2018 жылы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) орталық және жергілікті атқарушы органдардың «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасының
(бұдан әрі – Жол картасы) 302 іс-шарасын (барлығы 637 іс-шара) орындауына мониторингті жүзеге асырды, соның ішінде 198 іс-шараны ағымдағы жылы аяқтау және 2019-2020 жылдары аяқтау мерзімімен 104 іс-шараны іске асыру бойынша жұмысты бастау жоспарланған болатын.
2018 жылы аяқтау жоспарланған 198 іс-шара бойынша:
Ағымдағы жылы Жол картасының жағалауды нығайту, тереңдету және арнаны түзету жұмыстары, автожолдарда қорғау бөгендері мен су өткізгіш құбырларын орнату, су ағызу каналдарын қалпына келтіру, құрылыстарды күрделі жөндеу мен реконструкциялау, сондай-ақ басқа жұмыстар бойынша (Қарағанды – 41, Шығыс Қазақстан – 23, Түркістан – 17, Алматы – 12, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл сегізден, ИДМ – 7, Ақтөбе – 6, Қызылорда – 4, Қостанай – 2, Ақмола облысы, Астана және Алматы қалаларында бір-бірден) 153 іс-шарасын іске асыру аяқталды.
А.ж. 12 қаңтарына аяқталу сатысынада 12 іс-шаралар (Қарағанды – 7, Алматы – 1, Жамбыл – 2, Қостанай – 2), аяқталмаған 33 іс-шара, олар 2019 жылға ауыстырылады (Жамбыл – 10, Түркістан – 9, Қызылорда – 6, Алматы – 3, Қарағанды және Павлодар екіден, Ақтөбе – 1.)
Осылайша, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері ғана 2018 жылға жоспарланған барлық іс-шараларды уақтылы орындады.
Ағымдағы жылы Жол картасының іс-шараларын іске асырудың 1-жартыжылдықтың қорытынды есебі бойынша әкімдіктерге тиісті іс-шараларды орындау мерзімдерінің бұзылу қаупі туралы хабарланған болатын.
2019-2020 жылдары аяқтау мерзімімен 104 іс-шараны іске асыру бойынша 11 іс-шара аяқталды (Қарағанды – 7, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында 2-ден).
4 іс-шара бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды (Маңғыстау – 2, Атырау мен Қостанай облыстарында 1-ден).
7 іс-шара бойынша жобалар мемсараптамадан өтті (Батыс Қазақстан – 4, Ақтөбе – 2, Қызылорда – 1).
33 іс-шара жобаларға мемсараптамаларды алу сатысында (Түркістан – 17, Ақтөбе – 8, Жамбыл – 5, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 1-ден) және 6 іс-шара бойынша ЖСҚ әзірленуде (Астана қаласы – 3, Батыс Қазақстан – 2, Атырау – 1).
41 іс-шара бойынша ЖСҚ әзірлеуге және құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізуге бюджеттік өтінімдер облыстардың қаржы басқармаларына 2019-2020 жылдарға республикалық бюджетті нақтылау кезінде қарау үшін жолданды (Ақтөбе – 20, Қызылорда – 9, Қарағанды – 5, Батыс Қазақстан – 4, Қостанай – 2, Атырау – 1).
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті бұдан әрі дамыту және жаңғырту мақсатында Энергетика министрлігі бір іс-шараны іске асыруды жалғастыруда.
Мәселен, метеорологиялық барометр (1 бірлік) сатып алынды, қазіргі уақытта доплерлік метеорадиолокаторлар (2 бірлік), жылжымалы зертхана (1 бірлік), актинометриялық станциялар (12 бірлік), соның ішінде 1 станция орнатылды және газ талдауыштарын (22 бірлік) сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде 12 газ талдауышы жеткізілді.
Сонымен қатар, 3 объектіге күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ 2019 жылы жаңа гидробекеттерді ашу жоспарлануда.
Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігі Қарағанды облысының Қарасор көлін айналып Көкпекті-Қарағайлы айналма теміржол желісін салуға ЖСҚ әзірлеу бойынша бір іс-шараны жүзеге асыруда.