Принтерге шығару
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.
040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Уәлиханов көшесі 179, анықтама телефондары: 8 (72 82) 22-18-51, факс 8 (72 82) 22-15-67, БСН: 920 940 000 300., электрондық пошта: ok This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Жалпы конкурс үшін - жалпы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтіне заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар жарамды сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтіне уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өту туралы жарамды қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Конкурстың өтетін мекенжайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Уәлиханов көшесі 179.
1. Штаб (бөлімше құқығында) бас маманы (С-О-5 санаты) 1-бірлік,
Лауазымдық айлық ақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық айлық ақысы 83 228 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: Департаментте стратегиялық жоспарлауды қалыптастыру және іске асыру. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу жолымен аумақтық бөлімшелер мен бөлімдердің ведомстволық бағынысты мекемелерінің іс-шаралары мен жоспарларын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі отырыстарының, Алқа қаулылары мен құқықтық актілерінің құжаттары талаптарын орындау мәселелерін ұйымдастыру, бақылауды ұйымдастыру және іске асыру. Құрылымдық бөлімшелердің және аумақтық бөлімшелердің ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметін дамыту, талдау және жинақтау бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.
Құрылымдық бөлімшелердің және аумақтық бөлімшелердің ведомстволық бағынысты мекемелерінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Алқа қаулыларын, Төтенше жағдайлар департаменті бастығы жанындағы Кеңес шешімдерін уақтылы және сапалы орындауына бақылауды жүзеге асыру. Басшылықтың нұсқауы бойынша қызметтік тексерулер жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология саласындағы жоғары білім,.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;
Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі мына талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі кемінде бір жарым жыл, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі кемінде бір жыл;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жарым жыл, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі кемінде бір жыл;
3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі кемінде бір жарым жыл;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында кемінде екі жыл;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде үш жыл;*
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.*
2. Қарасай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты) 1-бірлік.
Лауазымдық айлық ақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық айлық ақысы 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: бөлімнің құжаттарымен жұмыс атқару, материалдарды талдау және қортындылау; аумақтық азаматтық қорғау құралымдарын есепке алуды жүргізу, олардың мақсаты бойынша іс-қимылдарға әзірлікте ұстау дайындау; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі кем бір жыл немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес үйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде немесе «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.