«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері үшін арнайы гео-порталдарды арнайы кіру рұқсатымен әзірледі. Жетілдірілген порталдардан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін 9 облыс (Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары) алады.
2018 жылғы 1 наурыздан бастап 2018 жылғы 15 мамырға дейін су тасқыны кезеңінде ТЖК аумақтық бөлімшелері үшін әзірленген арнайы геотопалдарда қар жамылғысының түсуін және су тасқынының жағдайын бағалау үшін ауданы 283,8 мың км2 болатын ғарыштық суреттер орналастырылды.
Республика аумағында 2018 жылғы 1 сәуірден бастап 2018 жылғы 30 қазанға дейін 36 мыңнан астам термальды жерлер табылды.
Ағымдағы жылы республиканың 12 облысында (Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан басқа) төтенше жағдайлардың ғарыштық мониторингі қызметтерін сатып алуға жергілікті бюджеттен 62 млн. теңге бөлінді.
Тек 12 айдың ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелері 5110 сурет алды, оның 692-сі қар жамылғысының жай-күйі және су басқан жерлер туралы, сондай-ақ 4888 термальды жерлер (1149-ы расталды).
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін еліміздің 7 облысында (Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары) 55 тұрғын үйді, 190 мектептің, 229 денсаулық сақтау нысанының, 72 мектепке дейінгі мекеменің және 20 қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттардың сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары жүргізілді. 2010 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде сейсмотұрақтылығы күшейтілген тұрғын үйлердің көбісі Түркістан облысында (29) орналасқан. Ең көп мектептер, денсаулық сақтау нысандары және мектепке дейінгі мекемелер – Алматы қаласында (67, 30 және 18). Ең көп сейсмотұрақтылығы күшейтілген қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттар - Шығыс Қазақстан облысында (10).
Бұл ретте, 1862 тұрғын үй, 312 мектеп, 474 денсаулық сақтау нысаны, 71 мектепке дейінгі мекеме және 314 қоғамдық және өндірістік ғимараттың сейсмотұрақтылығын күшейту қажет. Сейсмотұрақтылығын күшейтуді қажет ететін тұрғын үйлердің ең көп саны Қызылорда облысында (1119), ең көп мектептер мен денсаулық сақтау нысандары Шығыс Қазақстан облысында (246 және 195) орналасқан.
Бұл ретте, аталған ақпарат өте жақын, себебі ғимараттарды толық паспорттау Алматы қаласында ғана жүзеге асырылды.
Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда халыққа көмек көрсету тиімділігін арттыру, АҚМЖ жүйесінің және халықтың заманауи іс-қимылдарын пысықтау мақсатында тоқсан сайын көрсетілетін сейсможаттығулар өткізіледі, осылайша 2018 жылғы 12 айда Қазақстан Республикасында 14 984 сейсможаттығу болды (14 745 сейсможаттығу жоспарланған).
Сейсможаттығулардың ең көбі Түркістан облысында жүргізілді - 7338, ең азы Маңғыстау облысында - 28.
Мысалы, Алматы қаласында 3732 сейсмикалық жаттығу жүргізілді. 2018 жылғы13-23 сәуірде қаланың 8 ауданында «Жер сілкінісі кезіндегі басшылар мен қызметкерлердің іс-қимылы, оқушыларды ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау» тақырыбы бойынша көрсетілетін сейсмикалық жаттығулар өткізілді, сондай-ақ қала аумағында ағымдағы жылғы 24 мамырда Бостандық ауданында жойқын жер сілкінісі туындаған кезде халықты эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулар өтті.
Алматы облысында 228 сейсмикалық жаттығу өткізілді. Бұл ретте, сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша тактикалық-арнайы жаттығулар өткізілген жоқ.
Шығыс Қазақстан облысында 1749 сейсмикалық жаттығу жүргізілді. Бұдан басқа, 2018 жылғы 1 наурыздан 27 сәуірге дейін 19 қалалық және аудандық демонстрациялық тактикалық- арнайы жаттығулар өткізілді, оған жеке құрамнан 471 адам және 103 техника бірлігі қатысты.
Жамбыл облысында 1765 сейсмикалық жаттығу өткізілді. Ағымдағы жылдың 12 айында облыста 3 командалық-штабтық жаттығу өткізілді.
