АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ:

Жалпы елімізде тасқын және еріген қар суы басуы ықтимал аймақтарда 807 елді мекен орналасқан, онда шамамен 1,25 млн. адам тұрады.

Қазіргі уақытта «Қазгидромет» РМК деректері бойынша республикада мынадай жағдай қалыптасқан:

Қарағанды облысы өзендерінің бассейндерінде (Нұра, Шерубай-Нұра, Кеңгір, Жезді, Сарысу) қар қоры нормадан 30-40%-ға жоғары.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары өзендерінің бассейндерінде (Есіл, Қалқұтан, Жабай, Сілеті, Шағалалы, Тобыл) қар нормадан бір жарымекі есе көп жиналған.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары (Дерқұл, Шаған, Чижа 1 және 2, Илек, Ойыл, Сағыз, Темір және басқалар) өзендерінің бассейндерінде қар қоры нормадан 15-25%-ға жоғары. Ақтөбе облысы Ырғыз өзені бассейнінде қар қоры нормадан екі есе көп.

Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде, Алматы облысындағы Жетісу және Іле Алатауы жоталарындағы бассейндерде қар нормадан 1,2-1,7 есе көп.

Республикадағы өзендер бассейндерінде қардың жиналуы жалғасуда.

Қазгидрометтің алдын ала болжамы бойынша алдағы су толу республиканың солтүстік, орталық, батыс және шығыс бөлігіндегі өзендерде су мол болады деп көрсетуде, ал егер ақпан-наурызда жауын-шашын норма шегінде немесе одан көп болса, онда бұл өзендерде еріген қар суы мен жаңбыр тасқыны болып, әсіресе күрт жылынып, жауын-шашын мол жауған жағдайда су басуы мүмкін.

Қырғыз гидрометтің деректері бойынша Шу, Талас, Нарын өзендерінде сулылық норма шегінде болады деп күтіледі.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің  аумақтық органдарымен бірлесіп өзендердің сулылығы, қар қоры, «Қазгидромет» РМК ұсынған ауа райы болжамы туралы деректердің негізінде әзірленген алдын ала су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыруда.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссиялардың 111 отырысы өткізілді (22 – облыстық, 89 аудандық), онда су тасқыны кезеңіне әзірлік мәселелері қарастырылды.

Өңірлерде Су тасқыны жағдайына ден қою жоспарлары әзірленді және мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың су тасқыны кезеңіне өзара іс-қимылы жоспарлары түзетілді.

2015 жылғы су тасқынынан кейін халық пен аумақты инженерлік қорғау үшін:

- 45,7 шақырым бөген салынып, қолданыстағы қорғаныш бөгендердің 434,2 шақырымына жөндеу жүргізілді, өзен арналарының 220 шақырымына жағалауды және түбін бекіту жұмыстары жүргізілді, 1700 шақырым канал салынып, тазаланды, осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 5,0 млрд. теңге және облыстық бюджеттерден 5,3 млрд. теңге жұмсалды;

1380 шақырым арық және 6506 бірлік су өткізгіш құбыр тазартылды.

Су тасқынының алдын алу және оларды жою үшін 27280 тонна ЖЖМ, 358 мың тонна инертті материал, 1011 мың қап, 105 тонна жарғыш дайындады.

Ағымдағы жылы тұрғын үйлерді су басуды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 6,1 млн. м3 қар шығарды. Қар шығару жұмыстары жалғасуда.

Әкімдіктерде төтенше резервтерде және шұғыл шығындар резервтерінде 14,1 млрд. теңге бар (7,1 млрд. тенге – төтенше резерв, 6,9 млрд. тенге – шұғыл шығындарға), ал олардың өңірлер бойынша бөлу № 2 қосымшада берілген.

Атап өту керек Алматы қаласы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстардың төтенше резервте әр қайсысын 1 млрд. тенге аса қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар тасқын қауіпты төтенше жағдайға Ақмола облысында тек 20 млн. тенге, Солтүстік Қазақстан облысында – 80,6 млн. тенге және Қостанай облысында – 81,3 млн. тенге қарастырылған.

Анықтама: Ақмола облысында 2015 жылдың тасқын салдарын жоюға Үкімет резервтен 3,7 млрд. тенге жұмсалды.

Аталған облыстардың шұғыл шығындар резервтері де аз Ақмола облысы (439 млн. тенге), Солтүстік Қазақстан облысы (185,5 млн. тенге) және Қостанай облысы (190 млн. тенге).

Тасқынға қарсы алдын ала шараларды өткізу үшін дайындаған қапшылардын саны аландап отыр, Ақмола облысы (9,6 мың. дана), Қостанай облысы (14,2 мың дана), Солтүстік Қазақстан облысы (17,9 мың дана). Соңдаяқ, былтырғы су тасқында осы үш облыс зардап шекті, уақытша бөгет салу үшін 220 мың аса құм толтырылған қап пайдаланды.

Ішкі істер министрлігі су тасқынының бұзуы және республиканың халқы мен аумағын су басуы ықтимал қаупін төндіретін 48 ірі су қоймасының толуына мониторинг жүзеге асырады.

