ums4 2016 ж. акпанның 2-де ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко ЮНИСЕФ төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасы Орталық және Шығыс Европа елдері бойынша аймақтық офистің басшысы Роберт МакКартимен жұмыс кездесуді өткізілді.
Кездесу барысында ҚР ІІМ ТЖК мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыланды .
В.Божко төтенше жағдайларды жою жөніндегі тәжірибесін зерттеу мен алмасу бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы айтты.
Роберт МакКарти өз кезігінде халықты төтенше жағдайларда мінез-құлық ережелеріне оқыту саласында белсенді жұмыс үшін алғыс білдірді.

2016 ж. 24 ақпанда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті
Кездесудің мақсатты - Ұжымдық жедел ден қою күштерінің құрамасына кіретін ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің төтенше кызметтерінің дайындығынын жоспардан кенеттен тексерулер үйлестіру.

Сонымен қатар, тараптар технологиялар және кадрлар әзірлеу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.


2016 ж. сәуірдің 20-да Төтенше жағдайлар комитетінде Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. В. Ильин БҰҰ «ЮНИСЕФ» Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Ю.В Оксамитныймен кездесті
Кездесу барысында бірлескен жұмысының мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі келешегін талқыланды.
Сонымен қатар, жаңа білім мен әдістерді тарту және жүзеге асыру мақсатында халықаралық тәжірибе алмасу маңыздылығын атап өтті.

2016 жылғы 4-7 мамыр аралығында Астрахань қаласында (Ресей Федерациясы) «Каспий – 2016» халықаралық кешенді оқу-жаттығуын жоспарлау мақсатында Каспий маңы мемлекеттердің құзыретті органдары сарапшыларының кездесуде ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс басқармасы халықты және аумақты қорғау бөлімінің аға офицері Қанат Онғарбекұлы Тұрысбаев және Атырау облысының ТЖД-нің азаматтық қорғау бөлімінің төтенше жағдайларды жою бөлімшесінің бастығы Қайрат Махметұлы Темірболатов қатысты.

2016 жылғы 11-12 мамыр аралығында Бишкек қаласында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Т. Қ. Нұрмағамбетов Қорғаныс Атқарушы кеңесінің 49-шы отырысында және Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы
Бас Ассамблеясының 22-ші Сессиясына қатысты.
ХАҚҰ Атқарушы кеңесінің сессиясында Бас хатшысы 2015 жылға арналған есеп ұсынылды. Сонымен бірге өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шарада 45 елден делегация өкілдері қатысты.
vstrecha vstrecha vstrecha

31 мамыр мен 2 маусым аралығында Брюссель қаласында (Бельгия) ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Т. Қ. Нұрмағамбетов химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық тәуекелдерді азайту жөніндегі Еуропалық Одақ шеберлік орталықтарының ұлттық үйлестірушілерінің 4-ші Халықаралық кездесуде қатысты.
Іс-шараның мақсаттары ағымдағы және болашақ іс-шаралардың талқылау, қатысушы елдердің қажеттіліктерін бағалау, ұлттық іс-қимыл жоспарларын әзірлеу болып табалды.

2016 жылғы 30 мамыр мен 3 маусым аралығында Алматыда Химиялық, бактериологиялық, радиологиялық және ядролық инциденттерді болдырмау жөніндегі халықаралық курстары өтті. Курстардың жұмысына Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия мен Украина өкілдері, Чехия мен Болгариядан НАТО-ның сарапшы-өкілдері қатысты.
Курстардың негізгі мақсаттары: ХБРЯ-тренингтерінің Халықаралық білім беру бағдарламасымен таныстыру және оны зерделеу, сондай-ақ өз мемлекетінің шеңберінде ХБРЯ-ға дайындықтың оқу бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті химиялық, бактериологиялық, радиологиялық қорғаныс саласында теориялық және практикалық білімдерін ұсынуға арналған.
DSC_2384 karlsberg01 karlsberg01 karlsberg01 karlsberg01

 


2016 жылғы 14 маусымда Астанада Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінің ұйымдастыруымен «Халыққа тыныс-тіршілік қызметі қауіпсіздігінің негіздерін үйрету және әлеуметтік желілер арқылы төтенше жағдайларға ден қою» тақырыбындағы Қазақстан-Беларусь-Ресей үшжақты семинары басталды.
Халықаралық іс-шара халыққа тыныс-тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін үйрету, төтенше жағдайлар туралы анық емес және араңдатушы хабарламалардың алдын алу мен оларға ден қою бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өткізілуде.
Семинарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин ашты, ол бүгін халыққа төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын жаппай үйрету мақсатында құтқарушылардың білім беру мекемелерінде де, ақпараттық ресурстар арқылы да белсенді жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар министрдің орынбасары осы семинар халықты оқытудың қолда бар әдістемелерін жетілдіру саласындағы жұмысты күшейтуге көмектесетініне сенім білдірді.
Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы ТЖ министрліктері делегацияларының басшылары құттықтау сөз сөйледі.
Тақырыптарды талқылаған соң мектеп оқушыларына ТЖ кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын үйрету тәжірибесін зерделеу мақсатында семинар қатысушылары Астана қаласының № 63 мектеп-гимназиясына барды, ол жерде мектеп оқушылары ТЖ-ның алдын алу және олар орын алған кездегі жүріс-тұрыс саласындағы өз білімдерін паш етті. Оқу орнында төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын оқыту мамандандырылған кабинет бар.
Сонымен қатар семинар қатысушылары Астана қаласының Оқушылар сарайында мектеп жанындағы лагерьлердегі балалармен кездесті. Жазғы демалыс уақытында балалардың бос болмауының маңыздылығын есепке ала отырып «Жас құтқарушы» үйірмесі жұмыс істейді.
Экскурсия бағдарламасы аясында шетел делегациялары Қазақстан астанасының көрікті жерлерімен танысты.
2016 жылғы 15 маусымда Қазақстан-Беларусь-Ресей үшжақты семинарға қатысушылар Қарағанды облысына келді.
Халықаралық семинар аясында Қарағанды облысының ТЖ департаменті дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара барысында төтенше жағдайларда халықты оқыту және ақпараттандыру, тыңдаушылар санатын өмір қауіпсіздік негіздеріне үйрету, өртке қатысты алдын алу және профилактика, SMS жөнелтілімдер арқылы халықты хабардар етуге, сондай-ақ халықты өмір қауіпсіздік негіздеріне үйрету сұрақтары талқыланды.
Сонымен қатар қонақтарға шахтерлер астанасы бойынша, Долинка кентіндегі Саяси репрессия құрбандарына арналған мұражайына, Теміртау қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
2016 жылғы 15 маусымда өзара ынтымақтастық бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде үшжақты Қазақстан-Беларусь-Ресей семинарына қатысушылар Ақмола облысы Щучинск қаласындағы № 23 Мамандырылған өрт сөндіру бөліміне келді.
Делегация өкілдері бөлімдердің өрт сөндіру техникасымен жарақталуы және жабдықталуы, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін бағалады.
seminar_1 seminar_1 seminar_1
seminar_1 seminar_1 seminar_1

2016 жылғы маусымның 16-да ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Т. Қ. Нұрмағамбетов Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігін саясат, баспасөз және ақпарат мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Камен Величковпен кездесті.
Бұл кездесу Величков мырзаның бастамасы бойынша 31 мамыр мен
2 маусым аралығында Брюссель қаласында (Бельгия) өткен химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық тәуекелдерді азайту жөніндегі Еуропалық Одақ шеберлік орталықтарының ұлттық үйлестірушілерінің 4-ші Халықаралық кездесуін талқылау үшін ұйымдастырылды.

2016 жылғы 20 маусымда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары
Ю. В. Ильин Көші-Қон жөніндегі халықаралық ұйымның (КХҰ) Орталық Азия мен Қазақстандағы миссиясының басшысы Деян Кесеровичпен және КХҰ Қазақстандағы Өкілдігі жобаларының ұлттық үйлестірушісі Светлана Жасымбековамен кездесті.
Кездесу мақсаты ҚР ІІМ және КХҰ арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.
ilin_vstrecha_1 ilin_vstrecha_1 ilin_vstrecha_1

2016 жылғы 22-23 маусым аралығында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі С.К. Битаев Минск қаласында өрт қауіпсіздігін қамтамсыз ету саласындағы қадағалау-бақылау қызметі мәселелері жөніндегі семинарға қатысты.
23 - 26 маусым аралығында ҚР ІІМ ТЖК КТИ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі К.Ж. Райымбековпен бірге Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы ТЖМ Азаматтық қорғау академиясы және Мемлекттік өртке қарсы қызмет академиясы тыңдаушылары мен курсанттарының оқу бітіруі жағдайы бойынша салтанатты іс-шараға қатысты.

2016 жылғы 12-14 шілде аралығында Астана қаласында Хоргос өзенінің бассейінде мұз көлдерінің қауіп-қатерлерді талдау және алдын алу жөніндегі Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасының сарапшылары қатысқан 9-шы жұмыс кездесуі өтті.
Қазақстандық делегациясыны ҚР ІІМ ТЖК-нің Төтенше жағлайлардың алдын алу басқармысы басшысының орынбасары А. Майлыбаев, ал қытай тарапты ҚХР-ның Су ресурстары министрлігі Құрылыс пен басқару департаментінің басқармысы басшысының орынбасары Чжан Яньмин басқарды.

2016 жылғы 1 тамызда ҚР ІІМ ТЖК төрағасы В.Р. Беккердің БҰҰ басқармасының Кавказ, Орталық Азия мен Украина Аумақтық Офисінің Басшысы Марсель Вассенмен кездесуі өтті.
БҰҰ құрылымда апаттар мен дүлей зілдалардың алдын алу және жоюмен айналысатын бірқатар ұйымдар бар деп атап өтті. Осыған байланысты мемелекеттік органдары мен халықаралық ұыймдар арасындағы үйлестіру және ынтымақтастық тәртібін реттейтін келісімді дамыту қажеттілігі бар.
В. Беккер ҚР ІІМ ТЖК-де тұрақты негізінде халықты төтенше жағдайларда өздерін қалай ұстау керектігін жөнінде оқыту жұмысы өткізеді деп атап өтті. Халықаралық ынтымақтастығын дамытуға назар аударады. Бүгінге азаматтық қорғау саласында 28 халықаралық шарттар бар. «KAZEMERCOM» ҚР ІІМ ТЖК бірлескен іздеу-құтқару жасағы ИНСАРАГ әдістеме бойынша аттестаттауға дайындық жұмыстары өткізеді.
Тараптар ҚР мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдары арасындағы сұхбат алаңы реттінде Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталығының мүмкіндігін талқылады.

cebt 2016 жылғы 7 қыркүйекте Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталығының басшылығы Қазақстандағы Жапон елшілігінің кеңесшісі Ясумаса Иидзима мырзамен кездесті.
Кездесу барысында Орталықтың директоры Валерий Петров Иидзима мырзаны Орталықтың жұмысымен, мақсаттарымен, потенциалымен таныстырды Барлық мүдделі тараптарымен халықаралық ынтымақтастық жүұзеге асыруға дайындығын туралы хабарлады.
Кездесу нәтижесінде Валерий Петров Жапон елшілігінің басшылығыны Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталығының 2016 жылғы 14 қыркүйекте Алматы қаласында ашылу рәсіміне қатысуға шақырды.

otkritie_centra 2016 жылғы 14 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің, Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің статс-хатшысы Таалайбек Темірәлиевтің, Қазақстан мен Қырғызстанның басқа да ресми тұлғалары мен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми мекемелер, сондай-ақ елшіліктер мен консулдар өкілдерінің қатысуымен қатысуымен Төтенше жағдайлар мен зілзала қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың ашылу салтанаты болды.
2013 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында Қазақстан мен Қырғыз Төтенше ведомстволарының басшылары Төтенше жағдайлар мен зілзала қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, оны Қазақстан Республикасы (2014 жылғы сәуірде) мен Қызғыз Республикасы (2015 жылғы шілдеде) парламенттері ратификациялады.

2016 жылғы 23 қыркүйекте Могилев қаласында Беларусь Республикасы ТЖМ, Казақстан Республикасы ІІМ, Ресей Федерациясы ТЖМ бірлескен IV Алқасының отырысы өтті. Казақстан делегациясын Ішкі істер министрдің орынбасары Ю.В. Ильин басқарды.

2016 жылғы 21-23 қыркүйек аралығында Астрахань қаласында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары М.М. Күлдіков басшылығымен ҚР ІІМ ТЖК делегациясы «Каспий-2016» халықаралық кешенді оқу-жаттығуына қатысты.

erevan-min 2016 жылғы 29 қыркүйекте Ереван қаласында армян тарабы төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына  мүше мемлекеттердің Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің  тоғызыншы отырысы өтті.

Қазақстандық тарапынан аталған іс-шарасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин, ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.С. Григорян және ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы
А.М. Жанғожинов қатысты.

 


2016 жылғы 10 қазанда Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Т.Қ. Нұрмағамбетов мен ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғау басқармасының аға офицері Р.К. Қабылбеков НАТО-ның Азаматтық төтенше жоспарлау жөніндегі комитеттің отырысына қатысты.


2016 жылғы 16-17 қараша аралығында Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлары бойынша Мемлекетаралық кеңесінің XXIX отырысы өтті.
Отырыс жұмысына ҚР ІІМ ТЖК Төрағасы полковник В.Р. Беккер мен ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.С. Григорян қатысты.

2016 жылғы 22-23 қараша аралығында Санкт-Петербург қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің консультативтік-сараптамалық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс жумысына ҚР ІІМ ТЖК Заң басқармасының басшысы
С.М. Жұматов қатысты.

2016 жылғы 30 қарашада Бишкек қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттері құтқару ведомстваларының екінші біріккен ғылыми-техникалық кеңес өтті.

2016 жылғы 9 желтоқсанда Астана қаласында Ауғанстан бойынша Ыстанбұл үдерісі шеңберіндегі Төтенше жағдайлар саласындағы сенім шаралары бойынша өңірлік техникалық топтың 5-ші отырысы өтті.

9 12 1 ; 9 12 1

2016 жылғы 22-23 қараша аралығында Тонсберг қаласында (Норвегия) ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары А.Т. Ертаев ХБРЯ қауіпсіздігі бойынша аймақтық оқу курстарының жетекшілер мен сарапшыларға арналған дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.