Сондай-ақ, облыстық ТЖД «Қызыл Жарты ай» АҚ Жамбыл филиалымен бірлесіп айлық аясында (ағымдағы жылғы 1-28 тамыз аралығында) облыстың 35 денсаулық сақтау мекемесінде «Жер сілкінісі кезіндегі мекеме ұжымының мінез-құлық ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары бойынша қорытынды нәтижесі №7 қалалық емхана базасында медициналық мекемелердің басшыларын шақырумен, нысандық сипаттағы сейсмикалық жаттығулар жүргізу болды.
Қызылорда облысында ағымдағы жылғы 12 айда 144 сейсмикалық жаттығу өткізілді, бұл ретте облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, азаматтық қорғаныс құрылымдарымен бірлесіп 61 командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді.
Түркістан облысында және Шымкент қаласында 7338 сейсмикалық жаттығу өтті.
Қазығұрт, Бәйдібек, Созақ, Шардара аудандарында кешенді жаттығулар жүргізілді, жер сілкінісі туындаған кездегі азаматтық қорғау бөлімшелерінің, тұрғындар мен басқару органдарының іс-қимылдары пысықталды. Сондай-ақ, 69 штабтық оқу-жаттығулар өткізілді.
Сонымен қатар, ай сайын халықты құлақтандыру құралдары іс жүзінде тексеріледі, жедел құлақтандыру жүйесі жергілікті телеарналар арқылы қосылады.
Қазақстан Республикасында көшкін қауіпті аумақтың көлемі 105 шаршы км. және көшкін қауіпті 548 учаскені құрайды (Алматы қаласы - 104, Алматы облысы - 97, ШҚО - 336, Жамбыл облысы – 1, Түркістан облысы – 10).
«Қазселденқорғау» ММ көшкін қауіпті кезеңде мониторинг және гидрометеорологиялық жағдайды бағалау үшін құлақтандыру және қадағалау қызметін ұйымдастырды (60 жылбойғы бекеттер).
Көшкін қауіпті учаскелердің мониторингі «Қазселденқорғау» ММ бөлімшелерінің 209 қар өлшейтін рейка орнатылған 27 қар өлшеу бағыттарымен жүргізіледі (ШҚО – 24, Түркістан облысы - 3).
Мемлекеттің таулы аумақтарында 1899 қар тоқтату қалқандары бар (Алматы қаласы – 440, ШҚО – 1459), оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 36 қар тоқтату қалқаны жөнделді және 32 қайта қалпына келтірілді (Зыряновск ауданының «Зубовка» және Қатон Қарағай ауданының «Собачья» тауларында), Алматы қаласында 80 жөнделді (Медеу ауданы, Мохнатка тауы).
Халыққа көшкін қауіпті учаскелерде жүріп-тұру ережелерінің талаптарын түсіндіру шеңберінде 98 ақпараттық қалқан және ескерту белгілері қойылған (Алматы қаласы – 12, Алматы облысы -23, ШҚО – 48, Жамбыл облысы – 6,Түркістан облысы – 9), оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 11 жөнделген.
2018 жылы көшкін қауіпті аймақтарда орналасқан аудан әкімдеріне, ұйым басшыларына және жеке үй иелеріне 686 хабарландыру-ұсынымдар, 4747 жаднамалар (тау-шанғы кешендерінде, халықтын көпшулук жиналған жерлерде және оқу орындарында) берілген.
«Абайла көшкін!» тақырыбында баспа басылымдарында 33 мақала теледидар бойынша 15 сөз үйымдастырылған.
«Қазселденқорғау» ММ бөлімшелері, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен бірлесіп 9 оқу жаттығулар (жаттығулар кезінде қар көшкін түсу және қауіптөну кезінде іс әрекеттер өтелді) және үйретуші семинарлар (29 дәрістер) өткізді
Көшкін қауіптілігін анықтау мақсатында (қаңтардан желтоқсанға дейін) Қазселдеңқорғау» ММ мамандары ТЖД-мен, «Қазгидромет» РМК-мен бірлесіп 685 жер үсті және 4 аэровизуальді көшкін қауіпті учаскілерді шолу зерттеулер жүргізді.
2018 жылы (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) «Қазселдеңқорғау» ММ мамандары, ТЖД-мен, Әкімшілік полиция басқармасымен қар көлемінің жалпы массасы 105950 м³ қар кзшкіннің 47 профилактикалық түсіруін жүргізді,оның ішінде қар массасының жалпы көлемі 7050 м³құрайтын Алматы қаласы бойынша -5 , қар массасының жалпы көлемі 98900 м³ құрайтын Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 42.
