Принтерге шығару
2018 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде сауда объектілерінің өртке қарсы жай-күйін тексеру бойынша брифинг болды. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин спикер ретінде сөз сөйледі.
Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау өрт туындау қаупі жоғары, адамдар мен материалдық құндылықтарға тигізетін ауыр салдар болуы ықтимал объектілерге бағытталады.
«Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 246 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 307 бірлескен бұйрығына сәйкес құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр сауда объектілері мен ойын-сауық кешендері жоғары тәуекел дәрежесіне қатысты объектіге және ерекше тәртіптегі жыл сайынғы тексеруге жатады.
Тексеру жүргізу тәртібі алдағы болатын тексерулерге дайындалу үшін жағдай туғызатынан, сондай-ақ негізсіз және кенеттен тексеру жүргізуді болдырмайтынын айта кету керек.
Мәселен, алда болатын тексеру туралы кәсіпкер алдын ала біледі, жартыжылдық тексерулер жүргізу графигі Бас прокуратураның сайтына жартыжылдықтан бұрын орналастырылады. Тексеруді алдында тексерілетін субъект 30 күнтізбелік күн бұрын хабарланады.
Тексеру парағы түсінігі енгізілген, ол тексеру барысында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Тексеруге тексеру парағына енгізілген талаптар ғана жатады, бұл өздеріне қойылатын талаптарды ұсыну бөлігінде бақылау субъектісінің құқықтық сауаттылығын арттырады және тексеруші орган тарапынан негізсіз қысымды болдырмайды.
Бақылау іс-шараларымен қатар, азаматтық қорғау органдары белсенді насихаттау-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Бас прокуратураның тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылғы 2 сәуірден бастап тәуекел дәрежесі жоғары сауда объектілерін өртке қарсы жай-күйін тексеру басталды.
Ағымдағы жылғы 13 сәуірдегі жағдай бойынша 692 тексеру ашылды, оның ішінде 460 тексеру аяқталды. Тексерілген обьектілерде 6 мыңнан астам бұзушылық (6081) анықталды.
Тексерудің ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында тексеру процесіне жұртшылық өкілдері, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер тартылады. Бұзушылықтармен пайдаланылып жүрген обьектілердің тізімі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтына орналастырылады.
Сондай-ақ, сауда обьектілерінің өрттен қорғалуын арттыру жұмысына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұртшылық және кәсіпкерлер субъектілерінің өздері де белсенді түрде қосылды.