтуде.
Семинарды Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы және Қазақстан мен Беларусь ТЖМ оқытушы құрамы өткізуде.
Семинар жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларуссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан төтенше жағдайлар құрылымының өкілдері қатысады, оларға Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған ауқымды төтенше жағдайларға жедел ден қою мен зардап шеккен мемлекеттерге көмек көрсетудің негізгі ережжелері түсіндірілетін болады.
Семинар жұмысы барысында тыңдаушылар ИНСАРАГ басқарушы қағидаттарымен және зілзалалар мен апаттарға ден қою бүкіләлемдік желісінің дамуымен; халықаралық деңгейдегі қиратушы жер сілкіністерінің салдарын жоюға қатысушы іздестіру-құтқару жасақтарының іс-әрекеттерін үйлестірумен; әртүрлі төтенше жағдайларға ден қоюшы іздестіру-құтқару бөлімшелері мамандарының дайындығымен танысады.  
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ауқымды төтенше жағдайларға ден қоюдың халықаралық механизмдерін әрі қарай интеграциялау мақсатында ИНСАРАГ әдіснамасы бойынша «KAZEMERCOM» ҚР ТЖМ іздестіру-құтқару жасақтарының дайындығы өтіп жатыр.
Жасақ кураторы - Ресей құтқару орталығы халықаралық класс құтқарушысы Г.А.Корольковтың қатысуымен «Жартасты қала – Астана» ҚР ТЖМ полигонында халықаралық аттестаттау қорытынды фазасының практикалық оқу-жаттығуын өткізу семинардың соңғы кезеңі болады.

DSC_0254      2014 жылғы 10-12 маусымда Астана қ. Қорғас өзені бассейніндегі мұздық көлдерінен төнген қауіп-қатерлерді талдау және болдырмау мәселелері бойынша ҚР мен ҚХР сарапшылардың жұмыс тобының 5-ші отырысы. Жақтар селге қарсы бөгеттің құрылысымен келісті, сонымен бірге келешекте де Қорғас өзені бассейніндегі селдер мен су тасқындарының мүмкін залалдарымен бірлесіп күресу туралы шешім қабылданды.

almata1 2014 жылғы 7 шілдеде Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласында «Республикалық азаматтық қорғау  оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС базасында ХБРЯ апаттарды болдырмау бойынша халықаралық курстардың ашылу рәсімі өтті. Курсқа қатысушылар Болгария, Чехия, Украина, Грузия, Әзербайжан, Беларуссия, Армения, Молдавия, Қазақстан өкілдері.
almata2 НАТО-ның Азаматтық қорғау аумағындағы жоспарлау тобының төрағасы Рагнер БО және Азаматтық қорғаныс департаментінің директоры, генерал-майор Ж.Жұмашев құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөзінде аталған курстың негізі мақсаттары мен міндеттері туралы таныстырып өтті. Осы топтың ең басты мақсаттары: ХБРЯ Халықаралық білім бағдарламасын оқу; әр елдің өз аумағында ХБРЯ- дайындық жүргізілуіне байланысты радиациялық, химиялық және бактериологиялық қорғаныс жайлы  теориялық және практикалық білім негіздерін жеткізу.
Курстық оқу бағдарламасы ұлттық немесе халықаралық дәрежеде төтенше жағдайларға байланысты білім алатын инстукторларға арналған. Оқып жатқан топтар ұлттық оқу орындарының, азаматтық қорғау мекемелерінің инструкторлары болуы керек тыңдаушылардан құралады (азаматтық және  әскери адамдар). Өрт сөндірушінің, құтқарушының, медицина қызметінің теориялық және практикалық дайындығын білуі керек. Сонымен қатар ХБРЯ – тренингтерінің шұғыл көңіл бөлу тәжірибесі болуы керек.

DSC_0001 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде 22 шілдеде ТЖМ қызметкерлері Дүниежүзілік Банктің Қазақстан Республикасындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі қауіптерден сақтандыру және каржыландыру жүйесін қолдау бойынша өкілдерімен кездесті. Мақсат - ҚР Үкіметіне зілзаланың қауіп қатерінен міндетті түрде сақтандыру мемлекеттік бағдарламасын еңгізуге техникалық қолдау көрсету бойынша Дүниежүзілік Банктің бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қажетті мағлұматтарды жинау.  

