БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №613 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
Министр
полиция генерал-майоры Е. Тургумбаев