Принтерге шығару
2018 жылғы 24 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның құтқару авиациясының қызметіне арналған брифинг өтті. Іс-шараға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының бас директоры Андрей Игоревич Косолапов қатысты.
Андрей Косолапов атап өткендей, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің авиациялық бөлімшесі болып табылып, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-шараларда авиациялық қолдауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 72 қаулысына сәйкес «Қазавиқұтқару» АҚ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор болып белгіленді.
Үкімет қаулысын іске асыру мақсатында Қазавиақұтқару ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мен оның бөлімшелерінің (ТЖ алдын алу және оларды жою бойынша іс-шаралар), Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитариялық авиация орталығының (санитариялық ұшу), Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының, Қазаэронавигацияның, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін ұшулар орындайды.
Әуе кемелері төтенше жағдайлар аумағына құтқару жасақтары мен арнайы техниканы жеткізу бойынша ұшулар орындайды. Авиация тасқын және мұз жағдайын бағалау мен авиациялық барлауды жүргізу мақсатымен тасқын аумақтары мен тау баурайларына ұшуларды жүзеге асыру үшін тартылады, төтенше жағдайлардан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етеді, зілзалаға ұшыраған балықшыларды құтқару, дала және орман өртін сөндіру жұмыстарына, селге қарсы іс-шараларға қатысады.
Бұдан өзге, «Қазавиақұтқару» әуе кемелері білікті медициналық мамандарды жеткізу, шалғай елді мекендердегі науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, оларды аудандық, облыстық, республикалық медициналық мекемелерге тасымалдау бойынша ұшулар орындайды.
Орталық коммуникациялар орталығындағы брифинг барысында Андрей Косолапов «Казавиақұтқарудың» авиапаркінде Қазақстанда және шетелде өндірілген 27 тікұшақ бар екеті туралы хабарлады.
Тікұшақтар Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорган, Өскемен, Павлодар, Орал, Балқаш қалаларында орналасқан.
Анықтамалық:
ЕС-145 (Еврокоптер) тікұшақтары денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сатып алынды және халықаралық стандарттарға сәйкес көліктік медицинаны дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Еврокоптерлер дефибрилляторды, өкпені жасанды желдету жүйесін, тамырішілік инфузия жүйесін қамтитын медициналық модульмен және науқастар мен зардап шеккендерді тасымалдау үшін қажетті шараларды қамтамасыз ететін басқа да медициналық жабдықпен жабдықталған.
Еврокоптерлер көбінесе Республикалық санитариялық авиация орталығының өтінімдері бойынша тартылады.
Ми-8МТВ/8Т/171/ тікұшақтары негізгі авиациялық техника болып табылады, олардың қызметі төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған.
Тікұшақтың сыйымдылығы Төтенше жағдайлар комитетінің күштері мен құралдарын тасымалдауды жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, тікұшақтар өртке 5 тоннаға дейін от басатын сұйықтықты тастауға мүмкіндік беретін суағар құрылғыларымен жабдықталған.
Ка-32А11ВС тікұшақтары әмбебап өрт сөндіру тікұшақтары болып табылады, олар сәйкес схеманың арқасында қалалық ортада оңай жүріп, өрт сөндіруді жүзеге асыра алады.
Simplex компаниясының «Fire Attack» өрт сөндіру жүйесімен және су пушкасымен жабдықталған Ка-32А11ВС өрт сөндірудің жақсы құралы болып табылады.
Ми-26Т – әлемде жүк көтергіштігі ең жоғары сериялы тікұшақ, техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша оған тең келері жоқ. Тікұшақтардың осы түрі түрлі міндеттерді орындау үшін пайдаланылады – көліктік, эвакуациялық, өртке қарсы және т.б. Ми-26Т тікұшағы фюзеляж ішінде немесе сыртқы аспада 20 тоннаға дейін жүк тасымалдай алады. Сондай-ақ, Ми-26Т 15 тоннаға дейін от басатын сұйықтықты тасымалдауға мүмкіндік беретін суағар құрылғымен жабдықталған.
Ұшуларды қамтамасыз ету мен орындауды жоғары білікті ұшу және инженерлік-техникалық құрам жүзеге асырады. Персонал үнемі түрде жетекші авиациялық оқу орталықтарында кәсіби деңгейді ұстау және арттыру курстарынан өтеді.
Мәселен. Еврокоптер тікұшақтарының ұшу құрамы курстар мен тренажерлық даярлықты «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС оқу орталығының базасында өтеді. Ресей техникасының ұшу құрамы Ресей Федерациясының жетекші оқу орталықтарында оқиды.
Тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету өз күшімен, сондай-ақ мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарының күшімен жүзеге асырылады.
Өз күшімен қызмет көрсету үшін Қазавиақұтқаруда Алматы мен Атырау қалаларында екі өндірістік базасы бар, сондай-ақ қызмет көрсетудің жеңіл түрлері үшін Орал, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Көкшетау қалаларында ангарлар бар.
Жоғарыда атап өтілгендей, жұмыстың негізгі көлемі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мүдделері үшін орындалады. Мәселен, 2017 жылы ұшулардың саны 740-қа дейін жетті, оның ішінде әзірлікті қамтамасыз етуге бағытталған оқу-жаттығулық және өзге де ұшулар. Іс жүзінде ұшу 1280 сағат
21 минутты құрады. 2018 жылдың 6 айында 240 ұшу жүзеге асырылды.
Сонымен бірге, Қазавиақұтқару ден қоюдың жоғары жеделдігін сақтап қалуда.
2018 жылғы қаңтарда Ақтөбе облысында өзбек азаматтарын апара жатқан автобуспен болған қайғылы оқиға кезінде Қазавиақұтқару қаза болғандардың денелерін тасымалдау мен оқиғаны тергеу комиссиясын жеткізу үшін қысқа мерзімде оқиға орнына үт тікұшақты жұмылдырды.
Сондай-ақ, Қазавиақұтқару тікұшақтарымен жүзеге асырылған Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және тағы басқа облыстардың тасқын қаупі бар аумақтарындағы ұшулар қатерді төмендетіп, тиісті алдын алу іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік берді.
Сырғымаға қарсы және селге қарсы іс-шараларда да Қазавиақұтқару тікұшақтарымен жүргізіліп жатқан жұмыс аз емес.
Жыл сайын сел қауіпті кезеңде «Қазавиақұтқару» тікұшақтары биік таулы бекеттер мен көлдерге, ең қауіпті мұздақ көлдерінде инженерлік іс-шараларды өткізу аумағына Төтенше жағдайлар комитетінің «Қазселденқорғау» ММ жеке құрамын, техникасы мен жабдығын жеткізуді қамтамасыз етеді, онда сел қаупі бар учаскелерде, соның ішінде мұздақ көлдерде зерттеулер жүргізіледі.
Алматы облысындағы Көлсай көлі маңындағы сырғыма кезінде мамандар мен жабдықты жеткізу, аумақты ұшып өту туындаған қауіп-қатерді оқшалауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазавиақұтқару Алматы облысындағы селге қарсы іс-шараларға белсенді қатысуда. Қазіргі сәтте тікұшақтармен ұшулар, биік таулы бекеттерге мамандар мен жабдықты жеткізу жүзеге асырылуда.
Тікұшақтардың тиімділігін өрт сөндіру кезінде де көруге болады, жыл басынан тікұшақтар бірнеше рет Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақжайық табиғи резерватының аумағындағы өртті сөндіруге және Алматы қаласындағы қойма үй-жайларында болған өртті сөндіруге жұмылдырылды.
Қазақстан Республикасының аумағында орындайтын міндеттерден басқа, Қазавиақұтқару халықаралық операцияларға да тартылады.
Мәселен, ағымдағы жылғы шілденің басында Қазавиақұтқару тікұшағы Қырғызстанда құтқару операциясын өткізді. Қырғызстан тауларында Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ми-8 тікұшағы сәтсіз қонды. Тікұшақ бортында 9 альпинист болды: Жапония және Польша азаматтары, үш экипаж мүшесі және бір нұсқаушы. Үш адам жарақат алып, әуе кемесін ұсынуға көмек сұрады.
Көмекке Қазавиақұтқару тікұшағы жіберілді. Барлық алпинисттер мен экипаж мүшелері құртқарылып,жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.
Республикалық санитариялық авиация орталығының мүдделері үшін 2017 жылы 417 ұшу жүзеге асырылды, 427 науқас тасымалданды, шалғай елді мекендерге 58 консультация мен 19 ота жасау үшін медициналық жұмыскерлер жеткізілді.
2018 жылдың 6 айында санитариялық авиация желісі бойынша 160-тан астам ұшу жүзеге асырылды, оның шеңберінде мамандандырылған авиациялық техникамен эвакуация жүргізілді, 165 науқас тасымалданды, 25 консультация мен 8 ота жасау үшін медициналық жұмыскерлер жеткізілді.
 
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі