Республика аумағында 721 мұздық және құлама көлі, елді мекендерге, коммуникациялар мен ауыл шаруашылыққа (әрекет ету аумағына 9 мыңнан аса объектілер мен 91 мың адам кіреді) тікелей қауіп төндіретін сел ағындарының қалыптасуының қауіпті 617 учаскелері, сонымен қатар 306 сырғыма қауіпті учаскелер бар.
Ағымдағы жылы мұздықтардың еру жоғарылығы 3 мыңнан 5 мыңға дейін метр шамасында болды, ол деген бүкіл қауіпті кезеңінде мұздық көлдерге ағынды көбейтті, олар негізінен Алматы облысында байқалды. Басқа аймақтарда бүкіл кезеңде жағдай тұрақты болды.
Сел қауіпті кезеңде гидрометеорологиялық жағдайды бақылау және өзендерге мониторинг жасау үшін тәулік бойы мониторинг жыл бойы жұмыс істейтін 60 бақылау бекеттерімен қамтамасыз етілді.
Бұдан басқа, 20 маусымдық және 8 қосымша бекеттер ашылды.
Ағымдағы жылы сел қауіпті кезең басталғаннан бастап «Қазселденқорғау» ММ және оның филиалдарымен сел және сырғыма қауіпті учаскелеріне 1205 жер және 15 аэровизуалды тексерулер жүргізілді, соның ішінде мұздық көлдерге де.
Анықтамалық: Тексерулерге әкімдіктердің, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының ТЖД, «Институт географии» ЖШС, «Алматы гидрогеология» ЖШС және басқа мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, жоғары тұрған бекеттер мен көлдерге бақылаушыларды, жабдықтарды, азық-түлікті және ЖЖМ жеткізу үшін қосымша 20 ұшу жүргізілді.
16 бұзылу қаупі бар мұздық көлдерде алдын алу іс-шаралар кешені жүргізілді.
Сөйтіп, Қарғалы өзені бассейніндегі № 3 және Есік өзені бассейніндегі № 23 мұздық көлдер толық ағызылды.
Қалған 14 көлдерінде Ақсай, Үлкен, Кіші Алматы, Ақсай, Проходная, Қаскелен, Түрген, Талғар, Есік, Сарқан и Қорғас өзендері бассейіндерінде көлдердегі су деңгейі тазалау және тереңдетуді жүргізу жолымен күнделікті табиғи су лақтыру каналдары арқылы төмендетілді.
Бұнымен қатар, суды жіберу сифон құбырлары (диаметрі 315 мм, 200 мм) бойынша және өндірулігі жоғары (400 м3/сағ.) 5 сорғыштар арқылы жүргізілді.
Нәтижесінде сел қауіпті кезең басталғаннан бері көлдердегі судың деңгейі қауіпсіз белгіге дейін (2-ден 5-ке дейін метр) төмендетілді.
Барлығы бақылаудағы суды жіберу 8,4 млн. кубометрден аса су жіберілді.
Бұдан басқа, бақша қоғамдарының төрағаларымен, сонымен қатар тұрғындармен «Қазселденқорғау» ММ мен оның филиалдары сырғыма құбылыстарын алдын алу бойынша 21 кездесулер өткізді, 2000 дана жадынамалар таратылды, 320 хабарламалар берілді.
Жалпы қабылданған шаралар қауіпті сел мен сырғыма құбылыстарын болдырмауға мүмкіндік берді.
Сөйтіп, 2018 жылы Алматы облысы мен Алматы қаласында 5 сел және 14 сырғыма құбылыстары тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны азайды (2017 жылы 9 сел құбылысы мен 42 сырғыма тіркелді).
Ірі сырғыманың бірі ағымдағы жылдың сәуірінде Алматы облысы Райымбек ауданының Саты ауылында жер сілкінісі әсерімен көп мөлшерде түскен ылғалдың нәтижесінде сырғыма белсеңдеді, оның көлемі 40-42 млн. м3 жерді құрады.
Сел мен сырғыма нәтижесінде құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
2018 жылдың қыркүйегінде барлық маусымдық және қосымша бекеттерді Іле және Жетісу Алатауы мұздық көлдерінен алу бойынша жұмыс жүргізілді.