2018 жылы 69 482,7 м³жалпы қар массасының көлемінен құрайтын 60 өз өзімен қар көшкіндер түсуі анықталған, соның ішінде 832,7 м³ жалпы көлемі Алматы облысында – 12 (Түрген, Қора, Есік өзендерінің бассейіндерінде), 64 050 м³жалпы көлемі Алматы қаласында -45 (Кіші және Ұлкен Алматы өзенінің бассейіндерінде), 4 600 м³ жалпы көлемі шығыс облысында – 3 (Зырьян ауданында).
Республика аумағында 721 мұздық және құлама көлі, елді мекендерге, коммуникациялар мен ауыл шаруашылыққа (әрекет ету аумағына 9 мыңнан аса объектілер мен 91 мың адам кіреді) тікелей қауіп төндіретін сел ағындарының қалыптасуының қауіпті 617 учаскелері, сонымен қатар 306 сырғыма қауіпті учаскелер бар.
Ағымдағы жылы мұздықтардың еру жоғарылығы 3 мыңнан 5 мыңға дейін метр шамасында болды, ол деген бүкіл қауіпті кезеңінде мұздық көлдерге ағынды көбейтті, олар негізінен Алматы облысында байқалды. Басқа аймақтарда бүкіл кезеңде жағдай тұрақты болды.
Сел қауіпті кезеңде гидрометеорологиялық жағдайды бақылау және өзендерге мониторинг жасау үшін тәулік бойы мониторинг жыл бойы жұмыс істейтін 60 бақылау бекеттерімен қамтамасыз етілді.
Бұдан басқа, 20 маусымдық және 8 қосымша бекеттер ашылды.
Ағымдағы жылы сел қауіпті кезең басталғаннан бастап «Қазселденқорғау» ММ және оның филиалдарымен сел және сырғыма қауіпті учаскелеріне 1205 жер және 15 аэровизуалды тексерулер жүргізілді, соның ішінде мұздық көлдерге де.
Анықтамалық: Тексерулерге әкімдіктердің, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының ТЖД, «Институт географии» ЖШС, «Алматы гидрогеология» ЖШС және басқа мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, жоғары тұрған бекеттер мен көлдерге бақылаушыларды, жабдықтарды, азық-түлікті және ЖЖМ жеткізу үшін қосымша 20 ұшу жүргізілді.
16 бұзылу қаупі бар мұздық көлдерде алдын алу іс-шаралар кешені жүргізілді.
Сөйтіп, Қарғалы өзені бассейніндегі № 3 және Есік өзені бассейніндегі № 23 мұздық көлдер толық ағызылды.
Қалған 14 көлдерінде Ақсай, Үлкен, Кіші Алматы, Ақсай, Проходная, Қаскелен, Түрген, Талғар, Есік, Сарқан и Қорғас өзендері бассейіндерінде көлдердегі су деңгейі тазалау және тереңдетуді жүргізу жолымен күнделікті табиғи су лақтыру каналдары арқылы төмендетілді.
Бұнымен қатар, суды жіберу сифон құбырлары (диаметрі 315 мм, 200 мм) бойынша және өндірулігі жоғары (400 м3/сағ.) 5 сорғыштар арқылы жүргізілді.
Нәтижесінде сел қауіпті кезең басталғаннан бері көлдердегі судың деңгейі қауіпсіз белгіге дейін (2-ден 5-ке дейін метр) төмендетілді.
Барлығы бақылаудағы суды жіберу 8,4 млн. кубометрден аса су жіберілді.
Бұдан басқа, бақша қоғамдарының төрағаларымен, сонымен қатар тұрғындармен «Қазселденқорғау» ММ мен оның филиалдары сырғыма құбылыстарын алдын алу бойынша 21 кездесулер өткізді, 2000 дана жадынамалар таратылды, 320 хабарламалар берілді.
Жалпы қабылданған шаралар қауіпті сел мен сырғыма құбылыстарын болдырмауға мүмкіндік берді.
Сөйтіп, 2018 жылы Алматы облысы мен Алматы қаласында 5 сел және 14 сырғыма құбылыстары тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны азайды (2017 жылы 9 сел құбылысы мен 42 сырғыма тіркелді).
Ірі сырғыманың бірі ағымдағы жылдың сәуірінде Алматы облысы Райымбек ауданының Саты ауылында жер сілкінісі әсерімен көп мөлшерде түскен ылғалдың нәтижесінде сырғыма белсеңдеді, оның көлемі 40-42 млн. м3 жерді құрады.