2014 жылғы 18-22 тамызда Қазақстан Республикасы аумағында «Ұжымдық қауіпсіздік Орталық Азия аймағындағы ҰҚШҰ ұжымдық жедел ден қою күштерінің контингентін пайдалану» тақырыбында «ҰҚШҰ ЖДҚҰК контингентімен Өзара іс-қимыл 2014» бірлескен оқу-жаттығулар өтті. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы құтқару бөлімшелері және Беларусь Республикасы ТЖМ-нің жедел тобы оқу-жаттығуға қатысты.

2014 жылғы 30 тамыз – 4 қыркүйек аралығында трансшекаралық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелерінде өзара іс-қимылды дамыту, көршілік тату қарым-қатынастарды нығайту үшін Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлері ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы Үрімші қаласына ресми делегацияның құрамында жұмыс сапарымен барды. Кездесу барысында тараптар трансшекаралық төтенше жағдайда ақпарат алмасу мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті, партия басшылығы мен ШҚО шекара жанындағы қалалар әкімшілігінің басшыларымен жұмыс байланыстары орнатылды.

2014 жылғы 5 қыркүйекте Алматы қ. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В. Божко төрағалығымен ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің Төтенше жағдайлар үйлестіру кеңесінің жетінші отырысы болып өтті.

2014 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасында азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2014 жылғы 17 қыркүйекте Талдықорған қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы өткізілді. Отырыс барысында өнеркәсіптік ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, машина жасау, көлік және коммуникация, ғарыш өнеркәсібі, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салалардағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады. Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың 2014-2015 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асырудың бірінші жылы қорытындылады.
Комиссиясының кездесу барысында бизнес-форум өткізіліп, оның барысында екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік кездесулері болып өтті. Алматы облысының кәсіпорындарының өнімдерінің, Қазақстандық жер игеру, картоп және көкөніс өндіру ғылыми-зерттеу институттарының жетістіктерінің көрмесі, сондай-ақ «Жерұйык-Талдықорған» жылыжай кешенімен, «Асыл» асыл мал тұқымдары өсіру фермасымен, Текелімоноқаласымен, шағын ГЭС каскадымен танысу өткізілді.
2014 жылғы 18-19 қыркүйекте ҚР ІІМ ТЖК делегациясы Бішкекте «Зілзалалар қаупін төмендету саласындағы өңірлік ынтымақтастық» екінші аймақтық министрлік конференциясына қатысты.
Конференцияға төтенше жағдайлар және Орталық Азия, Жапония елдерінің сыртқы істер министрліктернің алдын алу және оларды жою жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарының, БҰҰ органдарының, басқа да халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференцияның басты мәселесі «Орталық Азия мен Жапония» диалогы шеңберінде зілзалалар қаупін төмендету саласындағы Орталық Азия өңіріндегі ведомстволардың басшылары жоғары деңгейдегі платформа құру мәселесін талқылау болды.

2014 жылғы 29 қыркүйекте Астрахань қ. Каспий маңы мемлекеттері басшыларының төртінші саммиті аясында Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2014 жылғы 20-21 қазанда ҚР ІІМ ТЖК өкілі 1993 жылғы 22 қаңтардағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер еңгізу туралы хаттаманың жобасын қайта қарау және келісу бойынша сарапшылар тобының екінші жиналысына қатысты.
Кездесу қатысушылары, 1993 жылғы 22 қаңтардағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасын мемлекетішілік келісу қортындысы бойынша ТМД Атқару комитетіне Армения Республикасы, Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасы ұсыныстарын қарастырды.
Кездесу барысындағы ең күрделі мәселе кеңес шешімін қабылдау рәсімдерін бекіту болды.
Нәтижесінде, кеңес шешімдерін қабылдау рәсіміне қатысты IV бөлімнің 8-тармағын жаңа редакция туралы Өзбекстан Республикасының ұсынысы түзетулермен ескерілді. Сонымен қатар осы мәселе бойынша Өзбекстан Республикасының түбегейлі ұстанымын ескере отырып, отырыстың қатысушылары IV бөлімнің 8-тармағының ымыралы редакциясын ұсынды. Отырысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің консенсусы көпшілік дауысымен Кеңестің шешiмдер қабылдау тәртібі анықталды.
Осылайша, Кеңестiң кез келген шешiмін қабылдауға ресми қарсылық мүмкіндігі оның отырысында мемлекет өкілінің міндетті түрде қатысуымен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің шешімдерін тоқтату туралы ТМД Үкімет басшыларының Кеңесінің шешім жобасы келісілді.

2014 жылғы 3-7 қарашада ҚР ІІМ ТЖК делегациясы Германиядағы өріктілік өрт қызметтердің жүйесін зерттеу үшін Бонн қаласында болды. Сапар нәтижесі бойынша қорытындылар мен ұсыныстармен есепті ұсынылды.
2015 жылы GIZ ҚР ІІМ ТЖК басшыларын ҚР ІІМ министрдің орынбасары В. Божконың басшылығымен ерікті өрт сөндірушілердің пилоттық жобасын іске қосу мүмкіндігін жан-жақты талқылау үшін Германияға келуге шақырды.

2014 жылғы 4-5 қарашада Ереван қаласында (Армения Республикасы) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі ТМД мемлекетаралық кеңесінің кезекті XXVII сессиясы өтті.
Отырысқа ҚР ІІМ ТЖК төрағасы В. Петров, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А. Григорян және «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ президенті Р. Жұмағалиев қатысты.

2014 жылғы 17-21 қарашада Санкт-Петербург қ. Халықаралық өрт сөндірушілер және құтқарушылар спорт федерациясының XV Халықаралық конференциясы өтті, оған министрдің орынбасары В. Божко және ҚР өрт сөндірушілер және құтқарушылар федерациясының президенті Н. Микин қатысты.

2014 жылғы 24-25 қарашада Бішкек қ. (Қырғыз Республикасы) ҚР ІІМ ТЖК өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік органдардың уәкілетті сарапшыларының Орталық Азиядағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы табиғи апаттар қаупін азайту саласындағы өңірлік ынтымақтастық мәселерін талқылау бойынша бірінші отырысы өтті.
Кездесудің мақсаттары:
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық жоспарларын үйлестіру бойынша ұсыныстарды жинақтау;
ынтымақтастық туралы екінші аймақтық министрлік конференциясының барасында ұсынылған зілзала қаупін төмендету саласында Орталық Азияның өңірлік ынтымақтастық елдерінің жобасын талқылау;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы Орталық Азия елдерінің төтенше жағдайлар ведомстволарының сараптама тобының жұмыс регламентін әзірлеу.
Кездесу барысында сараптама топтары халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 2015 жылғы наурыз айында Сендай қ. (Жапония) өтетін Зілзалалар қаупін азайту бойынша үшінші дүниежүзілік конференцияға дайындалу бойынша 2015 жылғы 29-30 қаңтардағы министрлік кездесудің барысында төтенше жағдайлар алдын алу және жою саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларының қарауына және мақұлдауына ұсынылатын 4 құжат жобасы дайындалды:
«Трансшекаралық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы Орталық Азия республикаларының шекаралас облыстарының өзара іс-қимыл жоспары» жобасы;
Зілзалалар қаупін азайту бойынша Орталық Азия елдерінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарының өңірлік ынтымақтастығын нығайтудың шекті негіздерінің жобасы;
Зілзалалар қаупін азайту бойынша Орталық Азия елдерінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарының өңірлік ынтымақтастығын нығайтудың шекті негіздерін іске асыру жөніндегі іс-шаралары жоспарының жобасы;
2015 жылдан кейінгі кезеңде зілзалалар қаупін азайту бағдарламасы бойынша Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ өңірі елдерінің бірлескен бағдарламалық өтінішінің жобасы.

