Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 7 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 784 бұйрығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі консультациялық-кеңесші органдар болып табылады және азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылады