Қыркүйек айының демалыс күндері оңтүстік астанада жақсы жылы ауа райы тұрақты болды. Күн ыстық емес. Осы жағдайлар тауға шығуға тартып тұрады.Табиғаттың осындай мінезі тек қана қуаныш әкелмейтіні өкінішті, оған қоса келеңсіз жағдайлар туындайды.

18 қыркүйек күні Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші бөліміне тауда жоғалып кеткен адамдарға көмек қажеттігі жөнінде қоңырау түсті.
Хабар беруші әлеуметтік желіде табиғатты жақсы көретін адамдардың тобын жинап, демалыс күндері Шымбұлақ шыңына жорыққа алып шыққан. Бәрі жақсы өтіп жатқан, екі қыз жетекшісіне шаршағандығы және әрі қарай жүре алмайтындығын айтады. Осыдан кейін жетекші оларға өз беттерімен төмен түсуді ұсынады. Бұл ұсынысты тыңдаған қыздар қыйын жағдайға тап болады. Жоғалып кеткендердің айтуынша, екінші қыйындық тудырған жағдай - жолда кездескен адамның қысқа жолмен жүріңдер деген ұсынысы. Әрине кездескен адам оларға көмектескісі келген, бірақ, жаңадан тауға шыққан адамға бұл жолды жүріп өту қыйынға соғады. Қортындысында қөрсетілген соқпақпен жүре алмай, саяхатшылар адасқандарын мойындайды.

2016 жылғы 18 шілдеде сағат 12.21-де Шымкент қаласының тұрғынынан Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданының Сайрам-су шатқалы жағында орналасқан Курумту өткелінен оған достары телефоннан хабарласқаны туралы хабарлама келіп түсті. Хабарламада 3500 метр биіктікте болған альпинисттік топтың бір мүшесінің өкпесі ісінгені туралы айтылған.  1990 жылы туылған зардап шегуші ес-түссіз жағдайда болып, тасымалдауға мүмкін емес еді.  Топ басшысы Ш.Рафиков тікұшақты жіберіп, көмек көрсетуді сұранған еді.  
Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Н.Дербисовтің басшылығымен 15 сағат 15 минутта бортында ОҚО ТЖД жедел-құтқару жасақтың  құтқарушысымен ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтың ұшып шығуы ұйымдастырылды.   Сағат 16.30 минутта оқиға орнына жетіп, құтқарушы И.Зайтенов зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетті.  

vko_asr Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары Зырян ауданындағы Парыгино мен Баяново ауылдарының арасында 6 метр биіктегі теміржол көпірінен құлап кеткен зардап шегушіні тасымалдады.
Куәгерлер – теміржол төсеміне қызмет көрсетуші жұмыскерлердің айтуларынша 35 жастағы ер адам кеше кешкісін көпірде қыдырып жүрген. Оның жүріс-тұрысы біртүрлі болып көрінді, шамалы шайқалып жүрді және айқайлап жүрді. Бірнеше минуттардан соң куәгерлер біраз уақыт бұрын жүрген ер адамның жоғалып кеткенін байқайды. Көпір шетіне жүгіріп келіп, төмен қарасы оның төменде қозғалыссыз жатқандығын көреді. Теміржол қызметкерлері дереу «жедел жәрдем» мен құтқарушыларға қоңырау соқты.
«Зардап шегушінің Бұқтырманың қатып жатқан жеріне құлағанын атап өту қажет, оның жағалауы ендігі еріп жатқан еді, - дейді 3-МӨСБ бастығының орынбасары Ахмет Сайлаубаев. Сең жүріп кетті, алайда ер адам құлаған көпірдің бетон тіреуіші маңында мұз әлі қалың еді, арал түріндегі радиусы 20 метр. Ол бірнеше метр оңға немесе солға құласа зардап шегушіні ағыс алып кетер еді».
pavl_spas 2016 жылдың 28 наурызында сағат 12.51-де Павлодар облысы ТЖ департаментінің бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет пультіне Павлодарское ауылындағы Ертіс өзеніне мұздың астына 1942 жылы туған балықшы 2005 жылы туған бөтен баламен (көршісі) мұздың астына түсіп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Хабарламаны алғаннан кейін оқиға орнына Павлодар облысы ТЖ департаментінің жедел құтқару жасағы жеке құрамның 10 адамы, техниканың үш бірлігі, жүзу құралдарының бір бірлігімен шықты. Құтқарушылар бірден іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастырды, іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғастырылатын болады.

sraoso_asr 2016 жылдың келген көктемі өзінің табиғи құбылмалы ауа-райымен таңдандыруда, Қостанай облысының аумағында қалың қардың түсуі және борасынның үдеуі жалғасуда, содан кейін жылымықтанумен көктайғаққа айналуда. Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары наурыздың 23-нен 27-не дейін  өтімділігі жоғары «Трэкол», «Нива-Марш» және Камаз автокөліктерімен Сарыкөл, Алтынсары тас жолдарында қалың қарда өз беттерімен шыға алмай қалып қойған зардапшегушілерге көмек көрсетуге шықты.
Қалың қардың кептелісінен облыстың ауылдарының тұрғындары қалалар мен аудандық орталықтарға өз беттерімен жете алмауда.
Глазуновка округінің Степное ауылынан өткір жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқасты эвакуациялады, Қостанай-Сарыкөл тас жолынан жедел медициналық көмекті қажет ететін, ауыр науқасты және жүкті әйелді эвакуациялады.
Шығыс Қазақстанның құтқарушылары Үлбі өзенінің ортасында жағалаудан алыста қалған 25 жасар жігітке көмек көрсетті.
Ақпарат жексенбі күні таңертең серуендеп жүріп, өзен ортасындағы кішкене аралда көмек сұрап тұрған жігітті байқағандардан келіп түсті. Оқиға орнына  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Мамандандырылған жасақ қызметкерлері, жедел жәрдем медиктері, полиция өкілдері, сондай-ақ  Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары келіп жетті. Жігіт жағадан 50 метр жерде аралда жүрді. Сүңгуірлер қайықпен зардап шегушіге дейін барды. Киімі су болды, сыртқы белгілері бойынша шамал алкагольдік мас күйінде еді. Ол қалайша осындай жағдайға тап болғандығы туралы сұрағанда ол достарымен керісіп қалып, олардың көпірден латырып жібергенін айтты.