Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру мақсатында Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның 3 отырысы ұйымдастырылды және өткізілді, олардың барысында 3 мәселе қаралды. (2 отырыс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Ұ. Маминнің төрағалығымен өтті). Отырыстар нәтижесінде ТЖ туындауының қауіп-қатерін азайту бойынша іс-шаралармен хаттамаларға қол қойылды.
2017 жылғы 14 ақпанда «Су тасқынына мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарының, күштер мен құралдарының әзірлігі туралы»;
2017 жылғы 30 мамырда «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және оларды жою бойынша 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасының жобасын қарау туралы»;
2017 жылғы 15 маусымда «2017 жылғы суға шомылу маусымына орталық және жергілікті атқарушы органдардың дайындығы және әзірлігі туралы».
1-жартыжылдықта аумақтық бөлімшелер 779 төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша комиссия отырысын өткізді.