2018 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде сауда объектілерінің өртке қарсы жай-күйін тексеру бойынша брифинг болды. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарушы департаментінің директоры Е.Л. Үстеміров спикер ретінде сөз сөйледі.
Азаматтық қорғау органдары 2018 жылғы 2 сәуірден бастап адамдар жаппай баратын сауда объектілерінің өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүргізді (жалпы ауданы 1500-нан астам).
Ағымдағы жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша 972 тексеріс тағайындалды, оның ішінде 851-і аяқталды. Тексерілген объектілерде 10 мыңнан астам бұзушылық анықталды.
11 объектіде бұзушылықтар анықталған жоқ:
- Алматы облысы – «Искорка» СҮ, «Астана» СҮ, «Альтаир» СҮ;
- Жамбыл облысы – «Хан» базары;
- Қарағанды облысы – Шахтинск қаласындағы 2 базар, Жезқазған қаласындағы «Кислород» ойын-сауық орталығы;
- Қостанай облысы – Қарабалық ауданындағы «Делюкс» СҮ;
- ОҚО - «Изуми» СҮ, «ТауЖулдызы» базары, «Фиркан» СҮ.
Барлық кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұлдың жалпы сомасы 16 млн. астам теңге. Объектілердің басшыларына бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар табыс етілді (бақылау тексерістері ағымдағы жылғы мамыр-маусым айларында басталады).
Объектілерде 2-ден 20-ға дейін бұзушылықтар анықталуда.
Тексерістердің нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты сіздер Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында оқи аласыздар. «Тексеру қорытындылары» айдары ашылды, ол жерде ағымдағы жылғы 9 сәуірден бастап тексеріс нәтижелері бойынша материалдар (актілер) орналастырылуда.
Жиі кездесетін бұзушылықтар:
Эвакуациялау жолдарын пайдалануға байланысты бұзушылықтар, ішінара запастағы шығу жолдарының жабық болуы, есіктердің эвакуациялау жолдары бойымен емес ашылуы, бутиктердің эвакуациялау жолдарында немесе баспалдақ маршы астында орналасуы, эвакуациялау жолдарын көрсету белгілерінің болмауы және т.б.
Электр құрылғыларының дұрыс монтаждалмауы, электр сымдарының оқшаулануға кедергісі тексерілмейді.
Автоматты өрт дабылдарының және хабарландыру жүйесінің жұмыс істемейтін күйде болу фактілері табылуда.
Қызметкерлерге міндетті нұсқаулықтан немесе өрт қауіпсіздігінің өрт-техникалық минимумынан өтпей-ақ жұмысқа кірісуге рұқсат беру.
Өртке қарсы сумен жабдықтауға тексеріс жүргізілмейді, бастапқы өрт сөндіру құралдары істен шыққан немесе олар жеткіліксіз.
Көлемдік-жоспарлау шешімдерінің өзгертілуі, сауда нысанына арналмаған ғимараттарды қайта жабдықтау.
Сонымен қатар тексеріс кезінде міндетті түрде қызметкерлермен, күзет құрылымдарымен және нысанға келушілермен өрт қауіпсіздігі талаптарын қадағалау бойынша оқыту нұсқаулықтары және өрт болған жағдайда іс-әрекеттер бойынша жаттығулар жүргізіледі. Бүгінгі таңда 31 мыңнан астам адам (31004) оқытылды.
Сондай-ақ ірі сауда-саттық орындарында өрт сөндіру қызметімен 355 өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.
Объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тексеру процесіне кәсіпкерлер палатасының, қоғам, жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тартылады.
Адамдар жаппай жиналатын нысандардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында ІІМ тиісті Жол картасы әзірленіп, келісім рәсімдері өткізілуде. Жол картасында мына сұрақтарды қарау қарастырылған:
мемлекеттік бақылауды күшейту (мысалы қайта ұйымдастырылған нысандардың мәселесін шешу);
қоғамдық бақылауды күшейту (ҰКҚ опоненті болып табылатын тұтынушылардың құқығын қорғау Лигасын құру туралы ҰКҚ бастамасы);
құрылыс нормаларын және қағидалар жинағын қайта қарастыру (мәселен балалар ойын-сауық алаңдарын орналастыруды регламенттеу, нысандарды өртке қарсы бөгеттермен бөлу, түтінге қарсы қорғау шаралары және т.б.);
өмір қауіпсіздігі негіздерін оқыту жүйесін қайта қарастыру.