2016 жылы 6 ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысы өткізілді, олардың барысында 10 мәселе қаралды. 6 отырыстан 1 жоспардан тыс өткізілді.
9 ақпан:
- «Қар басу кезінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі қабылданатын іс-шаралар және ведомствоаралық өзара іс-қимыл»;
- «Халықаралық Аралды құтқару Қоры Атқарушы комитетінің «Гидрологияның Аумақтық Орталығы» Корпоративтік Қорының сел, оның ішінде сейсмогендік құбылыстарды болжау және оның алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстарын қарау;
- «Сейсмология институты» ЖШС ұсынған «Алматы қаласы және іргелес елді мекендер аумағында қатты және жойқын жер сілкінісін болдырмау бойынша екі сейсмикалық полигон құру туралы»;
10 наурыз (жоспардан тыс):
- «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі басқару органдарының, күштері мен құралдарының су тасқыны кезеңіне әзірлігі туралы»;
18 сәуір:
- «ТЖ қаупі және туындауы туралы тұрғындарды құлақтандыру және ақпараттандыру ұйымдастыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қабылданатын шаралар туралы»;
- «2016 жылғы өрт қауіпті кезеңінде Қазақстан Республикасы территориясында орман және дала өрттерін алдын алу және жою бойынша қабылданатын шаралар туралы»;
22 маусым:
- «Барлау, мұнай өндіру, оның ішінде мұнай құю объектілерінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қабылдаған шаралары туралы»;
- «Ағымдағы жылғы су тасқынына байланысты төтенше жағдайларға ден қою бойынша азаматтық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы»;
25 тамыз:
- «Қиратушы жер сілкінісі зардаптарын жою бойынша жұмыстарды жүргізуге және халықты тыныс-тіршілікпен қамтамасыз етуге орталық және жергілікті атқарушы органдар әзірлігін және «Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тиімді жұмысты арттыру бойынша кешенді шаралар» жол картасы іс-шараларын орындау туралы;
30 қараша:
- «Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2016-2017 жылдардағы қысқы кезенді қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру туралы».
 Ведомствоаралық мемлекеттік комиссиялар отырысы нәтижесінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
 Жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы қызметтерін үйлестіру мақсатында облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері және олардың құрылымдық бөлімшелері әр әкімдік үшін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша Төтенше жағдайлар комиссиялардың жыл сайынғы негізгі іс-шаралар жоспарына енгізілетін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өзекті проблемалық мәселелер тізбесін анықтайды.
Қазақстан Республикасында 1428 (2015 жылы - 1318) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша комиссия отырыстары өткізілді, соның ішінде:
- облыс, Астана және Алматы қалаларында – 124 (2015 жылы – 126);
- қалалық – 236 (2015 жылы – 219);
- аудандық – 1068 (2015 жылы – 973).
 2016 жылы Төтенше жағдайлар департаменттері бастамасы бойынша төтенше жағдайлар комиссия отырыстарында «2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына объектілерді дайындау барысы туралы», «Су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және өткізу», «Алыс орналасқан елді мекендерде және орман алқаптарында өртке қарсы қорғанысты арттыру туралы», «Адамдар жаппай болатын объектілердің өртке қарсы жағдайы туралы», «Ықтимал жер сілкіністерінің зиянын азайту бойынша қосымша шаралар және ғимарат пен имараттарды сейсмонығайту бойынша қабылданатын шаралар туралы», «Аса қауіпті жұқпалы аурулардың туындауының алдын алу және профилактикасы бойынша жұмысты күшейту туралы», «Жазғы шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау туралы» сияқты өзекті мәселелер қаралды.