КӨШКІН - ауырлық күшінің ықпалымен таулар мен жыралар, теңіздер, көлдер мен өзендердің тік жағалауларымен таужыныстар және топырақтардың төмен қарай қозғалып сырғуы.

Көшкіндік дене - беті тегіс емес көшкіндік масса.

Кешкіндік сатылар - көшкіндік массада пайда болатын сатылық алаңдар.

Көшкіннің беті - топырақтың төмен қарай сырғуынан пайда болатын үстіңгі

қабат.

Көшкіндер - үйінділер - таулы аудандарда дамиды және жергілікті мекеннің тік беткейлерінде пайда болады.

Кіріспе

Көшкіндердің пайда болуына мына негізгі себептер әсер етеді:

•        Беткейлердің  шайылуы,  оның толассыз жауын-шашындармен ылғалдануы.

•        Эрозия және жер қазу жұмыстарының есебінен беткейлер құламалығының ұлғаюы.

•        Жер сілкіністері.

Тау массасының ауырлылық күшінің есебінен беткейдің жоғарғы бөлігінің шамадан тыс ауырлауы.

•        Су қысымының шамадан тыс ұлғаюы.

•Тау материалдарының кемуі.

•        Адамның іс-әрекеті (қопару, бұзу, жару жұмыстары, жерлерді жырту, ағаштарды кесу, үлкен ғимараттарды салу, қазаншұңқырларды қазу және т.б.).

• Көлік қозғалысының әсерінен пайда болатын топырақтың тербелісі.

Орта Азиядағы көшкіндер көбінесе толассыз, мол жаңбырлар мен топырақтың эрозиясы салдарынан болып жатады. Көшкіндер үлкен аймақтарды алып жатады және беткейлермен төмен қарай сырғу нәтижесінде олардың қалыңдығы 5 - 20 м. болады.

Қазақстандағы көшкіндер

Қазақстанның ең халқы тығыз орналасқан қаласы болып Алматы қаласы есептелінеді. Алматы Тянь-Шанның баурайында, жоғары сейсмикалық зонада орналасқан. Төмендегі картада көрсетілгендей, Қазақстанның көшкін болу қаупі бар аудандары еліміздің таулы оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қазақстандағы Іле Алатауының солтүстік беткейлері күрделі геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық жағдайларымен ерекшелінеді. Барлық өзендердің алқаптарында, сонымен қатар альпі белдеуінде және морендердің орналасу жерлерінде борпылдақ сынық шөгінділері бар көшкіннің болу қаупі бар. Іле Алатауының төменгі бөлігінде болған әр түрлі көлемдегі қауіпті көшкіндердің көптеген мысалдары бар. 1997 жылдан 2003 жылға дейінгі аралықта тек Алматы облысында орташа көлемдегі, елге әлеуметтік және экономикалық нұқсан келтірген 25 көшкін тіркелген.

Ең апатты көшкіндердің бірі Іле Алатауындағы Алматы облысы Талғар ауданы Талдыбұлақ өзені су алабында болған. Көшкін 2004 жылдың 14 наурызында сағат таңғы 1:15 басталды. Бұл көшкін екі үш қабатты ғимаратты қиратып, оның салдарынан 28 адам қайтыс болды.

Көшкіндердің басталуының бірінші белгілері:

•        Ғимараттарда жарылу белгілерінің пайда болуы.

•        Жолдардың, жағадағы бекіністердің және жағалаулардың бұзылуы.

•        Жерлердің кеуіп кетуі.

•        Әр түрлі биік құрылымдық іргетастардың жылжуы.

•        Дүбірдің артуы.

Көшкін кезіндегі топырақтың көлемі ондаған және жүздеген мың куб. метрге дейін жете алады. Көшкіндердің жылжу жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауысып отырады. Көшкіндердің жылжу жылдамдығының ең жоғарғысы жер сілкінісі кезінде болады.

Топырақ массасының төмен қарай сырғуы тұрғын және өнеркәсіптік ғимараттарды, инженерлік және жол құрылыстарын, магистральді құбырлар мен электр желілерін қиратады, сонымен қатар адамдардың зақымданулары мен өлімдеріне әкеледі.

Алқаптар мен сайларды жауып, көшкіндер артында су жиналып қалатын табиғи бөгеттерге айналады. Олар бұзылған жағдайда сел болуы мүмкін.

Көшкіндермен күресу өте қиын, ал кей кезде тіпті мүмкін емес. Шын, көшкіндерді, оның ішінде ірі көшкіндерді тоқтатқан жағдайлар болған. Оларды тау бөктерлеріндегі тіреп тұратын үймелер арқылы және басқа да техникалық шараларды қолдана отырып тоқтатқан.

Уақытша шаралар сіздердің өмірлеріңіз бен мүліктеріңізді сақтай алмайды. Сондықтан, апаттан құтқарылудың бірден бір жолы - басқа қауіпсіз жерге көшу.

Алдын алу шаралары

•        Сіздердің аймақтарыңызда көшкіндердің болу жерлері мен оның шекараларын талқылаңыздар.

•        Жақындап келе жатқан көшкіннің белгілерін байқасаңыздар үлкендерге немесе ТЖ қызметіне хабарлаңыздар.

•        Жаңалықтарды тыңдап тұрыңыздар, өз іс-әрекеттеріңізді үлкендермен бірге келісіп істеңіздер.

Көшкін кезінде не істеу керек?

• Көшкіннің болу қаупі туралы дабылды ести салып, үйлеріңіздегі электр қуатын, газ және су құбырларын өшіріңіздер.

•        Тез арада көшуге дайындалыңыздар.

•        Көшкіннің жылжу жылдамдығына қарай іс-әрекеттер жасаңыздар.

Көшкіннің жылдамдығы аз болса (бір айда бірнеше метр), онда өз іс-әрекеттеріңізді үлкендермен талқылаңыздар (керекті заттарды қауіпсіз жерге апару және т.б.).

•        Көшкіннің жылжу жылдамдығы жоғары, тәулігіне 0,5-1,0 м, болса - онда қауіпсіз жерге тез арада көшіңіздер.

•        Көшу кезінде ата-аналарыңызға өздерімен бірге құжаттарды, бағалы заттарды, жылы киімдерді және азық-түлікті алуды ескертіңіздер.

Көшкіннен кейін не істеу керек?

•     Көшкіннен кейін мамандардан аман қалған ғимараттардағы қабырғалардың жағдайын, электр желісінің, су, газ құбырларының бұзылған жерін анықтап беруін сұраңыздар.

•        Егер сіздер зақымданбасаңызда, онда құтқарушылар мен үлкендерге басқаларды үйінділерден шығарып алуға және оларға көмек көрсетуге көмектесіңіздер.