Республика аумағында 17 723 (+5,4%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелді, онда 3 774 адам (+2,3%) зардап шекті, оның ішінде 1 094 адам (-16,1%) қаза болды.
«112» шұғыл қызмет телефонына азаматтардан 5 млн. 773 мың 92 қоңырау, оның ішінде «101»-ге 2 млн. 80 мың 120 қоңырау келіп түсті.
Осы төтенше оқиғалар салдарын жою үшін өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқарушылар және ТЖ өзге бөлімшелері 75 мың. 208 шығуды жүзеге асырды, 9 991 адам құтқарылды, ТЖ аумағынан 30 141 адам көшірілді, 5 961 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі 59 103 – дабыл бойынша шығуды жүзеге асырды, оның ішінде: өртке – 14 697, авариялық-құтқару жұмыстарына – 5 119.
Жедел-құтқару жасақтары 10 805 шығуды жүзеге асырды, бұл ретте құтқарылғандар – 5 183 адам.
Шұғыл ден қою бригадалары 5 300 шығуды жүзеге асырды, 5 197 – зардап шеккенге шұғыл медициналық көмек көрсетілді (оның ішінде 383 балаға), ауруханаға жатқызылғаны – 1 386 адам (оның ішінде
136 бала), ТЖ аймағынан 2 011 адам көшірілді (оның ішінде 230 бала).
Оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттерінің күшімен – 1 527 шығу жүзеге асырылды, 3 812 зардапшеккенге медициналық көмек көрсетілді (оның ішінде 270 балаға), 1 168 адам ауруханаға жатқызылды (оның ішінде 113 балаға), 1 519 адам көшірілді (оның ішінде 159 бала).
«Қазавиақұтқару» АҚ санитарлық авиация саласы бойынша 416 ұшу жүзеге асырылды, әуе кемелерінің ұшуы 969,16 сағатты құрайды (393 емделуші тасымалданды, 54 консультация берілді және 19 шұғыл ота жасалды).
Консультациялық-диагностикалық поездар Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының 252 станция тұрғынын қарады, 74 368 тұрғын (оның ішінде 11 206 бала) тексеруден өтті. Дәрігерлердің бару саны 442 701-ні құрады. 255 162 диагностикалық емдеу, 854 кіші амбулаториялық операция өткізілді.
Республика аумағында 7 230 (+5,9%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелді, онда 1 585 адам (+0,6%) зардап шекті, оның ішінде 492 адам (-16,1%) қаза болды.
Материалдық нұқсан 1 055,9 млн. теңгені (+25%) құрады.

Республика аумағында 16 823 (-4,8%) төтенше жағдайлар мен табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелді, онда 3 691 адам (-10,1%) зардап шекті, оның ішінде 1 196 адам (-3,3%) қаза болды. Материалдық шығын 3 423,8 млн. теңгені (-17%) құрады.

Тұтас республикада ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 6 805 (- 5 %) табиғи және  техногендік сипаттағы оқиғалармен ТЖ тіркелді, онда зардап шеккендер 1 569 адам (- 8,4 %), оның ішінде қаза болғаны 575 (- 14,1 %). Материалдық шығын 705,1 млн. теңгені (- 73,5 %) құрады.