Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін еліміздің 7 облысында (Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары) 55 тұрғын үйді, 190 мектептің, 229 денсаулық сақтау нысанының, 72 мектепке дейінгі мекеменің және 20 қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттардың сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары жүргізілді. 2010 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде сейсмотұрақтылығы күшейтілген тұрғын үйлердің көбісі Түркістан облысында (29) орналасқан. Ең көп мектептер, денсаулық сақтау нысандары және мектепке дейінгі мекемелер – Алматы қаласында (67, 30 және 18). Ең көп сейсмотұрақтылығы күшейтілген қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттар - Шығыс Қазақстан облысында (10).
Бұл ретте, 1862 тұрғын үй, 312 мектеп, 474 денсаулық сақтау нысаны, 71 мектепке дейінгі мекеме және 314 қоғамдық және өндірістік ғимараттың сейсмотұрақтылығын күшейту қажет. Сейсмотұрақтылығын күшейтуді қажет ететін тұрғын үйлердің ең көп саны Қызылорда облысында (1119), ең көп мектептер мен денсаулық сақтау нысандары Шығыс Қазақстан облысында (246 және 195) орналасқан.
Бұл ретте, аталған ақпарат өте жақын, себебі ғимараттарды толық паспорттау Алматы қаласында ғана жүзеге асырылды.
Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда халыққа көмек көрсету тиімділігін арттыру, АҚМЖ жүйесінің және халықтың заманауи іс-қимылдарын пысықтау мақсатында тоқсан сайын көрсетілетін сейсможаттығулар өткізіледі, осылайша 2018 жылғы 12 айда Қазақстан Республикасында 14 984 сейсможаттығу болды (14 745 сейсможаттығу жоспарланған).
Сейсможаттығулардың ең көбі Түркістан облысында жүргізілді - 7338, ең азы Маңғыстау облысында - 28.
Мысалы, Алматы қаласында 3732 сейсмикалық жаттығу жүргізілді. 2018 жылғы13-23 сәуірде қаланың 8 ауданында «Жер сілкінісі кезіндегі басшылар мен қызметкерлердің іс-қимылы, оқушыларды ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау» тақырыбы бойынша көрсетілетін сейсмикалық жаттығулар өткізілді, сондай-ақ қала аумағында ағымдағы жылғы 24 мамырда Бостандық ауданында жойқын жер сілкінісі туындаған кезде халықты эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулар өтті.
Алматы облысында 228 сейсмикалық жаттығу өткізілді. Бұл ретте, сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша тактикалық-арнайы жаттығулар өткізілген жоқ.
Шығыс Қазақстан облысында 1749 сейсмикалық жаттығу жүргізілді. Бұдан басқа, 2018 жылғы 1 наурыздан 27 сәуірге дейін 19 қалалық және аудандық демонстрациялық тактикалық- арнайы жаттығулар өткізілді, оған жеке құрамнан 471 адам және 103 техника бірлігі қатысты.
Жамбыл облысында 1765 сейсмикалық жаттығу өткізілді. Ағымдағы жылдың 12 айында облыста 3 командалық-штабтық жаттығу өткізілді.
Сондай-ақ, облыстық ТЖД «Қызыл Жарты ай» АҚ Жамбыл филиалымен бірлесіп айлық аясында (ағымдағы жылғы 1-28 тамыз аралығында) облыстың 35 денсаулық сақтау мекемесінде «Жер сілкінісі кезіндегі мекеме ұжымының мінез-құлық ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары бойынша қорытынды нәтижесі №7 қалалық емхана базасында медициналық мекемелердің басшыларын шақырумен, нысандық сипаттағы сейсмикалық жаттығулар жүргізу болды.
Қызылорда облысында ағымдағы жылғы 12 айда 144 сейсмикалық жаттығу өткізілді, бұл ретте облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, азаматтық қорғаныс құрылымдарымен бірлесіп 61 командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді.
Түркістан облысында және Шымкент қаласында 7338 сейсмикалық жаттығу өтті.
Қазығұрт, Бәйдібек, Созақ, Шардара аудандарында кешенді жаттығулар жүргізілді, жер сілкінісі туындаған кездегі азаматтық қорғау бөлімшелерінің, тұрғындар мен басқару органдарының іс-қимылдары пысықталды. Сондай-ақ, 69 штабтық оқу-жаттығулар өткізілді.
Сонымен қатар, ай сайын халықты құлақтандыру құралдары іс жүзінде тексеріледі, жедел құлақтандыру жүйесі жергілікті телеарналар арқылы қосылады.