2014 жылғы 1-6 желтоқсан аралығында Бейжің қ. (ҚХР) Хоргос өзенінің бассейінде мұз көлдерінің қауіп-қатерлерді талдау және алдын алу жөніндегі ҚР және ҚХР сарапшылары қатысқан 6-шы жұмыс кездесуі өтті. ҚР ІІМ ТЖК-дан Төтенше жағлайлардың алдын алу басқармысы басшысының орынбасары А. Майлыбаев, Төтенше жағлайлардың алдын алу басқармысы табиғи сипаттағы төтенше жағлайлардың алдын алу бөлімінің басшысы А. Нұрқанов, Халықаралық ынтымақтастық баскармасының бас сарапшысының міндетін атқарушысы А. Сеитбаева және ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ басшысының орынбасары Т. Бекболов іссапарға жіберілді.

2014 жылғы 2 желтоқсанда ҚР ІІМ ТЖК қызметкерлері және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) халақаралық сарапшыларымен бірге кездесуі өтті.
Кездесуінің мақсаттары – төтенше жағлайлар уақытында балаларға көмек көрсетудін негізгі міндеттемелерді талқылау және оларды төтенше жағлайлардың алдын алу және жою жөніндегі нормативік құқықтық актілеріне енгізу, сонымен қатар, 2014 жылғы 3 желтоқсанда Астана қ. «Төтенше жағлайлар уақытында балаларға көмек көрсету халақаралық стандаттары» тақырыбы бойынша семинарды өткізу.

2014 жылғы 6-11 желтоқсан аралығында ҚР ІІМ ТЖК өкілдері ҚХР Зілзалалар қауіпін азайту бойынша ұлттық орталыққа іссапармен барды. ҚР ІІМ ТЖК-дан Техникалық қызмет және құлақтандыру басқармасы басшысының орынбасары А. Кожух, Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бөлімінің басшысы А. Мырзабаев, Халықаралық ынтымақтастық баскармасының бас сарапшысы А. Кәріпбаев, Ақпараттық-аналитикалық басқармасының бас сарапшысы А. Исенов және Ақпараттық-аналитикалық басқармасының сарапшысы Д. Ахмедиев іссапарға жіберілді.

2014 жылғы 8 желтоқсанда ҚР ІІМ ТЖК қызметкерлері Жапония халақаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен бірге төтенше жағдайлардың алдын алу саласында жобасын қалыптастыру жөнінде кездесуі өтті. Миссиясының мақсаты – осы саласында ынтымақтастық жоба идеясын ұсыну, Қазақстаның білікті ғылыми институтарымен пікір алмасу, сонымен қатар төтенше жағлайлардың алдын алу жөніндегі әрі-қарай ынтымақтастықтың бағыттарын келісу.

2014 жылғы 14-27 желтоқсан аралығында Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы М. Қайсанов Қазақстаның шет елдерге дамуына ресми көмек саласында заңдардың жобалау жұмыс тобының құрамында Жапонияға (Токио, Кобэ, Киото, Осака қалалары) іссапарымен барды. Сапар мақсаты – жұмыс тобының мүшелерді дамуына ресми көмек саласында дүниежүзінің ең үздік тәжірибесімен таныстыру.
2014 жылғы 18 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1319 қаулысы қабылданды. Аталған хаттамаға 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылды.
Әзербайжан Республикасының ТЖМ Академиясының азаматтық қорғау органдары үшін кәсіби мамандарды дайындау тәжірибесін зерттеу үшін 2014 жылғы 18-21 желтоқсан аралығында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары В.Р. Беккер және ҚР ІІМ ТЖК-нің КТИ бастығы С. Шәріпханов іссапарымен барды.
 

2014 жылғы 23-26 желтоқсан аралығында ҚР ІІМ ТЖК делегациясы РФ ТЖМ Дағдарыс жағдайларда басқару ұлттық орталығына және Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар мәселелері жалпы ресейлік ғылыми-зерттеу институтына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында Ақпараттық-талдау басқармасының басшысы Қ. Джазыбаева, ТЖ алдын алу басқармасының бастығы М. Хасенов, Ақпараттық-талдау басқармасының сарапшысы Д. Ахмедиев және Павлодар облысының ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы С. Сытник болды.