Жобаның мақсаты және міндеттері:
АҚМЖ КАКЖ Азаматтық қорғау күштері саласындағы авариялық-құтқару, бақылау-қадағалау қызметтерді тиімді басқару, сондай-ақ сыртқы ақпараттық кеңістікпен интеграциялау мақсатында құрылады.
Жобаны жүзеге асыру төтенше жағдайларға мониторинг жасау мен болжаудың жұмыс істеп отырған және тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді, ТЖ-дың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша іс-шаралардың жылдам іс-әрекеттері мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Құрылатын жүйе мына міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- басқару міндеттерді орындаудың жылдамдығын ұлғайту, шешімдер қабылдау үшін ақпаратты іздеуге, өңдеуге, жіберуге және беруге кететін уақытты қысқарту;
- ақпарат таралуының дұрыстығы мен толықтығын арттыру, оның ағымдарын ретке келтіру және алғашқы деректерді пайдаланудың көпеселігі;
- ТЖ шарттарында халыққа көмек көрсету үшін ҚР ІІМ ТЖК күштері мен құралдарын орналастыруды тездету, халық және материалдық залал шығынын азайту;
- қаржы, азық-түлік, медициналық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Жүйені тағайындау
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 қарашада мақұлдаған «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мен осы саладағы басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын» іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады, онда мына негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалды:
- төтенше жағдайлардың қауіп-қатерлерін кезең-кезеңмен азайту;
- халық қауіпсіздігі мен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан аса маңызды объектілердің қорғалуын арттыру;
- еліміздің қауіпсіз тыныс-тіршілігі және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
Сондай-ақ жоба шеңберінде Қазақстан Республикасы азаматтарын болжамды табиғи-климаттық ТЖ туралы хабардар ету мен халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы ақпараттандыру мүмкіндігі іске асырылатын болады.
Жобаны іске асыру мемлекет және оның азаматтары қауіпсіздігінің өсуіне, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігінің артуына, халықтың өмір сүруін жақсартуға ықпал етеді.
Жүйенің мақсаттары және міндеттері
 Жобаның негізгі мақсаттары және міндеттері:
 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдарын жедел басқарудың негізгі және қосымша бизнес - процестерін автоматтандыруға арналған АҚМЖ КАКЖ арнайы бағдарламалық-аппараттық кешенін әзірлеу және енгізу. ҚР ІІМ ТЖК деректерінің бірыңғай қоймасын пайдалану, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК кіші жүйелері сияқты Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары АЖ арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету үшін интеграциялық шиналар есебінен 10 бағдарламалық кешені енгізілуі тиіс;
- қағаз құжат айналым көлемін азайту, қызметкерлерді ақпараттандыру және олардың шығу нысанына дайындығы кезіндегі жеделдігінің деңгейін арттыру үшін ҚР ІІМ ТЖК қызметтері мен бөлімшелерінің ақпараттық өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
- ҚР ІІМ ТЖК қызметкерлерінің компьютер құрылғыларымен және олардың тиімді жұмысына қажетті басқа ұйымдастыру техникасымен толық қамтылуы;
- жүйені пайдаланушыларды - ҚР ІІМ ТЖК қызметкерлерін оқыту;
- АҚМЖ КАКЖ үздіксіз қызмет етуін, қолдауды және техникалық қызмет етуін қамтамасыз ететін бөлімшелер құру.
Жоба мемлекеттік органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезіндегі өзара іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруға бағытталған, ол құрбан болғандар мен зардап шеккендер санының азаюына, ТЖ келтіретін материалдық шығындарды азаюына әкеп соғады.
Ақпараттық жүйені енгізу экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейіне, басқа да сандық көрсеткіштерге тікелей әсер етпейді. Алайда гуманитарлық, сапалы тиімділік еліміздегі халықтың өмір қауіпсіздігі өсуінде көрсетіледі, ал оның сапасын қайта бағалау қиын.