Сел мен сырғыма нәтижесінде құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
2018 жылдың қыркүйегінде барлық маусымдық және қосымша бекеттерді Іле және Жетісу Алатауы мұздық көлдерінен алу бойынша жұмыс жүргізілді.
2018 жылы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) орталық және жергілікті атқарушы органдардың «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасының
(бұдан әрі – Жол картасы) 302 іс-шарасын (барлығы 637 іс-шара) орындауына мониторингті жүзеге асырды, соның ішінде 198 іс-шараны ағымдағы жылы аяқтау және 2019-2020 жылдары аяқтау мерзімімен 104 іс-шараны іске асыру бойынша жұмысты бастау жоспарланған болатын.
2018 жылы аяқтау жоспарланған 198 іс-шара бойынша:
Ағымдағы жылы Жол картасының жағалауды нығайту, тереңдету және арнаны түзету жұмыстары, автожолдарда қорғау бөгендері мен су өткізгіш құбырларын орнату, су ағызу каналдарын қалпына келтіру, құрылыстарды күрделі жөндеу мен реконструкциялау, сондай-ақ басқа жұмыстар бойынша (Қарағанды – 41, Шығыс Қазақстан – 23, Түркістан – 17, Алматы – 12, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл сегізден, ИДМ – 7, Ақтөбе – 6, Қызылорда – 4, Қостанай – 2, Ақмола облысы, Астана және Алматы қалаларында бір-бірден) 153 іс-шарасын іске асыру аяқталды.
А.ж. 12 қаңтарына аяқталу сатысынада 12 іс-шаралар (Қарағанды – 7, Алматы – 1, Жамбыл – 2, Қостанай – 2), аяқталмаған 33 іс-шара, олар 2019 жылға ауыстырылады (Жамбыл – 10, Түркістан – 9, Қызылорда – 6, Алматы – 3, Қарағанды және Павлодар екіден, Ақтөбе – 1.)
Осылайша, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері ғана 2018 жылға жоспарланған барлық іс-шараларды уақтылы орындады.
Ағымдағы жылы Жол картасының іс-шараларын іске асырудың 1-жартыжылдықтың қорытынды есебі бойынша әкімдіктерге тиісті іс-шараларды орындау мерзімдерінің бұзылу қаупі туралы хабарланған болатын.
2019-2020 жылдары аяқтау мерзімімен 104 іс-шараны іске асыру бойынша 11 іс-шара аяқталды (Қарағанды – 7, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында 2-ден).
4 іс-шара бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды (Маңғыстау – 2, Атырау мен Қостанай облыстарында 1-ден).
7 іс-шара бойынша жобалар мемсараптамадан өтті (Батыс Қазақстан – 4, Ақтөбе – 2, Қызылорда – 1).
33 іс-шара жобаларға мемсараптамаларды алу сатысында (Түркістан – 17, Ақтөбе – 8, Жамбыл – 5, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 1-ден) және 6 іс-шара бойынша ЖСҚ әзірленуде (Астана қаласы – 3, Батыс Қазақстан – 2, Атырау – 1).
41 іс-шара бойынша ЖСҚ әзірлеуге және құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізуге бюджеттік өтінімдер облыстардың қаржы басқармаларына 2019-2020 жылдарға республикалық бюджетті нақтылау кезінде қарау үшін жолданды (Ақтөбе – 20, Қызылорда – 9, Қарағанды – 5, Батыс Қазақстан – 4, Қостанай – 2, Атырау – 1).
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті бұдан әрі дамыту және жаңғырту мақсатында Энергетика министрлігі бір іс-шараны іске асыруды жалғастыруда.
Мәселен, метеорологиялық барометр (1 бірлік) сатып алынды, қазіргі уақытта доплерлік метеорадиолокаторлар (2 бірлік), жылжымалы зертхана (1 бірлік), актинометриялық станциялар (12 бірлік), соның ішінде 1 станция орнатылды және газ талдауыштарын (22 бірлік) сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде 12 газ талдауышы жеткізілді.
Сонымен қатар, 3 объектіге күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ 2019 жылы жаңа гидробекеттерді ашу жоспарлануда.
Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігі Қарағанды облысының Қарасор көлін айналып Көкпекті-Қарағайлы айналма теміржол желісін салуға ЖСҚ әзірлеу бойынша бір іс-шараны жүзеге асыруда.