Ресей Федерациясы ТЖМ Челябинск және Орынбор облыстарының бас басқармаларымен Тобыл және Жайық өзендерінде су тасқынының қауіпсіз өтуі мәселесі бойынша өзара іс-қимыл жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңы облыстарының кезекші қызметтері арасында күнделікті шұғыл ақпарат алмасу тәртібі пысықталды.

Су тасқыны кезеңіндегі теріс салдардың алдын алу мақсатында Қызылопрда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 2015 жылғы
26 желтоқсаннан бастап 2016 жылдын 23 қаңтарға дейін Көксарай су реттегішінде су жинау жүзеге асырылды. Оған суды қайта жинау 2016 жылғы 15 ақпанда басталды. Оның көлемі бүгінгі күні 2016 жылғы 24 ақпандағы
27% немесе 1030 млн.м³ құрайды.

Сырдария өзеніндегі судың аздығы туралы болжамды және артық суды Көксарай су реттегішіне жинау мүмкіндіктерін ескере отырып, Қызылорда облысында су тасқынының жағымсыз өршу қаупі жоқ.

Халықты оқыту және хабар беру жүргізіледі (телевидениеден 433 сөз сөйлеу, радиодан 304 сөз сөйлеу, баспа басылымдарда 867 мақала жариялау ұйымдастырылды).

18,4 мың дана таралыммен шығатын «Пожарный и спасатель» ведомстволық журналында және Қазақстан Республикасы ТЖК веб-сайтында су тасқыны туындағанда азаматтардың жүріс-тұрыс қағидалары бойынша материалдар орналастырылды.

ІІМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқыны жағдайы қиындаған немесе елді мекендерді су басу қаупі жағдайларында өңірлерде  ден қою бойынша жалпы саны 57 932 адам, 12 702 техника бірлігі, 690 бірлік жүзу құралы, 16 тікұшақтан құралатын авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының топтамасын құрды.

Топтамаға ірі ауқымды су тасқынының салдарын жоюға тартылатын (Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары) ІІМ күштері мен құралдарының лек-легімен құрамдары кіреді (ІІМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығы). ІІМ 8 432 адам және 1 193 бірлік техника, 220 бірлік жүзу құралын тартуды жоспарлап отыр (оның ішінде Ұлттық ұланнан – жеке құрамынан 2 585 адам және 260 бірлік техника, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттерінен – жеке құрамынан 760 адам және 79 бірлік техника).

ІІМ Әскери кеңесі Ұлттық ұланға әрқайсысы 1 мың адамға арналған 3 лагерь құруға әзірлікті қамтамасыз ету міндеттерін қойып, су тасқыны салдарын жоюға тартылатын әскери бөлімдерді қарапайым құрал-саймандармен толық жабдықтау туралы нұсқау берді.

ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелеріне ІІМ жолдарды тасқын сулар басқан жағдайда, сайлау өту кезеңінде жолы жабылып қалуы мүмкін 62 сайлау учаскесіне көлікпен жетуді қамтамасыз ету туралы нұсқау берді.

Сонымен қатар облыс орталықтарында ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ 10 тікұшағы дайындалды, соның ішінде еліміздің жетуі қиын өңірлеріне күштер мен материалдық ресурстарды, тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын жеткізу үшін Ми-26 маркалы 2 көліктік тікұшақ.

Су тасқыны қауіпті елді мекендерде халықты құлақтандыру үшін 1170 патрульдік полиция машинасының жүру бағдарлары жаңартылды. 

Су тасқыны жағдайының келеңсіз өршуі кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және күштері мен құралдарды жедел басқару үшін ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелері дағдарыс орталықтары жүйесін пайдаланатын.

Республиканың аудандардағы ықтимал су жайылу аудандарынан халықты эвакуациялау кезінде эвакуацияланған халықты қабылдау 1707 пункті дайындалды, эвакуациялау бағдарлары жаңартылды және қажет көлік айқындалды. Жергілікті атқарушы органдар органдар эвакуацияланған халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін мынадй: 3432 шатыр, 35 мың керует пен төсек жабдығы қорын құрды, тамақ өнімдері қоры дайындалды.

Қарағанды облысындағы 2015 жылғы су тасқыны тәжірибесі су тасқынының ушығуы кезінде Шерубай-Нұра және Самарқанд су қоймаларындағы жеткілікті бос көлемдердің болмауы транзиттік режимде тасқын судың мол көлемін шұғыл ағызу қажеттілігіне әкелді, соның салдарынан Нұра өзенінің су ағызу қабілеті көрсеткіші орташа көп жылдық мөлшерінен асып кетті.

Су қомалары жұмысының осындай режиміне ауысу жергілікті атқарушы органдарға және азаматтық қорғау органдары қызметтеріне Қарағанды обылысының бір қатар елді мекендерін инженерлік қорғау жөніндегі жедел іс-шаралар кешенін өткізуге мүмкіндік бермеді.

Бұл ретте 2015 жылы Селеті су қоймасы көлемін алдын ала азайту бойынша шаралар қабылдау Селеті өзенінде елді мекендерді су басуды болдымауға мүмкіндік берді. 

