- Су азық-түлік, отын қорын дайындап қойыңыздар.

- Радиоқабылдағыш, теледидар ылғи қосулы тұрсын.

- Апаттықжарықты: электр қолшамдарын, шырағданды, керосин шамын дайындап қойыңыздар.

- Тұрғын жерді жылытып қойыңыздар.

- Жануарлар үшін жем мен судың қорын дайындап қойыңыздар.

ЕГЕРДЕ ҚАРЛЫ БОРАН (БОРАСЫН) КЕЗІНДЕ АВТОКӨЛІКТІҢ ІШІНДЕ БОЛСАҢЫЗДАР, ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛДАНУ КЕРЕК?

•        Сырыққа (антенна) ашық түсті матаны іліп, көмек сұрау белгісін беріңіздер.

•        Оқтын-оқтын автокөлікті жылытып отырыңыздар, өйткені жолда қанша уақыт болатындарыңыз белгісіз. Сондықтан, аккумулятордың қуатын үнемдеу керек.

•        Оқтын-оқтын автокөліктің есігін қардан тазалау үшін ашып тұрыңыздар, әйтпесе қар шығу жолын жауып тастауы мүмкін.

•        Жылы киімдермен бүркеніп, бір біріңізге жақын отырыңыздар.

•        Ыстық шәй ішіңіздер.

•        Радиоқабылдағыш арқылы шұғыл хабарды тыңдаңыздар.

•        Бораннан кейін көшелер мен жолдарды қардан тазалауға көмектесіңіздер.

•        Қар көшкіні болуы мүмкін жерлердегі ескертпе белгілерге назар аударып жүріңіздер.

ДАУЫЛ КЕЗІНДЕП ӘРЕКЕТТЕР

Дауыл туралы хабарды алганнан кейін:

1. Терезелерді, терезелердің қақпақтарын, есіктерді, шатырдағы және желдеткіш люктерді жауып қойыңыздар.

2. Лоджиялардағы, балкондардағы (егер олар әйнектелінбеген болса) құлап кетуі мүмкін заттарды алып таста.

3. Жеке меншікті үйлердің ауласындағы заттарды ішке кіргізіңіздер, пештегі отты өшіріңіздер.

4. Егер де дауыл кезінде далада болсаңыздар, жақын маңдағы жайларға (дүкен, кітапхана, сауда үйі, емхана және т.б.) немесе жер асты өтпе жолдарға кіріңіздер.

5. Егер дауыл кезінде автокөліктің ішінде болсаңыздар оның ішінен шығып, жоғарыда көрсетілген жерлерге тығылыңыздар.

6. Дауылмен қатар найзағай болуы мүмкін, сондықтан, ағаштардың астына тығылмаңыздар, электр желілерінің жанына жоламаңыздар.

7. Қалада металлдан жасалынған дуалдардан және жалпы металлдан жасалынған заттардан алыс жүріңіздер.

8. Тас үйінділерінің ішінен баспана іздемеңіздер.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДЕЙІНП ӘРЕКЕТТЕР

1. Алғашқыда керек болатын заттары бар шамаданды жинап қойыңыздар (азық-түлік, киім, көрпе, дәрі-дәрмек, қол шам, батарейкалары бар транзисторлы қабылдағыш, жеке құжаттар).

2. Тығылатын жерлерді анықтап алыңыздар - ЖЕРтөлеге, жерқоймаға (егер ондай жерлер болмаса бірінші қабаттағы берік орнатылған үстелдердің, басқа да жиһаздардың астына, сыртқы қабырғалар мен терезелерден аулақ жерлерге).

3. Үйге құлап кетпеуі үшін ағаштардың кеуіп кеткен бұтақтары мен өлі ағаштарды үнемі аралап тастаңыздар.

4. Құрылыстарды, әсіресе, уақытша салынған жайларды, жерге берік орналастырып қойыңыздар.

5.      Дауылдан кейін отбасы мүшелерінің қай жерде кездесетінін алдын ала анықтап алыңыздар.