Қазгидромет  болжамына сәйкес 2016 жылы Ақтөбе су қомасына су келуі нормасы 68%-ға, Кеңгір су қоймасына 80%-ға, Самарқанд су қоймасына
50%-ға, Астана су қоймасына 28%-ға асатыны күтіледі.

Бұл ретте Шерубай-Нұра су қоймасы 87%, Самарқанд 82%, Астана 74%, Ынтымақ- 68 %, Ақтөбе  66 % суға толды.

Қазақстан аумағында 1275 гидротехникалық құрылыс бар.

Тұтастай алғанда 528 гидротехникалық құрылысты жөндеу жүргізу талап етіледі, оның  52-сі республикалық бюджетте, 385-сі коммуналдық бюджетте және 77-сі жеке меншікте тұр, сондай-ақ 14-інің иесі жоқ.

2015 жылы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 12 млрд. теңге, оның ішінде 9,2 млрд. теңге –республикалық бюджеттен, 1,1 – жергілікті және 1,7 жеке меншіктен.

Қолданыстағы  құлақтандыру жүйесі еліміздің кемінде 60 % халқын қамтиды. Республика бойынша барлығы, негізінен республиканың облыстық және аудандық орталықтарында 1548 электр дабылы іске қосылуға әзір.  Соның ішінде орталықтандырылған қосылудағы 800 электр дабылы және жергілікті қосылудағы 748 электр дабылы (қолмен қосу арқылы).  

2015 жылы 83 электр дабылы сатып алынды және 40-ы қалпына келтірілді. Алматы облыснда 2015 жылы 16 аудындық орталығында және Алматы облысының  3 қаласында автоматты құлақтандыру жүйесі пайдалнуға берілді, Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласында 66 электр дабылы орнатылды, Оңтүстіке Қазақстан облысы Шымкент қаласында 7 жиынтық сатып алдынды және Атырау облысында су басуға ұшырағыш шағын елді мекендеріне 10 электр дабылы орнатылды.

Павлодар және Қарағанды облыстарында 2011 жылғы кезеңнен бастап осы уақытты қоса алғанда 77 елді мекеніндежергілікті құлақтандыру жүйесі орнатылған .

Ағымдағы жылы Астана және Алматы қалаларына жергілікті бюджет есебінен құлақтандыру жүйесін сатып алу жоспарлануда.

ШЕШУ ЖОЛДАРЫ :

Елді мекендерді су басуды болдырмау үшін:

1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Ішкі істер, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Инвестициялар және даму министрліктермен бірлесіп: 

өңірлердегі су тасқыны жағдайына күнделікті мониторинг және бақылау жүргізсін, тұрақты бақылауды жүзеге асырсын және қалыптасқан жағдайларға жедел ден қойсын;

су тасқыны кезеңінде елді мекендерді, жолдарды, электр беру және байланыс желілерін қорғау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;

арнайы және инженерлік техниканы, мотопомпаларды, инертті материалдар қорын тасқын қауіпті учаскелерге жақын шоғырландырсын;

елді мекендерді су басу қаупі туындаған, қауіпті аймақтардан эвакуациялау кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары жөнінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын.  

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:

еріген қар суы мен тасқын суының мол көлімен ағызуға көпірлерді, инженерлік және басқа жолдағы су ағызу құрылыстарын, арық-канал жүйелерін, өзендердің арналарын, гидротехникалық құрылыстарын және қорғаныш бөгендерін дайындауды жалғастыру сондай-ақ қалалар мен елді мекендерден қарды шығаруды аяқтау;

тасқын суы деңгейінің көтерілуіне байланысты 3 тәуліктен  астам мерзімге қарым-қатынассыз қалған елді мекендерге тамақ өнімдерін жеткізуді және баруды  қамтамсыз ету бойынша шараларды әзілеу.

3. Ішкі істер министрлігі сайлау учаскелері мен оларға баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, су тасқындарының теріс салдарының алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарды нақты ведомствоаралық және аумақтық үйлестіруді, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның бөлімшелерін құтқару, авариялық-қалпына келтіру және кезек күттірмейтін жұмыстарға уақтылы тартуды қамтамасыз етсін, күштер мен құралдарды ықтимал эвакуациялық іс-шараларға әзірлігін қамтамасыз етсін, қажет болған кезде бюллетеньдерді жеткізу топтары мен дауыс беруге арналған жәшікті жүзу құралдарымен жеткізуді қамтамасыз етсін.  

4. Ауыл шаруашылығы министрлігі Орталық, Солтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстан су қоймаларында жеткілікті сыйымдылықтар қорының болуын, су тасқынының басталуына олардан апатты ағызудан елді мекендерді су басуын болдырмау үшін қамтамасыз етсін.

5. Энергетика министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға ауа райының анық болжамдарын және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етсін.

6. Инвестициялар және даму министрлігі су тасқыны өтуі кезеңінде  республикалық автомобиль және темір жолдарының, көпірлердің, инженерлік және басқа коммуникациялардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.